“Шалқарда бәрі чики-чики” емес

    “Шалқарда бәрі чики-чики” емес

    Облыс орталығынан 360 шақырым жерде Шалқар деген шаһар бар. Ақтөбе облысындағы ең шалғай аудандардың бірі. Бір жақсысы, Шалқар теміржолдың бойында. Бірақ аудандағы автокөлік жолдарының жайы өте қиын. Жұмыссыздық мәселесі де күн тәртібінен түспей тұр. Аудан әкімі Ербол Данағұлов бұл мәселені шешуге тұрғындардың өздері құлықсыз екенін айтып отыр. 2 ақпан күні Шалқар ауданының әкімі Ербол Данағұлов жергілікті тұрғындардың алдында есеп берді. Есеп беру жиынына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты.

    Дөрекі дәрігерлер мен шетінеген сәбилер туралы
    Бұл Бердібек Сапарбаевтың Шалқар ауданына екінші рет келуі. Осыған дейінгі сапары мен сол кездесу барысында Бердібек Сапарбаевтың аудан әкімі Ербол Данағұловқа айтқан ескертулерін жергілікті жұрт әлі “жыр” қылып жүр.
    Осы жолы аудан басшыларының Бердібек Сапарбаевпен кездесуге тыңғылықты даярланғаны аңғарылып тұрды. Кездесу басталардан бір сағат бұрын аудандық мәдениет үйінде ине шаншар жер болған жоқ. Мекеме басшылары мен қызметкерлері отырған залға сыймай қалған қарапайым халық кіреберісте шу шығарып та жатты. Облыс басшысымен тілдесіп қалу үшін ешқандай кедергіге қарамастан залға қарай жұлқына өткендер де болды. Жалпы, шалқарлықтар еттерінің тірілігімен ерекшеленеді. Мұны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та атап өтті.
    –Қандай да бір қызметке тағайындамақ оймен резюме сұратсам, әрбір бесінші адам шалқарлық болып шығады. Алматыда немесе Астанада “қай жақтансың?” десең , “шалқарлықпын” деп жауап береді. “Ақтөбелікпін” демейді. “Шалқарданмын” дейді. Бұл - қасиетті жер. Есімі әлемге әйгілі Серік Ақшолақов та осы топырақтан. Меніңше, Жақсылық Досқалиев те осы жерден болуы керек,-деп сұрады Бердібек Сапарбаев аудан әкіміне қарата сөйлеген сөзінде.

    Ербол Данағұлов үндемей қалған жоқ. Атақты хирургтің Алға ауданында өсіп-өнгенімен, түпкі тегі Шалқардың Бершүгір ауылынан екенін мақтанышпен айтты. Бірақ аудан әкімінің есеп беру жиынында Ақшолақов пен Досқалиевтің Шалқардағы әріптестері мақталған жоқ. Ербол Данағұлов медицина саласындағы жетістіктер туралы айтып жатқан сәтте шыдамай орнынан ұшып тұрған Тілеген есімді қария 38 жастағы қызы Кәмшаттың дәрігерлердің салғырттығынан қаза болғанын, үш жиенінің жетім қалғанын айтты. Ақсақал әкімдік қызметкерлерінің қақпайлағанына қарамай, үйінен дайындап әкелген шағымын төрде отырған Бердібек Сапарбаевқа апарып берді. Кейін сөз кезегі тиген сәтте марқұм Кәмшат Әубәкірованың анасы да ашына сөйледі.
    -Құрсағында алты айлық сәбиі бар қызым 16 желтоқсан күні қатты науқастанып, ауруханаға барған. Дәрігерлер мерекені сылтауратып, қызымды үйіне қайтарып жібереді. Ертеңіне де осы жағдай қайталанады. Аяғы ауыр әйелдің шағымына тірі жан баласы құлақ аспай қойған. Біраз әуре-сарсаңға түсіп, мерекеден соң ауруханаға жатқыздық. Онда да ешкім қарамай қойды. Әбден әлсіреген қызым аурухана төсегінде қайтты. Кәмшаттың қол-аяғы жансызданып, ес-түссіз жатқанын ауруханаға тамақ апарған үлкен қызым көреді. Қараусыз қалған палатаға дәрігерлерді сол шақырған. Аяқ астынан азан-қазан болып, зар еңіреп тұрғанымызда дәрігерлер бір құжатқа қол қойдырып әкетті. Сөйтсек, ол “мәйітке медициналық сараптама жасатудан бас тартамыз” деген құжат екен. Оны кейін білдік. Біз ес жиып, шағына бастадық. Олар әруақты мазалап, көрден қазып алып, экспертиза жасамақшы. Оған келісім бермей отырмыз. Бірақ шиеттей баланы жетім еткен адамдардың жазаланғанын қалаймыз,-деді марқұмның анасы Бибіш Әубәкірова.
    Қазір Кәмшат Әубәкірованың өлімімен жергілікті прокуратура айналысып жатыр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл істі жеке бақылауына алатынын айтты.
    Шалқарда сәби өлімі өте көп. Аудан әкімі Ербол Данағұловтың айтуынша, 2014 жылы 10 сәби шетінеген болса, былтыр 16 бала өліп кеткен. Бұл облыс көрсеткішінен анағұрлым жоғары. Табиғи өсім де аз. Бердібек Сапарбаев осы мәселені жан жақты зерттеп, өлім-жітім себебін анықтауды тапсырды. Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің басшыларына дәрігерлердің мәдениеті мен кәсіби біліктілігіне мән беру керектігін ескертті. Өйткені, сөз кезегі тиген тұрғындардың бірі “дәрігерлер мен медбикелерге жолау мүмкін емес, ылғи арпылдап отырады” деп шағынды.

    “Шалқар мен Аралдың әр бұтасының түбінде бір күндік ас бар”
    Шалқардың экономикасы да шатқаяқтап тұр. Өйткені, 2015 жылы өндіріс көлемі азайып кеткен. Ербол Данағұловтың сөзіне қарағанда, 2014 жылы 12 млрд 518 млн теңгенің өнімі өндірілген екен. Былтыр бұл көрсеткіш 90 пайызға азайған. Оны аудан басшысы мұнай, қиыршық тас пен руда өндірісінің кемігенімен байланыстырып отыр.
    Аудан басшысы 2014 жылы “Жезқазған-Бейнеу” теміржолы салынған кезде аудан экономикасына 70 млрд теңге инвестиция бөлінгенін, құрылыс аяқталған соң бұл көрсеткіштің де күрт төмендегенін айтып өтті.
    -Былтыр Шалқардың шаруалары мемлекеттен 168 млн теңге субсидия алды. “Алтын асық”, “Сыбаға” бағдарламасын 100 пайызға, “Құлан” бағдарламасын 96 пайызға орындадық. Мал басы да көбейіп келеді,-деді Ербол Данағұлов.
    Осы сәтте аудан әкімін кідіртіп қойған Бердібек Сапарбаев: “Мендегі мәлімет бөлек. “Құлан” бағдарламасы 96 емес, 75 пайызға орындалған. “Құлан” орындалса, ауданда жылқы басы өскен болар еді. Біз Шалқарда мал басының 4-6 пайызға ғана өсетінін көріп отырмыз. Бұл өте аз. Мал басы жыл сайын кем дегенде 10 пайызға көбеюі керек”-деді.
    “Шалқар мен Аралдың әр бұтасының түбінде бір күндік ас бар” деген бабалар сөзін еске салып өткен Бердібек Сапарбаев мал басының көбеюі мен мал өнімін өңдеу барысына көңілі толмайтынын да айтып өтті.
    Былтыр Шалқардан 80 тонна етті экспортқа шығару жоспарланған екен. Алайда, ол жоспар да орындалмай, экспортқа 65 тонна ет жіберілген. Әңгімесін “Бозойдан бері қарай, бұл жерден Ресейге қарай ет жеткізу де оңай шаруа емес” деп жалғастырған аудан әкімін Бердібек Сапарбаев “құдайдың теміржолы бар емес пе?!” деп тыйып тастады.
    Аудан әкімінің есеп беру жиынында атақты Шалқар суын шығаратын “Көктас” кәсіпорнының да жұмысын тоқтатқаны белгілі болды. “Мұндай мәселелерді өз беттеріңізше шеше алмасыңыздар, облыс әкімдігін хабардар ету керек. Облыстық деңгейде жиі-жиі көтеру керек” деді Сапарбаев.

    Жиырма жылдық “тарихы” бар мәселе
    Шалқардың жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан тағы бір үлкен мәселесі бар. Ол қала аттас көлдің жайы. Табаны балдыр-батпақтанып, жағалауын қамыс-қоға басып кеткен Шалқар көлінде бір кездері 25 млн текше метр су болған деседі. Қазір көлде 8 млн текше метрге жетер-жетпес су қоры бар.
    Шалқар көлінің табанын тазарту мәселесі соңғы 20 жылда бір әкімнен екіншісіне “мұра” болып келеді.
    Ербол Данағұловтың айтуынша, көлдің мәселесін шешу үшін ең кемі 5 млрд теңге қаржы қажет.
    Жиналыста сөз кезегі тиген жергілікті тұрғындардың бірі көлдің суы тартылып қалуына Мұғалжар тауынан қиыршық тас өндіруші кәсіпорындар кінәлі деп санайды. Қиыршық тас өндірісімен айналысатын жеті кәсіпорын Мұғалжардағы бұлақтардың көзін бітеп тастаған. Осыдан келіп Қауылжар өзенінің арнасы толмайды. Қауылжар - Шалқар көліне құятын өзен.
    Шалқар көлінің тартылуы бау-бақша салатын жергілікті тұрғындарға да көп қиындық келтіруде. Көкөністің аудан халқы үшін ең өзекті мәселе екендігін Ербол Данағұлов та мойындап отыр. Әкімнің айтуынша, аудан халқы көкөністің 70 пайызын сырттан тасымалдайды.

    Білім саласының жайы
    Білім саласын “қайнап жатқан қазанға” теңеген Ербол Данағұловтың сөзіне қарағанда, Шалқарда орта білім беретін 37 мектеп бар. Онда сегіз мыңға жуық бала білім алып жүр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың сынынан соң аудан мектептеріндегі үш мыңға жуық тақта жаңартылған. Одан бөлек Шалқардың мектептерінде интерактивті 94 тақтаның бар екендігі де айтылды. Орта есеппен алғанда жеті оқушыға бір компьютерден келеді.Аудан орталығында мектептен тыс төрт мемлекеттік мекеме бар. Ондағы түрлі үйірмелерге 4060 бала қатысып жүр,-деді аудан басшысы.
    -Осыдан он жыл бұрын Шалқарда үш балабақша бар еді. Онда 150 бала тәрбиеленіп жатқан. Балабақшалардың санын 23-ке жеткіздік. Қазір 1565 сәби бақшаға барып жүр. 304 сәби балабақша кезегінде тұр,-деп есеп берген Ербол Данағұловтың сөзін облыс басшысы “мендегі мәлімет мүлдем басқа” деп тағы бір мәрте түзетті. Сапарбаевтың айтуынша, Шалқарда 600 бала бақша кезегін күтіп, үйінде отыр.
    Құлағалы тұрған мектептер Шалқарда да бар екен. Соның бірі - Шетырғыз ауылындағы орта мектептің жобалық-сметалық құжатын әзірлеу үшін аудан бюджетінен былтыр
    10 млн теңге бөлінген. Облыс басшылары құжатты бекітетін болса, Шетырғызда жаңа мектептің құрылысы басталуы мүмкін.
    Ербол Данағұлов аудан балаларын оқулықпен қамту үшін 2015 жылы
    38 млн теңге бөлінгенін айтқан болатын. Жұмыс таба алмай жүргенін мәселе етіп көтерген көп балалы ана “Әкімнің ақпараты шындыққа жанаспайды. Менің бес балам әлі күнге оқулықсыз жүр” деп салды.

    Жұртты ойландыратын сауалдар
    Есеп беру жиынында облыс, аудан басшыларына сауал қоюшыларды көп жағдайда әлеуметтік мәселелер ойландыратынын аңғардық. Жиналған жұрттың сөзінен байқағанымыз – Шалқарда жұмыссыздар өте көп. Оны Ербол Данағұловтың өзі де растап отыр. Бірақ әкім бұл мәселені шешуге тұрғындардың өздері құлықсыз екенін айтып ақталды.
    -Менің қабылдауыма келетін 80-90 адамның барлығы жұмыс сұрайды. Бірақ ешқайсысының әкімдік ұсынған жұмысқа барғылары жоқ. Мысалы, “Нұра” шаруа қожалығына аспаз керек. Фермер “100 мың теңге беремін” деп отыр. Ешкім бармайды. Жұрттың біреуге жалданып мал баққысы келмейді. Шөп шабуға да адам таба алмаймыз. Бәріне ауданның басынан жұмыс керек. Мысалы, қиыршық тас шығаратын зауыттарға да жұмысшы керек. Шалқардан екі қолға бір күрек табылады. Бірақ ешкім де жылы орнын қозғап, жұмыс істегісі келмейді. Жалқаумыз,-деді Ербол Данағұлов.
    Сөз алғандар жергілікті жұрт “тоқылдақ” деп атайтын электричканың жайына тоқталып өтті. Айтуларынша, “тоқылдақтың” вагондары аз. Алыс-жақын разъездерге қатынайтын жұрт үнемі тығылысып, бір-біріне мінгесіп отырады.
    Шалқар - палуандарымен аты шыққан өңір. Бірақ сол палуандардың ізбасарлары жарыстарға көп жағдайда қаржылай қиындықтарға орай қатыса алмайды. Бердібек Сапарбаев бұл мәселені облыстық спорт комитетімен бірлесе шешіп беруге уәде етті.
    Шалқардағы Тихонов көшесінің тұрғыны өзі тұратын көшенің жылдар бойы жарықтандырылмай келе жатқанын айтып налыды. Сөзіне қарағанда, қала басшылары бірінші кезекте өз құдағилары немесе лауазымды адамдар тұратын көшелерді ғана жарықтандырады.
    Өзін “Оразбике Көптілеуовамын” деп таныстырған тұрғын аудан әкімнің есеп беру жиынына аппақ кимешек пен қазақы камзол киіп келген. Салиқалы бәйбіше өз әрекетін “қара жамылып алған қыздарға өнеге болғым келеді” деп түсіндірді. Айтуынша, Шалқардағы діни ахуалға қатты алаңдаулы.
    Ербол Данағұловтың есебін тыңдауға негізінен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жиналғанын айтып өттік. Олар қате ақпарат берілген тұста өзара гуілдесіп, наразылықтарын білдіріп отырды. Кей мәселелердің ақиқатын айтқан азаматтарға қол шапалақтап қолдау білдіргендер де болды.

    Сөз соңында
    Ал облыс әкімі жиында көтерілген мәселелерді қағазға түртіп алып отыр-ды. Кейбір елді мекендерге газ тарту мәселесі құбырдың қашықтығы мен ауыл болашағы зерттеліп, зерделенген соң ғана шешілетінін жеткізді. Бердібек Сапарбаев “Орталық-Батыс” автомагистралын Ақтөбе облысының Ырғыз, Шалқар аудандары арқылы тарттыруға көп күш жұмсалып жатқанын да айтты. Бұл мәселені ол Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында да көтерген.

    Күре жол Шалқар арқылы өтетін болса, аудан экономикасына оң ықпалы болатыны аян. Өйткені, тас жолдардың жайы аудан үшін өте өзекті. Былтыр Шалқардағы жол мәселесі туралы сұқбат берген жергілікті шенеунік “Шалқарда бәрі чики-чики” деген сөзімен интернетте танымал болған еді. Жиында сөз алған Оразбике Көптілеуова есімді тұрғын Шалқардың жолдарын “шифер төсеп тастағандай” деп сипаттады. Демек, “Шалқарда бәрі чики-чики” емес.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мұғалжар ауданы әкімінің үйі жарықсыз қалды
  • Бердібек Сапарбаев: Бұл – түгі жоқ Ырғыз, Шалқар емес, бұл – Хромтау!
  • Шалқардың әкімі халық алдында есеп берді
  • Студенттерге облыс әкімі гранты берілетін болды
  • Бердібек Сапарбаев: Аудан әкімдері жұмыс істемейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге