Мұғалжар ауданы әкімінің үйі жарықсыз қалды

    Бердібек Сапарбаев өз қызметін адал орындамаған әкімдерді аяған жоқ. Тіпті 11 жыл бойы өңірді басқарып отырған аудан әкімін жарықсыз қалдыруға бұйрық берді.

    Ақтөбе облысының әкімін тыңдау үшін Қандыағаш қаласының бүкіл тұрғыны жетіп келді. Жиналыс өткен мәдениет үйінде ине шаншар жер болған жоқ. Залда орындық жетпей, жартысы үш сағат бойы облыс әкімінің сөгісін тыңдады.
    Алдымен нанның бағасы жайында сөз қозғалды. Шынайы бағасы 65-70 теңге емес, 75-80 теңге екені анықталды.
    - 11 жылда талай жұмыс істеп тастауға болады ғой. Манадан бері “енді жасаймыз” дей бересің,-деп Бердібек Сапарбаев сөгісті тоқтатпады.
    Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты, облыс әкімі мұнайдан бөлек қаржы көздерінің дамуы жайында сауал қойды. Анықталғандай, аудандағы шағын және орта бизнес саласы құрдымға кетіп бара жатыр.

    - Бұрын осы салада 4000 адам жұмыс істесе, 2015 жылдың аяғында 3360-қа дейін кеміген. Мұғалжар ауданы шығарған өнім бойынша облыста ең соңғы орында тұр. Мұғалжар ауданында жұмыссыздардың саны осының салдарынан көбейген,-деді облыс әкімі.
    Ауданнан “Бизнес жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша бір де бір ұсыныс түспеген. Көшелердің жағдайы да мәз емес. Аудан орталығы – Қандыағаштағы 32 көшенің 11 ғана асфальтталған.
    - 11 жылда 11 көшеге жол төселді. Әр жылда бір көшеден. Сонда қалған көшелерді жөндеу үшін 30 жыл керек пе?-деп Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтовқа сұрақ қойылды.
    Бұған аудан әкімі жауап бере алмады. Бұдан бөлек 32 көшеден тек 24 көшенің жарығы бар. Ауданға қарасты Қайыңды ауылының тұрғындары қыстыгүні жарықсыз отыр екен.
    - “Энергосистема” қараусыз қалған 35 шақырым электр желісін меншікке берсе, жарықпен қамтамасыз етемін деп отыр. Соны ұйымдастыру қолдарыңнан келе ме? Қыстыгүні сізге жарықты өшіріп тастаса, қалай болады екен?! Энергосистема, сендерге бұйрық: аудан әкімі мен орынбасарын бүгіннен бастап жарықсыз қалдырыңдар!-деді Сапарбаев.
    Осылайша, Қайыңды ауылының тұрғындары мен қоса Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтовтың үйінің жарығы ажыратылды.
    4,5 миллион тонна мұнай,
    4 миллиард 600 миллион куб метр газ өндірілетін ауданда бір де бір әлеуметтік нысан салынбаған. Облыс бойынша салықтың аз түсімі нақ Мұғалжардан.

    - Мұғалжар ауданында қылмыс көрсеткіші 12,9 пайызға өскен. Кешке баратын жері жоқ, демалыс күндері ойнайтын жері жоқ. Содан кейін тәртіп бұзылады. Қылмыс жасайды, өз-өзіне қол жұмсайды. Жұмысыңның нәтижесі жоқ,-деп Бердібек Сапарбаев Қандыағаш қаласының әкімін сынады.
    Мұғалжарда жер ала алмай жүрген 4 мыңнан астам адам бар екен. Аудан әкіміне жолданған хатта бір тұрғын осы мәселеге қатысты сұрақ қояды. Ол 10 жыл бойы үй салу үшін кезегін сарғайып күтіп жүр.
    - Қазіргі таңда Қазақстан бойынша жер алу кезегінен Ақтөбе облысы бірінші орында тұр.
    130 мың шамасында арыз бар. Мұндай жағдай тек Мұғалжарда емес, бұл бүкіл аудандарда бар, өйткені бұнымен ешкім айналысқысы келмейді,-деді облыс әкімі.
    Оның айтуынша, аудан, ауыл әкімдерінің керемет сылтауы бар – қаржының бөлінбеуі. Мұндайда әкім қаржының көздерін қайткенде табу керектігі туралы айтты.
    Бердібек Сапарбаев Мұғалжар ауданының есебін тыңдамас бұрын, алдымен Қандыағаштың көшелерін аралаған. Сонда ол көше бойында орналасқан көп қабатты үйлердің астыңғы қабаттарында дүкендер, шаштараз бен дәріханалардың қаптап тұрғанын байқаған. Жеке кәсіпкерліктен түскен салықтың қайда кеткенін сұрады.

    Ақтөбе облысының әкімі аудандағы білім-тәрбие сапасына алаңдаушылығын айтты. Оның айтуынша, ауданда жастардың баратын жері болмаған соң, олар интернетке кіріп, жат нәрселерді үйренеді. Сөйтіп, өз достарына да жат қылықтар үйретеді.
    Облыстағы бүкіл аудан әкімдерінің ортақ қателіктері бар: олар есепті салыстырмай, сараптама жүргізеді. Соның салдарынан облыс әкім сұрақ қойғанда көрсеткіштің не кемігенін, не артқанын білмейді.
    Бердібек Машбекұлы аудандағы газбен қамту мәселесі жақын арада шешіледі деп уәде берді. Өйткені облыс әкімшілігімен бірге “ҚазТрансГазАймақ” АҚ компаниясы
    18 миллиард теңге тұратын келісімшартқа отырған. Алайда газ құбырынан алыс жатқан елді мекендерге көгілдір отын кіргізілмейді,-деді әкім.
    – Облыс әкімдігі Азия даму банкімен кездесіп, несие алу туралы келіссөздер жүргізді. Сол несие ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалады,-деп Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Темір ауданында қылмыс көбейген
  • Бердібек Сапарбаев: Бұл – түгі жоқ Ырғыз, Шалқар емес, бұл – Хромтау!
  • Студенттерге облыс әкімі гранты берілетін болды
  • Бердібек Сапарбаев: Газ өндірісін ұлғайту керек
  • Бердібек Сапарбаев төртінші орында
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге