Шалқар көлін сақтап қалуға 5 млрд теңге қажет

    Шалқар көлінің арнасын толтыру үшін 5 млрд теңге қажет. Алайда, мұндай қаржы аудан мен облыс бюджетінде жоқ. Мәселе республикалық деңгейде шешілуі тиіс. Бұл жөнінде Шалқар ауданының әкімі Ербол Данағұлов журналистермен кездесу кезінде айтты.

    29 наурыз күні Ақтөбе ақпарат орталығында аудан әкімі Ербол Данағұлов баспасөз конференциясын өткізді. Мал шаруашылығын кәсіп еткен аймақ басшысы 2015 жылы атқарылған жұмысын қорытындылады.

    Бүгінде аудан өзін-өзі сүтпен және етпен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Тіпті Қарақалпақстан мен Ресейге ет экспорттай бастаған. Алайда, ауданда көкөніс тапшы. Жергілікті билік тұрғындар сұранысының 30 пайызын ғана қамтамасыз етіп отыр. Халық тұтынатын өнімнің 70 пайызы оңтүстіктен тасылады. Әкімнің сөзінше, бұған егіс алқабының жоқтығы және өңірдің экологиялық апат аймағына жататындығы себеп. Жуырда бұл олқылықтың орны толмақ. Биыл Шалқар қаласында аумағы 420 шаршы метрді қамтитын екі жылыжай салынады. Мұнда жылына 12 тонна қияр мен қызанақ өндірілмек.

    Бұдан бөлек суармалы жерлердің көлемін 340 гектарға жеткізу де жос-парланып отыр. Былтыр бюджеттік түсімдерден аудан жылдағыдан 300 млн теңге артық ақша тапқан. Бюджеттің 80 пайызын білім саласына жұмсап отырған өңірде 8 балаға бір компьютерден келеді. “Бұрын 16 балаға 1 компьютерден келетін. Бұл өзге аудандармен салыстырғанда жаман көрсеткіш емес” деді әкім. Шалқар ауданының орталығында 7 ірі мектеп барын ескерер болсақ, бюджеттің негізгі бөлігі неге білім саласына жұмсалатынын түсінгендей боласыз.

    Ауданда газбен қамтамасыз ету 78 пайызды құрайды. Тұрғындардың 91 пайызы ауыз сумен қамтылған. Кәсіпкерлер де жыл санап көбеюде. “Бес жүзге жуық шаруа қожалығы бар. 2038 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бұрын кәсіпкерлер тек малмен айналысса енді дүкен,монша, шаштараз ашып жатыр. Ауданда қазір мыңға жуық адам жұмыссыз жүр. Шалқарлықтардың 40 пайызы Біршоғырдағы қиыршық тас шығаратын 7 зауытта жұмыс істейді. Дегенмен Шалқарда қысқарту деген атымен жоқ. Жұмыс жоқ емес, бар. Екі қолға бір күрек табылады. Биыл ауданда ет пен сүт өңдеу цехтары ашылады,”- деді Ербол Данағұлов өз сөзінде.
    Биыл бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан Қауылжыр өзеніне көпір салу мәселесі де біржақты болмақ. Құны 93 млн теңгені құрайтын жоба құрылысы мамыр айында басталады. “Жезқазған-Бейнеу” бағытындағы теміржолдың 220 шақырымы Шалқар ауданының территориясымен өтеді. Жаз айында бұл жолмен жолаушылар пойызы қатынай бастайды. Біраздан бері дүкен сөрелерінен көрінбей кеткен “Шалқар суы” қайтадан сатылымға шығуы мүмкін. Бәсекелестікке төтеп бере алмаған су шығарушы кәсіпорын “Көктас” АҚ қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Шалқар ауданында темір рудаларын өңдейтін кешен де салынбақ.Кішіқұм ауылында ашылатын кәсіпорында 8 млн тонна концентрат өндірілмек. Жоба іске қосылысымен, мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

    Медициналық мекемелер де жөндеуден өткізілуде. Алайда, ауданда ана мен бала өлімі бар. Әкім мұны экологиялық ахуалмен байланыстырады. Өлім –жітімді болдырмау үшін медицина мамандарының сауаттылығын көтеруге облыстан, республикадан білікті мамандар шақыртып жатқанын айтып отыр.
    Ауданда бұдан өзге мәселе де жетерлік. Шалқарлықтардың үш жүзге жуығы үйдің, екі мыңға тарта тұрғыны жердің кезегінде тұр. Алайда, дотациялы аудан болғандықтан, бұл мәселені жергілікті бюджет өз бетінше шеше алмайды. Сондықтан Ербол Данағұлов облыс басшылығының қолдауын күтіп отырғанын жеткізді.

    Ал бүгінде аянышты күйге түскен Шалқар көлін қайта толтыру үшін 5 млрд теңге қажет. “Қазір 25 млн текше метр су сиятын көлде небәрі 7-8 млн текше метр су бар. Қалғаны батпақ, құм мен топырақ. Судың келуі Мұғалжар тауындағы қарға байланысты. Бұл мәселе аудан, облыс көлемінде шешілмейді. Ондай қаражат бізде жоқ. Республикалық деңгейде қаралуы тиіс” - деді әкім.

    Ербол Данағұловтың сөзінше, Біршоғырдағы қиыршық тас шығаратын 7 зауыттың жағдайы да бақылауда. Жазда тауды жарған кезде ауыл үстінен қою шаң көтеріледі. Халықтың денсаулығына зиян келмес үшін зауыттарға шаң соратын құрылғы сатып алуға, Біршоғыр ауылына екі мезгіл су сеуіп, шаңды басуға тапсырма беріліпті.

    Әкім “төбесінен су ағып тұр” делінген Шалқардағы денешынықтыру-сауықтыру кешені туралы қауесетті де жоққа шығарды. Айтуынша, ғимарат бүлінген жоқ. Үш жылдық кепілдігі бар. Егер қандай да бір ақау табылса, жергілікті мердігер оны қайтадан жөндеуге міндетті.

    Жиын барысында журналистер әкімнің “Шалқар чики-чики” тіркесіне қатысты көзқарасын да сұрады. Осы сөзімен интернетте жұлдызға айналған әкімдік қызметкері Аян Қорқытұлын “жақсы маман” деп атаған ол сөз арасында күмілжісе де, лезде сөз тауып кетті.

    -“Чики-чики” деп сынап айтылған ғой. Бірақ онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Ол енді... Италяндықтардың термині. Жақсы деген мағынаны білдіреді деп ойлаймын . Артық ештеңе жоқ. Биыл ауданда 5 көше жөнделеді. 90 млн теңге жолға жұмсалады. Барлық елдімекенде ойын алаңы салынады. Барлық ауылда жылыжай құрылысы басталуы керек. Төрт ауылда сүт өңдейтін цех, 3 елдімекенде ет өңдейтін цех құрылысы басталады. Ауылшаруашылығында мәселе жоқ. Шалқарда қазіргі таңда бәрі жақсы. Бізде ешқандай мәселе жоқ,“- деді әкім.

    Шалқар ауданы облыс орталығынан 365 шақырым жерде орналасқан. Ауданда 47 мыңға жуық халық тұрады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бауыржан Қаниев: Темір ауданының проблемасы бір жылда шешілмейді
  • Мәртөкке биыл 31,5 млрд теңгенің инвестициясы тартылады
  • Қарғалыда құс фермасы ашылады
  • Байғанин ауданында кісі өлімі көп
  • “Шалқарда бәрі чики-чики” емес
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге