Ақтөбенің “бас құдағиы”: Бәрі жақсы болады!

    Ақтөбедегі Аналар үйінің директоры Таңсұлу Лакова осыдан жарты жыл бұрын Ұлттық арнаның “Айтуға оңай” ток шоуына қатысқан болатын. Оң жақта отырып жүкті болған қыздардың тағдыры туралы айтқан басшы ток шоудан соң үш мәрте “құдағи” болды. Тағы бір қыздың тағдыры жақында шешілуі мүмкін.

    Бұл – соңғы екі жылда елуден астам балалы әйелге пана болған жер. Қазір мұнда емшек жасындағы сәбиі бар 17 ана тұрып жатыр. Таңсұлу Зағитқызына Аналар үйіндегі әрбір әйелдің тағдыры таныс. Әрқайсысы үшін жаны ауырады. Тіпті оның аяғы ауыр қыздарды зар жылатып тастап кеткен жігіттерге де жаны ашиды.
    -17 жастағы қызымыз күні кеше ғана ер бала босанды. Өзі Алға балалар үйінде өскен. Сөз байласқан жігіті отбасылы адам болып шығыпты. Қыздың жүкті болып қалғанын естіген соң телефон нөмірін ауыс-тырып, мүлдем хабарсыз қалыпты. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің өмірін бүлдіргені үшін сотқа беруге де құқығымыз бар еді. Алайда, тағы бір отбасының шырқын алып, тағы бір тағдырды бұзамыз ғой деп қудалаған жоқпыз. Мүмкін, қыздың да кінәсі бар шығар. Бір жақсысы, қызымыз баласын далаға тастамайтынын айтып отыр,-дейді Аналар үйінің директоры Таңсұлу Лакова.

    “Керек.info” тілшісіне әр әйелдің тағдыры мен көрген қиындығын баяндап отырған Таңсұлудың телефоны шыр ете түсті. Тұтқаның арғы жағындағы адаммен тілдескен директор “жақсы, кейін хабарласайық” деп қысқаша қайырды. Айтуынша, қала тұрғыны үйі-күйі бар, жалғызілікті ағасына жар іздеп жүр. Баласы бар әйелден де бас тартпайды. Өйткені, отыздан асқан шағында мүгедек боп қалған ағасының тағдырдан “таяқ жемеген” қызбен бас қосуы екіталай нәрсе.
    Осы тұста ойымызға “Жалғызбастыларға жатақхана беріледі” деген советтік фильм орала кетті. Жұмысшылар жатақханасындағы құрбыларына күйеу іздейтін Вера Голубева есіңізде болар? Ешкімнен ештеңе дәметпестен, ешқандай ресми рәсімдерсіз-ақ құрбыларының отбасы құруына қолұшын беруші еді ғой. Таңсұлудың да тірлігі соған келіңкірейді. Аналар үйінің директоры Таңсұлу Лакова осыдан жарты жыл бұрын Ұлттық арнаның “Айтуға оңай” ток шоуына қатысқан болатын. Оң жақта отырып жүкті болған қыздардың тағдыры туралы айтқан басшы ток шоудан соң үш мәрте “құдағи” болды.

    -Ток шоу кезінде көрерменге адамдардың бәрі қателесетінін, аяғын шалыс басқанның бәрі жаман болмайтынын жеткізуге тырыстым. Шындығында да солай. Жастықпен жаза басты екен деп адамнан теріс айналуға бола ма? Болмайды! Арада жарты жыл өтті. Сол бағдарламадан соң маған Қазақстанның түпкір-түпкірінен хабарласып, үш қызымыз өмірден өз орындарын тапты. Бір қызымызды Ақтауға, екіншісін Шуға ұзаттық. Қыздарымыз әлі күнге дейін хабарласып тұрады,-дейді Ақтөбенің “бас құдағиы”.
    Осылайша туған әкелері қажет етпеген бүлдіршіндер қазір өзге шаңырақтарды шаттыққа бөлеуде. Ал үлкен шаңырақ астында бір үйдің балаларындай болып күн кешіп жатқан бүлдіршіндер еш алаңсыз асыр салып жүр. Әнел мен Әсел есімді егіз қыздар да аналарымен бірге осында. Егіздердің анасы 29 жастағы Баян да отбасылы жігіттен алданып қалған.

    - Бір жарым жыл жүрген жігітімнің отбасылы екенін білгенде, биіктен құлап өлгім келді. Тіпті қоштасу хатын жазып қойғанмын. Бірақ өзімді де, құрсағымдағы баламды да өлтіре алмадым. Құрбыларым “түсік жасат” деп ақыл қосты. Бейкүнә сәбилерді өлтіруге дәтім барған жоқ. Қыздарымды қолыма алғаннан кейін көрген қиындықтарымның бәрін ұмыттым. Қазір өмірімді оларсыз елестете алмаймын,-дейді Баян.
    Таңсұлу Зағитқызының айтуынша, Аналар үйінде түрлі тағдыр бар. Емшек жасындағы баласымен жалғыз қалған әйелдердің басым көпшілігі тұрмысы нашар шаңырақтан шыққан. Жастайынан ата-ана қамқорлығынсыз өскендері де бар. Бірақ тағдырдан қайта-қайта “таяқ жесе” де олар жақсылықтан үміттерін еш үзген емес. Бәрі жақсы болатынына Таңсұлу Зағитқызының да еш күмәні жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жүкті әйелді зорлаған таксистің соты басталды
  • “Құстың киесі ұрған” жігіттің түрмедегі тағдыры
  • Ақтөбеде жүкті әйелге бір мезетте екі бірдей ота жасалды
  • Зорлық көрген баланың отбасы қоныс аударғысы келеді
  • Күн сайын 20 шақты әйел зәбір көреді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге