Кеңкияқ ауылының әкімі жеке көлігімен адам қағып өлтірді

    Бұл оқиға 26 ақпан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында болды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Кеңқияқтың әкімі Нұрлыбек Қалмағамбетов жеке көлігімен жол жиегінде тұрған адамдарға барып соққан. Екі жігіттің бірі ауруханаға жетпей қайтыс болады. Марқұм 1995 жылғы. Екінші жігіт ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.

    - Осы ауылдың екі баласы Азамат пен Әділхан жанар жағар май құятын бекетке жақын маңда тұрған. Сол кезде екеуіне қара түсті LADA Priora келіп соққан-деп хабарлайды ауыл тұрғыны. – 21 жастағы Әділхан Кеңкияқта практикада жүрген еді. Ал “Жигулидің” 22 жастағы жүргізушісі Азамат оқиға орнынан ауруханаға әкетілді. Ал жол апатына кінәлі ауыл әкімі жұма күні кешқұрым Темір аудандық ІІБ жеткізілген.

    “Шұбарши-Кеңқияқ” тас жолында 21 жастағы жігіттің қайтыс болғандығын жергілікті полиция да растап отыр.

    - ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабы яғни, “Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу” дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр,- деп мəлімдеді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин. Полицияның мәліметінше,медициналық сараптама ауыл әкімінің ішімдік ішпегендігін анықтаған.

    Жол бойында қаза болған Әділхан Қуанышалиннің денесі дүйсенбі күні жер қойнына берілді. Қуанышалиндер - Кеңқияқтың байырғы тұрғындары. Марқұмның әкесі де, атасы да мұнай саласында қызмет еткен. Жол апатынан қаза болған Әділхан отбасындағы төрт баланың тұңғышы болатын.

    Ауылдастары Әділханның қазасына кісі қарасының көп жиналғанын айтады. Ауылдастары садақаға ауыл әкімінің туыстары да келгенін көрген.

    - Біз Әділхан екеуміз мектеп жасынан бері дос болатынбыз. Ол Астанада мұнайшы мамандығына оқып жүрді. Бір айдан соң жоғарғы оқу орнын тәмамдап, қолына дипломын алуы тиіс болатын. Жол апатынан бұрын Жаңажол кенішінде өндірістік практикадан өтіп жатқан. Ал, Кеңқияққа демалысқа келіп еді-дейді LADA Priora-дан соққы алған Жигулидің жүргізушісі Азамат Хасенов.
    - Әділханның қазасына әлі сене алар емеспін. Бұлай болады деп кім ойлапты?! Жұма күні кешкілік екеуміз кездестік те, менің көлігіме май құйып алмақ болып жанар жағар май бекетін бетке алдық. Бекет Шұбарши мен Кеңқияқ ауылдарының ортасында. Шамалы жер қалғанда көлігімнің майы таусылып, тоқтап қалды. Сосын бекеттен бір канистра бензин сатып алып, машинаға оралдық. Досым “көліктің артқы орындығынан воронка көрдім” дегесін салонға ене бергенім сол еді. Қатты соққыдан есімнен танып қалдым. Есімді жисам, ауруханада жатырмын. Не болып , не қойғанын әлі де түсіне алар емеспін. Апат болған жердегі жол теп-тегіс болатын... Кеңқияқтың ауруханасында қолым мен кеудемді рентгенге түсірді. Сүйектерім сынудан аман екен. Бірақ сіңірлеріме зақым келген. Басым қатты ауырады. Кенқияқтың ауруханасында медициналық жабдықтар жоқ. Басымды тексерту үшін Ақтөбеге баруым керек. Оның үстіне дәрігерлер неше түрлі қымбат уколдарды жазып берді. Қаражат жағы да қиындау болып тұр. Өйткені, өзім жақында жұмыстан қысқарып қалдым. Әкем мен ағамның да тұрақты жұмыстары жоқ. Аспаз болып жұмыс істейтін анамның жалақысына ғана қарап отырмыз-дейді Азамат.

    Ауылдастарының айтуынша, LADA Priora-ның тізгініне ие бола алмаған Нұрлыбек Қалмағамбетов қазір үйқамақта отыр. Ауыл әкімінің негізгі мамандығы - мұғалім. Жасы 43-те. Балалы-шағалы адам. Кеңқияқ ауылдық округіне әкім болып 2015 жылғы қараша айында тағайындалған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде полицияның екі қызметкері қаза болды
  • Ақтөбеде жол апатынан үш адам зардап шекті
  • Ақша сұраған әкім ауылдастарының ызасына тиді
  • Жол апатынан 8 адам зардап шекті
  • Хромтауда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге