Прокуратура: Шалқарлық келіншектің өліміне дәрігерлер кінәлі

    Былтыр желтоқсан айында Шалқарда 38 жастағы жүкті келіншек қайтыс болған. Бірақ аудан дәрігерлерінің ана өлімін жасырғаны анықталып отыр. Кәсіби міндетін дұрыс орындамаған бас дәрігер қызметінен қуылады. Бұл туралы облыстық прокуратураның бірінші басқарма бастығы Маратбек Мырзамұратов мәлімдеді.

    Құрсағында алты айлық нәрестесі бар келіншек аурухана төсегінде қайтыс болған. Марқұмның артында кәмелет жасына жетпеген үш баласы жетім қалды. Үлкені 18-де болса, кішісі 8 жаста.
    Балалардың нағашы әжесі Бибіш Әубәкірованың айтуынша, Кәмшат 16 желтоқсан күні қатты науқастанып, Шалқардағы ауруханаға барады. Аудандық аурухана дәрігерлері мерекені сылтауратып, науқасты үйіне қайтарып жіберген. Ертеңіне де қабылдамаған. Кәмшаттың беті бері қарамағасын туыстары мерекеден соң әрең дегенде ауруханаға апарып жатқызады. Хал үстіндегі келіншекке ауруханада да ешкім қарамаған. Ақыры әбден әлсіреп, аурухана төсегінде қайтыс болды.

    - Үлкен қызым тамақ апаруға барған. Барса қызым қол-аяғы жансызданып,ес-түссіз жатыр екен. Әпкесі қатты ауырып жатқан сіңлісінің қараусыз екенін көреді. Дәрігерлерді палатаға сол шақырған.Ақыры не керек, қыршын жас кетіп тынды. Үш жиенім дәрігерлердің кесірінен жетім қалды. Қызымның жетісі өткеннен кейін бір топ дәрігер үйге кіріп шықты. Ішінде бас дәрігер де бар. “Бата оқып келдік” деп пакетпен ақша алып келіпті. Кейіннен пакеттің ішінде 1 миллион теңге бар екенін көрдік. Ол ақша әлі сол күйінде тұр. 1 миллион теңге беріп кешірім сұрап келмек боған шығар. Мен жауапты адамдардың жазаланғанын қалаймын. Бұл істі түбіне дейін жеткіземін,-дейді зар еңіреген Бибіш Әубәкірова.

    Қызынан айырылып, зар жылап отырған отбасы мүшелеріне дәрігерлер алас-қапаста бір құжатқа қол қойдырып алады. Оның “мәйітке медициналық сараптама жасатудан бас тартамыз” деген құжат екенін марқұмның туыстары артынан бір-ақ білген.Кәмшатты ақтық сапарға аттандырып, естерін жиған соң туыс-тары прокуратураға шағымданды.
    Әубәкіровтер отбасы жан-айқайларын ақпан айында Шалқар ауданына барған сапарында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа жеткізген болатын. Зар жылап тұрып, жағдайын айтқан ананы облыс басшысы мұқият тыңдады. Бұл істі жеке бақылауына алатынын айтты.

    Облыс прокурорлары аталған істі егжей-тегжейлі тексеріп шықты. Прокурорлардың мәліметінше, 1977 жылғы жүкті әйел дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болған. Бірақ аудандық аурухана ана өлімін осы кезге дейін жасырып келген. Тіпті, орталықтандырылған есепке де тіркемеген.
    ҚР ҚК 317 бабы 3 бөлігі (медицина қызметкерлерінің міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан адам өліміне алып келуі) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Облыстық прокуратураның бірінші басқарма басшысы Маратбек Мырзамұратовтың айтуынша, Шалқар аудандық ауруханасы бас дәрігері қызметінен қуылады.
    Еске сала кетейік, Шалқарда сәбилердің шетінеуі де тыйылмай тұр. 2014 жылы 10 сәби, 2015 жылы 16 сәби шетінеп кеткен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Шалқарда бәрі чики-чики” емес
  • Шалқардың әкімі халық алдында есеп берді
  • Ақтөбенің дәрігерлері қайтыс болған адамды “емдеген”
  • Ақтөбеде жүкті әйелге бір мезетте екі бірдей ота жасалды
  • Иіс тиген үш жасар бала шетінеп кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге