Жылудың қымбаттауы кәсіпкерлердің наразылығын туғызды

    Ақтөбеде заңды тұлғалар үшін жылу бағасы 131 пайызға, жеке тұрғындар үшін 49 пайызға қымбаттады. Осыған орай жергілікті кәсіпкерлер наразылық білдіре бастады.

    Ақтөбелік кәсіпкер Сергей Казин жылу бағасының қымбаттайтындығы туралы алдын ала естіген. Бірақ бірден 131 пайызға көтеріліп кетеді деп мүлдем ойламаған. Қолына түбіртек тигенде бір-ақ біліп, енді не істерін білмей дал.
    Сергей алғашында “Трансэнергодан” келген түбіртектегі 22 мың теңге деген жазуды көргенде, қателік болар деп ойлағанын айтады. Өйткені, ол осы кезге дейін ай сайын жылу үшін 8 мың теңгеден төлепті.
    -Онсыз да қаржы дағдарысынан қиындық көріп отырған тұста жылудың қымбаттағандығы қиынға соғып отыр. Жұртта ақша жоқ. Шаруамыз жүрмей жатыр. Ол аз болса, жылу ақысы бірден 131 пайызға қымбаттап кетті,-дейді кәсіпкер.

    Ал кәсіпкерлер палатасының пікірінше, жеке кәсіпкерлердің барлығы жылу ақысын жеке тұлға ретінде төлеуге құқылы.
    -Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы “Трансэнергоның” әрекетін заңға қайшы деп санайды-деп жазды Facebook-тегі парақшасында кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мирлан Бисенғалиев. Түрлі құқықтық актілерге сілтеме жасаған ол жеке кәсіпкерлікпен айналысушыларды жеке тұлғамен теңестіріп отыр. Оның сөзінше, құқықтық білімі жоқ жеке кәсіпкер жылуды пайда табу мақсатында қолданбайтын болса, ол да ел қатарлы ақы төлеуі тиіс.

    Жаңа тарифке таң тамаша болып “Трансэнергоға” барған тек Сергей Казин емес сыңайлы. “Трансэнерго” АҚ директоры Мәжит Бекмеев те оны растап отыр.
    Мәжит Бекмеевтің сөзіне қарағанда, жыл басында “Ақтөбе жылу электр орталығы” мекемесі қызмет құнын қымбаттатып жіберген. Ал “Трансэнерго” АҚ жылуды жылу электр орталығынан сатып алады. Одан кейін қала ішіндегі 220 шақырым құбыр арқылы әрбір тұтынушыға жеткізіп береді.
    2015 жылы “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында мекемеге 3 миллиард теңге қаражат бөлінген. Сала мамандарының сөзінше, ол несие ретінде беріліпті. Мекеме бұл шығынды өз қалтасынан төлей алмайды. Сондықтан тарифке енгізуге мәжбүр.
    Жаңа жылдан бастап барлық коммуналдық төлемдердің бағасы өсті. Бірақ қызмет құнын тым шарықтатып жіберген “Трансэнерго” АҚ ғана. Осылай деген журналистердің сұрағына мекеме басшысы үнсіз қалмады. Жылу үнемдейтін есептегіш құрылғы орнатуға кеңес берді.
    “Трансэнерго” АҚ мен “Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры” АҚ қаржылық лизинг шартын жасаған. Осы шарт негізінде олар төрт пайыздық өсіммен төрт жылға жылу үнемдегіш құрылғы қондырып бере алады.
    Әзірше мұндай құрылғы Ақтөбедегі 291 үйге орнатылған. Жуырда тағы 181 үйге орнатылуы тиіс. “Трансэнерго” басшысы дағдарыс кезінде қаржы үнемдеудің ең тиімді жолы – жылу есептегіш орнату екендігін айтады.
    - Құрылғы бағасы құбырдың диаметріне қарай 700 мың теңгеден басталады. Пәтердің ауданына қарай есептегіш үшін ай сайынғы төлем 150-200 теңге көлемінде болады. Біздің есебімізше, құрылғы орнатылған көпқабатты үйлер қаржыны әдеттегіден аз төлеген, -дейді Мәжит Бекмеев.

    2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген тариф алдағы бес жыл бойы сақталатын болады. Ақтөбеде жылу бағасы осыдан 3 жыл бұрын қымбаттаған болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Дағдарыс кезінде қаржы үнемдеудің бір тәсілі
  • 5 қазанда жылу беріле бастайды
  • Ақтөбеде жылу қымбаттайды
  • Тұрғындарға жылу есептегіш құрал сыйға тартылды
  • Жылу беру маусымы аяқталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге