Ақтөбеде су басу қаупі бар жерлерде 12 мың халық тұрады

    Ақтөбе облысында су басу қаупі бар елу жер анықталған. Қазір онда 12 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД басшысы Бауыржан Сыздықов “Ақтөбе ақпарат” орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

    Ақтөбеде көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі күні облыс аумағынан 215мың тонна қар сыртқа шығарылған. Биыл қар шамадан көп түскен. Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, нормаға сай орташа қардың биіктігі 90 мм болса, Ақтөбеде ол 80-150 мм-ге жеткен. Әрі қардың құрамындағы ылғалдылық пайызы да жоғары. Сондықтан, ТЖД өрт сөндірушілерді көшелерді қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырған.
    - 1 наурыздан бастап өрт сөндірушілер де қар тазарту жұмыстарымен айналысып жатыр. Оған елу адам қатысуда. Бір күннің ішінде 850 метр жердің қарын тазартты. Бұл шара көктемгі су тасқыны басталатын кезеңге , яғни, 15 наурызға дейін жалғасады,-дейді ТЖД басшысы Бауыржан Сыздықов.

    Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары негізінен елді мекендерге бағытталады. Арнайы комиссия құрылған. Су басу қаупі бар жерлердің паспорты жасалған. Нәтижесінде су басу қаупі төніп тұрған 50 жер анықталған. Қазіргі таңда ол жерлерде 12 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Үйлерін су басқан жағдайда, уақытша паналайтын 86 орын жасақталған.
    Алайда, Бауыржан Сыздықов халықтың уақытша паналайтын орталықтарға баруға құлықсыздық танытатынын да жасырмады. Өткен жылы 14 адам ғана барған. Оның алтауы бала. Айтуынша, тұрғындар туыстарының үйіне барғанды жөн санайды.

    “Керек. info” тілшісіне Ясное-1 елді-мекенінің тұрғыны Нұркелді Кененбаев хабарласты. Көшедегі тазартылмаған қар еріп, суға айналған. Адамдардың жүруі қиындап кеткен.
    - Ауладағы қарды сыртқа шығарып қоямыз. Оны алып кетіп жатқан ешкім жоқ. Бірнеше рет тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемесіне хабарластық. Штабқа сағат 14:40-та хабарластым. Көлік жіберем деген. Ол да жоқ. Енді міне, көшеде аяқ алып жүру мүмкін болмай тұр. Әсіресе, мектеп жасындағы балаларға қиын. Ертең күн жылынса, көлге айналады,-деді Нұркелді Кененбаев.
    Нұркелдінің сөзінше, Ясное-1 елді мекеніндегі 142-146 үйлер жыл сайын суға кетеді. Осы төрт үй “үйіміз суға кетіп қалмаса екен” деп жандарын шүберекке түйіп отыр.
    Су тасқынына қарсы құрылған арнайы штаб 1 наурыздан бастап жұмысқа кірісті. “Керек. info” тілшісі жағдайды білмек болып 312 атқыштар дивизиясы даңғылы бойында 10 Б мекенжайға барды.

    Телефон қоңырауларына жауап беріп отырған диспетчер 2 наурызда сағат 16:00-ге дейін 20 қоңыраудың түскенін айтты.Әзірге саяжайлардан қоңырау түспеген. Әсіресе, Мәскеу, Россовхоз, Ясное-1, Ясное-2 елді мекендерінен шақыртулар көп.
    Ақтөбеде су басу салдарын жою үшін 115 тонна жанар жағар май, инертті материалдар және қапшықтар мен жарылғыш заттар қоры әзірленген. Биылғы маусымға 173 миллион теңге қаржы қарастырылған.
    Еске сала кетейік, егер аулаңызды су басу қаупі төніп тұрса, 54-53-12, 54-53-13 телефондарына қоңырау шалуға болады.

    Қазақстан республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті әзірледі
    Су тасқыны, сел-бұл табиғат күшінің әсерінен құрғақ жерлерді уақытша су басу.

    Әрбір азамат аяқасты су деңгейінің көтерілуіне дайын болуы керек. Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті кеңес береді:
    Су тасқыны туралы хабардар болған жағдайда негізгі ережелерді ұстаныңыз:
    • Газ бен электр қондырғыларын желіден ажыратыңыз;
    • Егер су деңгейі жәймен көтерілетін болса, мүлкіңіз бен материалдық құндылықтарды құтқаруға асығыңыз: аса бағалы дүниелеріңізді жоғары қабаттарға немесе шатырға көтеріңіз, ит, мысық секілді үй жануарларын сыртқа шығарыңыз;
    • Көршілеріңізге ескертіп, балаларға көмектесіңіз, қарттар мен мүгедектерге қауіпті аймақтан кетулеріне қол ұшын созыңыз. Жоғары қабаттарға, шатырға көтеріліңіз. Азаматтық қорғаныс штабының хабарламасын тыңдап, арнайы кеңестер бойынша әрекет етіңіз;
    • Эвакуацияға әзір болыңыз! Көп күттірмей, қауіпсіз аймақтарға барыңыз, судың қай бағытқа қарай таситынын да ескеріңіз;
    • Өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, ақша мен бағалы дүниелеріңізді, жылы киімдеріңіз бен етік, азық-түлік, бірнеше күнге жететін ауыз су, тазалық құралдарын, медициналық қобдишаны алып жүріңіз;
    • Су ортасында қалсаңыз, құтқару қызметі жеткенше, су бетінде қалқып жүрген тақтайшаларды (тақтайшаға ұқсас заттарды) пайдаланыңыз;
    • Су шайып жатқан жолмен көлікпен жүрмегеніңіз абзал. Сізді ағын әкетуі мүмкін. Егер су тасқынында көлігіңіз тұрып қалса, оны тастап, қауіпсіз аймаққа асығыңыз, 101 және 112 телефон номерлеріне қоңырау шалыңыз;
    • Құтқарушыларға фонарь, лампа, шам немесе түрлі-түсті матаның көмегімен белгі беріңіз;
    • Құтқарушылар айтқан кеңесті орындаңыз және оларға құтқару жұмыстары барысында жәрдемдесіңіз
    • Есіңізде болсын! Бірінші кезекте балаларды, әйелдер мен қарттарды құтқару керек;
    • Құтқару операциясы кезінде тыныштық сабырлық сақтаған жөн.
    Өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген барлық жағдайларда 112 БІРЫҢҒАЙ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ 101 номеріне қоңырау шалыңыз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе шенеуніктері су басу қаупі бар аймақтарды атады
  • Ақтөбеде көктемгі су тасқынына дайындық басталды
  • Ақтөбеде биыл қар ерте түсті
  • штабқа жалған қоңыраулар жиі түсіп жатыр
  • Штабқа 102 қоңырау түскен
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге