28 ақтөбеліктің ағзасынан доңыз тұмауының вирусы табылды

    Соңғы үш айда тұмауратқан 28 ақтөбеліктің ағзасынан H1N1 вирусы табылған. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне Ақтөбе облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Күлара Омарова хабарлады.

    -Жұртшылыққа “доңыз тұмауы” деген атпен белгілі H1N109 вирусы Ақтөбе облысында да тіркелді. Яғни, тұмауратқан 28 ақтөбеліктің ағзасында осы вирус бар болып шыққан. Оның үстіне биыл Ақтөбеде жылдағымен салыстырғанда тұмауратушылар саны 11 адамға көп.

    - 2015 жылдың 1 қарашасында басталған эпидемиологиялық маусымда 28 науқасты тіркеуге алдық. Олардың барлығынан доңыз тұмауының вирусы табылды. Бірақ олар дер кезінде дәрігерлердің көмегіне жүгінгендіктен, ажалдан аман,-дейді Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Күлара Омарова.
    Мамандар биылғы тұмаудың өте қауіпті екенін ескертеді. Науқас дер кезінде дәрігерге қаралмаса, өліп кетуі ықтимал.

    - Былтыр қарашада басталған тұмау қаупі сәуірге дейін сейілмейді. Осы маусымда А және В типті (H1N1 және H3N2) тұмау вирусы белең алып тұр. Бұл вирус-тарды қарапайым халық “доңыз тұмауы” деп те атайды. Жалпы жұртқа түсінікті етіп айтар болсақ, “доңыз тұмауы” А/H1N1-09 штаммдары арқылы жазылады. Бұл вирустың клиникасы өте күрделі. Жұқтырған адамның өкпе тінін тез зақымдап, пневмания түріндегі ауыр асқынуларға алып келеді. Және басқа вирустарға қарағанда, ауыр өтеді,- деді Күлара Омарова.
    Санитар маманның айтуынша, доңыз тұмауының вирусы әр адамға әртүрлі әсер етеді. Бұл вирус ағза сәл әлсіресе немесе қорғаныш қабілеті нашарласа, асқынып шыға келеді.

    Ақтөбе облысы бойынша 2015-2016 жылғы эпидемиологиялық маусымның алдында тұмауға қарсы 74 252 адам егілген. Вакцинация сатып алуға бюджеттен 29 355 723 теңге бөлініпті. Санитар мамандар екпе салдыртпаған тұрғындарға тұмауратқан жағдайда дәрігер көмегіне жүгінуі керектігін ескертеді. Кез-келген дәріні ішіп, өзін-өзі емдеу – өміріңізге қауіпті!
    Жуырда РФ Санкт-Петербург қаласының бес тұрғыны доңыз тұмауынан қайтыс болды. Осыған дейін Украина денсаулық сақтау министрлігі доңыз тұмауынан 51 адам қайтыс болғанын хабарлаған еді. Ал 18 қаңтар күні Армения билігі қауіпті вирус-тан 16 адам қайтыс болғанын жария етті.
    Осы аптада бір отандасымыз доңыз түмауынан қайтыс болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жедел ішек ауруы көбейіп кеткен
  • Қарашада тұмау өрши түседі
  • ҚЫЗЫЛША - ӨТЕ ҚАУІПТІ АУРУ
  • Ақтөбеде елу шақты баланы кене шаққан
  • Эпидемиолог: ВИЧ инфекциясы жеміс-жидек арқылы таралмайды!
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге