Дағдарыс жылатқан бала

    Дағдарыс  жылатқан бала

    “Керек.info” газетінің редакцияcына киімі жұпынылау жас әйел жасқаншақтай енді. Қолында парақтары жыртыла бастаған өлең дәптері бар. Айтуынша, Ақтөбе мектептерінің бірінде 3 сыныпта оқитын ұлы жазған өлеңдер жас әйелдің жанын ауыртқан. Дәптерді парақтап көрдік... Расында да жоқ-жітік отбасының бар бейнеті жұп- жұқа дәптерге сыйып тұр екен...

    Шалғай аудандардың бірі Ойылдан Ақтөбеге көшіп келген Талмурзиндер отбасының өзге жұрттан еш айырмашылығы жоқ. Үймелі-сүймелі үш бала, мамандығы жоқ ерлі-зайыптылар мен жалдамалы пәтер...
    Үй иесінің әйелі Меңтай Талмурзинаның сөзіне қарағанда, отбасы табысының 70 пайызы жалдамалы пәтерге жұмсалады. Қаржылық дағдарыстың желеуі – пәтерақы да 15 000 теңгеден бірден 25 000 теңгеге дейін көтеріліп кеткен. Одан бөлек коммуналдық қызмет ақысы да бар. “Азық-түлік те күн сайын қымбаттап барады” деп мұңайды жас әйел.

    Меңтайдың тоғыз жастағы ұлы Әбунасыр ата-анасының қиналғанын күн сайын көзімен көріп жүр. Бірақ қолынан келер дәрмен болмағасын ішкі әлемін ақ қағазға түсіре берген. Осындай тырнақалды туындыларының бірі “Біз кедейміз...” деп аталады.

    Біз кедейміз. Несіне жасырамын?
    Көрдім әкем жүк арба тасығанын.
    Көрдім анам бүкшеңдеп еден жуып,
    Пәтер иесі алдында жасығанын...

    Біз кедейміз. Жүрегімде бар мұңым,
    Осылайша өтіп жатыр әр күнім.
    Әке шешем жалдамалы пәтерде
    Уайымдайды үш баланың тағдырын.

    Біз кедейміз. Жат босаға мекендеп
    Ұмтыламын бір шаттыққа жетем деп.
    Анам үшін өзім еден жуар ем,
    Армандаймын тез ержетсем екен деп.

    - Ақындарға еліктеп жүрген шығар деп алғашында аса мән бермейтін едім. Бірер күндікте мына дәптерді басынан аяғына дейін оқып шығып, жаным шырқырап қоя берді. Мына дәптердегі өлеңдерінің көпшілігін балам “Шағала” шипажайында алты ай жатқан кезінде жазған,-дейді анасы.

    Ақтөбеге алғаш қоныс аударған кездері шиеттей үш баласы бар отбасын ешкім пәтерге алмай қояды. Тойып ас ішпей, ағзасы әлсіреп жүрген Әбунасыр мен оның қарындасын ерлі-зайыптылар “Шағала” шипажайына жіберуге мәжбүр болған. Балалар туберкулезге қарсы шипажайда жарты жылдай тұрақтады. Онда Әбунасыр өте белсенді оқушылардың бірі болған. Сабаққа қазір де қабілеті жақсы.

    -Үш балам бар. Балаларымның үлкені болғасын, осылай ерте есейді ме, кім білсін? Мен жағдайымның қиындығын айтып, жұртқа алақан жаяйын деген ойдан аулақпын. Еден жусам да, күйеуім арба сүйресе де өз күнімізді өзіміз көріп жүрміз. Тек балаларымды жылатқан дағдарыс тезірек аяқталса екен,-дейді жас дарынның анасы.

    Қазір қала бойынша жоқ-жітік отбасынан шыққан оқушылар саны 5190-ға жетті. Өкінішке орай, тұрақты баспанасы жоқ, тұрмысы нашар отбасы балалары үшін Ақтөбеде арнайы интернат жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жаңа имам: Қаржылық дағдарыс – діни ахуалмен салыстырғанда ойыншық
  • Зорлық көрген баланың отбасы қоныс аударғысы келеді
  • Ақтөбеде бес жастағы қыз бала зорланды
  • Пәтер бөлудің “байғанинше” тәсілі түсінбеушілік туғызды
  • Өгей әкесі өлімші етті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге