Әкімгерей Көшербаевқа “пара алды” деген айып тағылды

    Ақтөбеде облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Әкімгерей Көшербаев ұсталды. Ол 1 150 000 теңге пара алды деп айыпталып отыр. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметкерлері білім саласын бақылау департаментінің басшысы Әкімгерей Көшербаевты ұстады. Көшербаев облыс мектептерін аттестациядан өткізіп, оң бағалау үшін өзінің әйелі, Елек орта мектебінің директоры Сағадат Сырбаева арқылы пара алған-деп хабарлайды құзырлы орган. Әзірше пара көлемінің 1 150 000 теңге екендігі туралы ақпарат таратылды.

    “Керек.info” тілшісі білім саласын бақылау департаментіне де хабарласты. Басшының міндетін қазір Гүлназ Сүлейменова атқарып отыр. Ол бұл қызметке 22 ақпаннан бастап кіріскен.

    48 жастағы Әкімгерей Көшербаев Ақтөбедегі №24, №51 мектептерге басшылық етті. Қала әкімінің орынбасары болды. Қазір ол қамауда отыр. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сот медициналық сараптама орталығының директоры парамен ұсталды
  • Үш кәсіпкер пара бергені үшін сотталуы мүмкін
  • Білім саласын жемқорлық жайлап барады
  • Білім саласын жемқорлық жайлап барады
  • Қаржы бақылау инспекциясының басшысы пара алды деп айыпталуда
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге