Бірінші сыныптың білімі балдық жүйемен бағаланады

    Жаңа оқу жылында болатын өзгерістер ата-аналарды осы бастап әбігерге салды. Бірі “әріпті жаңа танып жатқан бала, ағылшын тілінде қалай оқып кетеді?” десе, енді біреулері “білім жүйесін дұрыстасын” деп хат жазып әлек. Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Құлыбекова “Керек.info” тілшісіне өзгеріс туралы жан-жақты түсіндіріп берді.

    Гүлжан Құлыбекованың айтуынша, 2016 жылы 1 қыркүйектен бастап бірінші сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұнымен оқытылады. Жалпы үштілде оқыту бағдарламасы бойынша сегіз мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерде сабақ өтіп жатыр. Жаратылыстану, математика пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша тәжірибеден өту үстінде. Яғни, барлық класқа бірдей оқытылып жатқан жоқ. Жалпы білім беретін мектептерде сабақты үш тілде оқыту 2017 жылы енгізіледі. Оған дейін дайындық жүргізіледі. Ал, Ақтөбедегі қазақ-түрік лицейі мен №21 мектеп-гимназия он жылдан бері үш тілде дәріс беріп келеді.

    - Бірінші сыныпқа тек орыс тілі мен қазақ тілі пән ретінде енгізіледі. Дүниетану, бейнелеу, математика- қай тілде оқытылып жатыр, сол тілде оқытылатын болады. Бастауыш сынып оқушыларын бірден үш тілде оқып кету мүмкін емес. Орта буынға барған кезде ғана үш тілде оқытыла бастайды. Қазір арнайы бағдарлама үшін үш мыңнан астам мұғалім даярлық курсынан өтіп жатыр. Бұған дейін жаңа стандартқа сай мектептер тәжірибеден өткізілді.Оқулыққа да өзгеріс енгізіледі,- дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Құлыбекова.

    Білім мамандары бағалау жүйесі де өзгеретінін айтты. Осы уақытқа дейін “5”, “4” деген баға қойылып келсе, енді он балдық жүйемен бағаланады. Сол балдар тоқсан аяғында есептеліп, оқушының оқу үлгерімі анықталады.

    Гүлжан Құлыбекова кейбір ата-аналар үш тілде оқыту дегенді толық түсінбей жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, бірінші сыныпта ағылшын тілі сол баяғысынша аптасына бір рет өткізіледі. Қазақ тілі пәнінің сағаты қысқармайды.Ал, жоғары сыныптарда пәндер біртіндеп қазақ, орыс, ағылшын тіліне көшеді.

    - Мысалы, Қазақстан тарихы пәнін қазақ класы да, орыс класы да қазақ тілінде оқиды. Әр азамат өз елінің тарихын қазақша жеткізе алуы керек. Дүниежүзі тарихы тек орыс тілінде оқытылады. Жаратылыстану пәндері біртіндеп ағылшын терминдерімен оқытыла бастайды. Бұл болашақта қолға алынатын жоспар. Мұның бәрі уақыт талабы. Қазір балалар шет тілдерін ақылы оқып жүр. Олар мектеп бітіріп шыққанда, қай жерге барса да, ағылшын тілін біліп, сол тілде қиналмай емтихан тапсыра алатындай дәрежеге жету керек. Әлемдік тәжірибені үйрену үшін тіл білу керек,-дейді Гүлжан Құлыбекова.

    Соынмен қатар, қыркүйекке дейін сағат санына байланысты да өзгерістер болуы мүмкін. Білім басқармасы ата-аналарға өзгерістер жайлы алдын-ала ескертеміз деп отыр. Бір белгілісі, жаңа бағдарламаға сәйкес оқулықтар бірінші сыныптар үшін тегін беріледі.

    “Керек.info” тілшісі үш тілде білім беру жүйесіне қатысты 52 жыл ұстаздық қызмет атқарған Нағашыбай Ердәулетовтің пікірін біліп көрген еді. Ардагер ұстаз жалпы білім саласындағы өзгерістерге қарсы екендігін айтты.

    - Оқу-инемен құдық қазғандай. Оқу да, оқыту да оңай емес. Бастысы-оқушылардың неше күн оқығандығында емес, білімнің сапасында. Ол үшін ең алдымен, оқыту бағдарламасын дұрыстау керек. Осыны биліктегілер ескергенін қалаймын. Оқушылардың жағдайын тек мектепте тәжірибеден өткен ұстаз ғана біледі,-деді Нағашыбай Ердәулетов.

    САУАЛНАМА
    Гүлсамал Әжмағанбетова, қала тұрғыны:
    -Мен өзім де бастауыш сынып мұғалімімін. Қазір бала күтімімен үйде отырмын. Бұл – заман талабы. Бастауыш сыныптарға пән ретінде енгізіледі деп жатыр. Ал толық ағылшын тілінде оқыту, әрине, қиын. Өз іс-тәжірибемнен білемін. Кейде ата-аналар үйге берілген тапсырмаларды түсінбей, хабарласып жатады. Көбіне математикадан қиналады. Әріптерді шатастырып жатады. Барлық бала бірдей емес. Әр бала әртүрлі қабылдайды. Кембридждік тәсілмен де оқытып жатыр. Ол көбіне ойын түрінде өтеді. Бұл да дұрыс шығар. Сабақ қиын. Ал бастауыш сыныптың балалары ойын балалары ғой. Жалығып кетпеу керек. Бұрын бізге мұғалім сабақ түсіндіріп, оқытатын еді. Қазір бала өзі ашылу керек. Өз бетімен көбірек оқу керек. Міне, осыны ата-аналар көбірек ескеруі қажет.

    Қайрат Қожаниязов, студент:
    -№6 мектепте оқыдым. Ағылшын тілін білу дұрыс қана емес, керек. Қазір шет тілдерін толық меңгеріп кетпесек те, бір-бірімізді түсіну үшін ақылы курстарға барып жүрміз. Қазір Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студентімін. Болашақ металлургпін.

    Кенжегүл, қала тұрғыны:
    - Әрине, қиын болады. Екі тілде күнделікті қолданып жүргесін, үйреншікті тілдер. Болашақта 12 жыл оқиды деп жатыр. Сабақ уақыты маусым айына дейін ұзартылады дейді. Білмеймін. Балаларға қиындау болатын сияқты.

    Гүлзат Кеңесова, студент:
    -Мен Қызылордадан келдім. Қазір бірінші сыныптан бастап үш тілде оқытуды қолға алып жатырғанын білеміз. Бұл балалар үшін қиындау, әрине. Өзіміз орыс тілін үшінші сыныптан бастап оқыдық. Қазақ тіліндегі әріпті енді танып жатқан бала, ағылшын тілін бірден алып кетеді деп ойламаймын. Сондықтан, алдымен қазақ тілін жақсылап меңгеріп алу керек. Мен өзім әлеуметтік педагогика, өзін-өзітану, психология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша оқып жатырмын. Болашақта барлық күш қазір институтта, университетте оқып жатқан студенттерге түсері анық. Себебі, біз бітіріп шыққанша, білім беру жүйесі толықтай өзгерейіндеп тұр. Тағы бір айтарым, балаларды тек ұстаздарға тапсырып қоймай, үйден мықтап қадағалу керек. Ол мұғалімнің алдында 5-6 сағат қана болады. Ал қалған уақытта ата-анасының жанында. Сондықтан балаларымыздың немен айналысып жүргенін үнемі бақылап отыруымыз керек. Тәрбие екіжақты болу керек. Бала тыныш болсын деп қолына ұялы телефонды ұстата салмауымыз керек.

    Қамила Төлеуова, зейнеткер:
    -Тіл білуіміз керек. Немерелерім бар мектепте оқиты. Баланың болашағы үшін бәрі керек. Қазір заман басқа. Алға ұмты-лыуымыз керек. Қазір сабақ қиын деп жатыр. Үйден оқытып, үйретуге болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Түске дейін бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды
  • Батыстың дәрігерлері тіл конференциясында бас қосты
  • Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
  • Тілдерді оқыту орталығы жекешеленбейді
  • Қазақ тілін үйрететін мультфильмдер жинағы жарыққа шықты
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге