Жолға жауапты шенеунік: Мен де машинамды соғып жүрмін

    Ақтөбедегі шұрық-тесік жолдың азабын жолға жауапты мекеменің басшысы Асқар Есжанов та тартып жүргенін айтты. Шенеунік көктем басталғалы шұқыры көп жолдың керісінен көлігін 2 рет сындырып алған. Бұл жөнінде журналистермен кездесу кезінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Есжановтың өзі айтып берді.

    Наурыз айы басталғалы, жүргізушілерден маза кетті. Оларды шұрық-тесік жолдардың жайы әбден ығыр қылған. Әсіресе, жолаушы тасымалымен айналысатын “Автопарк” ЖШС жағдайы қиын. “Керек.info” тілшісіне мекеме директорының міндетін атқарушы Айбек Сәрсенғалиев хабарласты. Оның айтуынша, жолдардың сапасыздығынан тәулік сайын 70 автобус желіден шығып қалады. Ақтөбедегі тас-талқаны шыққан жол бұған жауапты мемлекеттік мекеме басшысының көлігін де 2 рет зақымдаған. Бұл жөнінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Есжановтың өзі айтты.

    30 наурыз күні “Ақтөбе-ақпарат” орталығына журналистермен жүздесу үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Есжанов келді. Жолға жауапты мемлекеттік мекеме басшысы биыл жөнделетін жолдар мен атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
    Асқар Есжановтың айтуынша, былтыр облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен Ақтөбедегі 22 көшеге жөндеу жүргізілген. Олардың арасында Ақжар-2 , Рауан ауылдарындағы орталық көшелер мен Жангелдин, Асау барақ, Шернияз бен Чапаев атындағы көшелер бар. Соған қарамастан, қазір жергілікті жолдардың 50 пайыздан астамы жарамсыз.
    Биыл жол жөндеуге облыстық бюджеттен 7 млрд 100 млн теңге бөлініп отыр.Ақтөбедегі 20-дан астам көшеге кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл мақсатқа биыл облыс бюджетінен 0,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржы қаланың шұрық-тесік жолдарын жамап-жасқауға қалалық бюджет бөлінген 100 млн теңгеден бөлек жұмсалады. Сәуір айында мердігер анықталып, жер кепкен соң, жөндеу жұмыстары басталады.

    Бірақ мемлекеттік мекеме басшысы жөнделетін көшелердің атын атап, түсін түстеген жоқ.Асқар Есжановтың айтуынша, қазір облыстық маңызы бар 1057 шақырымдық жолдың 80 пайызы асфальтталған. Ал аудандық маңызы бар 3652 шақырымдық жолдың тек 40 пайызына ғана асфальт төселіпті. “Барлығы қаржыға келіп тіреледі. Егер қаражат бөлінсе, 2020 жылға дейін асфальтталған жолдарды 60 пайызға жеткіземіз” мекеме басшысы.
    Мекеме басшысының есебін тыңдап болған журналистер Асқар Есжановты сұрақтың астына алды. БАҚ өкілдері шенеуніктен жыл өтпей жатып жарамсыз болып қалатын Ақтөбе жолдарының жасалу технологиясы мен қанша ақша жұмсалатынын да сұрады. Жарамсыз жолды жасаған мердігерлердің жауапқа тартуды ұсынды. Тіпті шұқыры көп жолдың азабын мемлекеттік мекеме басшысына қалай әсер етіп жатқанына қызығушылық танытты. Асқар Есжановтың сөзінше, биыл жолдың жарамсыз болып қалуына ауа райының да әсері бар. Өзі көктем басталғалы 2002 жылы шыққан Honda CR-V көлігін екі рет соғып алғанын айтып берді.
    -11 мөлтек ауданмен іргелес Угольник ауданындағы су тасқынын тексеріп жүрген кезде көлігімді екі рет соғып алдым. Тағы да соғып алам деген қауіппен жөндеуге әлі апарған жоқпын. -деді ол.
    -Көлік жүргізушісі шұңқырға түскенде шенеуніктерді балағаттайды. Ал сіз кімді балағаттадыңыз,-деп сұрады журналистердің бірі. Алғашында бұл сауалға тосылып қалған шенді жолды бір айдың ішінде жөндеуге уәде етті.
    -Ешкімді балағаттаған жоқпын. Қазіргі жағдай сондай. Бір айдың ішінде шұңқырларды жөндейміз,-деп күлді Асқар Есжанов.

    Облыстық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға 5 мердігер бекітілген. Биыл бұл үшін облыс бюджетінен 257 млн теңге бөлініпті. Ал аудандағы жолдарды күтіп-ұстауға жергілікті әкімдіктер жауапты. Бұған дейін төселген жолдарда суағарлар да жоқ. Бұл мақсатқа бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Тек биылдан бастап облыс әкімінің бастамасымен жолға суағарлар салу жобасы қолға алынуда. Арнайы мекеме суағарлар салынуы тиіс көшелерді анықтайды. Жергілікті мердігерлер төселген жолдарға 2 жыл кепілдік береді. Жолдан ақау табылса, жауапты тұлға өз каражатына оны қайтадан жөндеуі тиіс. Десе де осы уақытқа дейін жарамсыз жол үшін Ақтөбеде бірде-бір тұлға жауапкершілікке тартылмапты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев: Шұрық-тесік жол үшін халықтан ұялып тұрмын
  • Ақтөбенің жолдарын жөндеуге бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді
  • Биыл жол құрылысына 4,3 млрд теңге жұмсалады
  • Ақжардағы шеткері көшенің бейнеті
  • Биыл 2 млрд теңге жол жөндеуге жұмсалады
  • Пікір

    ^ Үстіге