АХАЖ: Ажырасуды азайту үшін медиаторлар көмегіне жүгіндік

    Ақтөбеде ажырасушы жұптар көбейген. Қалалық АХАЖ бөлімінің қызметкерлері ажырасушылар санын азайту үшін медиаторлардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Отбасы бүтіндігін сақтау үшін қалалық АХАЖ бөлімі медиаторлармен меморандумға дайындалуда. Бұл туралы “”Керек.info” тілшісіне “Ақтөбе қаласының АХАЖ бөлімі” ММ басшысының орынбасары Маргарита Игисенова мәлімдеді.

    Ақтөбеде жас отбасылар ғана емес, сондай-ақ бірнеше жыл бірге тұрған, балалары есейіп кеткен ерлі-зайыптылар да жиі ажырасатын болған. Олар көп жағдайда ортақ мүлікке немесе басқа да тұрмыстық жағдайға байланысты туындаған дауларын шеше алмайды.
    Ажырасушылар санын азайту үшін мамандар медиаторлармен меморандумға қол қойды. Яғни, ажырасқысы келетін ерлі-зайыптылармен медиатор жұмыс істесе, мүмкін райларынан қайтып, шаңырақтарын сақтап қалар деген үміттері де жоқ емес.

    - Ғимаратымыздың тарлығы біздің бұл ойымызды жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр. Медиаторларды отырғызатын бос орын жоқ. Оларды дәлізге отырғыза алмаймыз. Ерлі-зайыптылардың арасында өкпе-наз, оңаша айтылатын жағдайлар да болып қалады. Сондықтан медиаторлар үшін бөлек кабинеттер қажет. Өкінішке орай, қазір біздің қолымызды байлап отырған осы мәселе,- деді ол.

    Былтыр Ақтөбе облысында ажырасушылар саны 3 пайызға көбейген. Есесіне неке қиюшылар саны 8 пайызға аз болды. Былтыр 4599 жұп үйленсе, 1671 отбасының дәм-тұзы жараспай, ажырасып тынған.
    Ақтөбеліктердің арасында Ресей азаматтарымен неке қиюшылар көп. Ресейден кейінгі орында Өзбекстан тұр. Яғни, Ақтөбе соңғы жылдары осы екі елмен көп құдаласатын болған.

    - Соңғы уақытта заңды некеге тұрғысы келетін жұптар саны азайды. Есесіне, тағы да қайталап айтайын, ажырасу саны күн санап артып келеді. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында да некеге отырушылар бар. Заң бойынша некеге тұру жасы 18 болғанымен, біз неке жасын 16 жасқа дейін төмендете аламыз. Бірақ ол үшін нақты себептер болуы керек. Мысалы, қалыңдықтың аяғы ауыр болса немесе кәмелеттік жасқа толмаған жұптың ортақ баласы болса ғана 16 жастан бастап некеге тұруға өтініш қабылдай аламыз,- дейді Маргарита Игисенова.
    Қазақстан ерлі-зайыптылары ең көп ажырасатын дүниежүзіндегі 10 елдің қатарына кірген. Бұл ұлыбританиялық басылым таратқан ақпарат. Тек өткен жылы елімізде 150 мың жұп некеге тұрып, соның жартысы ажырасып кеткен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс көбейген
  • Конституция мейрамы қарсаңында 15 жұп шаңырақ көтерді
  • Саусақтар қысылған күн
  • Күн сайын 20 шақты әйел зәбір көреді
  • Мамыр айында неке қиюшылар күрт азайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге