Жуырда Өндіргеновтің соты басталады

    Жуырда  Өндіргеновтің соты басталады

    Атышулы Мейіржан Өндіргеновке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды. Айыптау актісі облыстық прокуратураға жіберілген. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Камал Қабылбеков хабарлады.

    Камал Қабылбековтің айтуынша, Мейіржан Өндіргеновке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталған. Айыптау актісі облыстық прокуратураға жолданды. Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат басшысы Жасұлан Дәулембаев істің прокуратураға түскенін растап отыр.
    - Заң бойынша прокуратураға түскен іс он күн ішінде қаралуы тиіс. Жақында істі сотқа жібереміз,-деді Жасұлан Дәулембаев.

    Еске сала кетейік, “Емшан” компаниясының президенті Мейіржан Өндіргенов осыдан 10 ай бұрын яғни, 1 маусым күні тұтқынға алынған болатын. Кейін оны қамауда ұстау мерзімі тамыздың отызына дейін ұзартылды. Тергеу облыстық мәслихаттың депутаты Мейіржан Өндіргеновке бұрынғы әріптесінен ірі көлемде ақша бопсалады және қорқытып-үркітті деген айып тағып отыр. Одан бөлек мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірді деген де күдік келтірілуде.
    Тағы бір шулы іс бойынша қазір күдіктілер тергеліп жатыр. Жақында облыстық білім сапасын қадағалау департаментінің басшысы Әкімгерей Көшербаевқа 1 150 000 теңге “пара алды” деген айып тағылған болатын.

    Көшербаев облыс мектептерін аттестациядан өткізіп, оң баға алу үшін өзінің әйелі Сағадат Сырбаева арқылы пара алған деп хабарлаған болатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы.
    Елек орта мектебі директорының міндетін қазір Ләззат Тұрымбетова атқарып отыр. Ләззат Тұрымбетова бұл қызметке 14 наурыздан бастап кіріскен. “Керек.info” тілшісіне Сағадат Сырбаеваның денсаулығына байланысты демалыста екенін айтты.
    Әкімгерей Көшербаев қазір қамауда. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Әкімгерей Көшербаевқа “пара алды” деген айып тағылды
  • Мейіржан Өндіргеновті қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды
  • “Автопарк” даулы видеоны “арандату” деп атады
  • Мейіржан Өндіргеновті қамауға алу мерзімі ұзартылды
  • Мейіржан Өндіргеновтің Астанадағы мүлкі мен банктегі қаржысына тыйым салынды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге