Алмаз Әлімбаев: Бір тойымның болатынын білемін

    Ол – жастайынан ұшқыш болуды армандады. Биікке көтеріліп, алыс ғарыштың құпиясын ашқысы келген. Қазір аспанға ұшпаса да, туған жерден алыста, қызметінде биікке көтеріліп, бір елдімекенді басқарып отыр. Ол достарының көптігін мақтан етеді. Ол – Қарғалы селолық округінің әкімі Алмаз Әлімбаев.

    Алмаз Аманбайұлы, қай жердің тумасысыз?
    Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келдім. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінді мектепте оқып, ер жеттім. Өмірқұл, Алтын секілді белгілі өнер жұлдыздарымен бірге білім алдым. Университетке кеш түстім. Тарих факультетінде оқыдым. Қ.Жұбанов атындағы университеттің түлегімін. Өз біліміммен ақысыз бөлімде оқыдым. Университетті қызыл дипломмен аяқтап, жолдамамен Қандыағаш қаласында алғашқы ұстаздық еңбек жолымды бастадым. Екі жылдан соң әкімдікке жұмысқа шақырып, маман ретінде мемлекеттік қызметтегі жұмысымды бастадым. 2010 жылы Қарғалы елді мекеніне әкімнің орынбасары қызметіне келдім. Сол кездері әкім болған Мұхамбетқали Қазкеевтен көп нәрсе үйрендім. Үш жыл бұрын әкімдерді сайлау кезінде осы қызметке келдім.

    Қызметіңізде шешімін таба алмай қалған жағдайлар болды ма?
    Әрине, бір елді мекенді басқарып отырған соң, проблема болмай тұрмайды. Қазіргі басты мәселе – ауыз су мәселесін шешуге тырысып жатырмыз. Барлық құжаттар дайын, тек жұмыс үлкен қаражатты талап етеді.
    Ал “шешімін таба алмадым” дейтіндей мәселе ойымда жоқ. Арнайы ақсақалдар кеңесі бар. Қолдан келгенше тұрғындарды ренжітпеуге тырысамыз. Есеп беру кездесуінде көптеген мәселелер көтеріледі. Жарықтандыру, жол мәселелері – тұрғындарды көбіне алаңдататын осы сұрақтар.

    Әкім болып сайланған жылы, ақсақалдар жиналып, қала әкімінен Сізге көлік әперуді сұраған еді. Көлікті болдыңыз ба?
    Иә. Ол кісілер Геолог мәдениет үйіне де автобус көлігін сұраған еді. Көлік туралы бұл мәселелер шешілді. Менің қызметтік көлігімді осы ардагерлерді қаладағы іс-шараларға апару үшін пайдаланады. Бұған дейінгі ескі “Волга” көп сынатын болғасын, ардагерлер арнайы көлік сұратқан еді. Содан Kia Sportage алдық.

    Тұрғындар көбіне қандай мәселемен келеді?
    Көбіне жерге қатысты сұрақтармен келеді. Тазалыққа қатысты да келетіндер бар. Қазір сенбілік кезінде тұрғындардың өздерін қатыстырып жатырмыз. Кейде бұл іске учаскелік инспекторлар да араласады. Арнайы барып, қолдарына құралдарын таратып беріп, айналасын тазалауға шығарамыз. Себебі, тазалықты өзімізден бастауымыз керек.
    Жалпы тұрғындар түрлі мәселелермен келіп жатады.

    Қарамағыңызда жас-тар көп пе? Жалпы, он жыл бұрынғы жастар мен қазіргі жастардың арасында айырмашылық бар ма?
    Қазір конкурспен қабылданып жатқандардың басым бөлігі жас-тар. Бұған дейін де жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған жастар бар.
    Біздің кезіміздегі жастардың жауапкершілігі жоғары болды. Қазір, мүмкін заман талабы солай ма, көпшілігі “әкімдік қызмет саған несімен қызықтырады?” деген сұраққа, мансап үшін келгендерін де жасырмайды.

    Қызметкерлеріңіздің жағдайын жақсы білесіз бе?
    Әрине. Бәрінің жағдайын сұрап, біліп отыру – міндетім ғана емес, азаматтық парызым. Кез-келген адамның отбасындағы жағдай оның қызметіне әсер етеді. Айналасында алаңдайтындай мәселелер болса, ол адамның бар ынтасымен жұмыс жасауы қиын болады. Адам болған соң қайғы да, қуаныш та басынан өтеді. Сондай кездері қызметкерлерімнен қолдан келген көмегімді аямауға тырысамын.

    Достарыңыз көп пе? Олар Сізден әкім ретінде көмек сұрап көрді ме?
    Достарым көп деп ойланбай айта аламын. Мен достықты қатты бағалайтын адаммын. Сонау кездегі кластастарымнан бастап, курстас-тар, Қандыағаш қаласында бірге жұмыс жасаған, ауылда құлын-тайдай тебісіп, бірге өскен дос-тарыммен байланысым үзілген емес. Мектеп бітіргенімізге жиыр-ма жылдық шараны Қазалыда дүркіретіп өткіздік. Ақтөбе облысының барлық ауданының әрбір елдімекенінде менің бір досым бар десем қателеспеймін.
    Қолымнан келсе, бәрінен де көмегімді аяғым келмейді. Алдыма келген достарым болды. Қай істі де міндетсінбеуге тырысамын.

    Сонау Қазалыдан Ақтөбеге келіп оқуыңызға не себеп?
    Мен екі жыл оқуға түсе алмадым. Ақылы бөлімде оқитын отбасымда қаражат болмады. Теледидардан Қызылорда қаласында республиканың он жоғары оқу орыны тест өткізетіндігін естідім. Сонда емтихан тапсырып, біздің құжаттарымыз әр облысқа конкурсқа қатысуға жіберілді. Менің жолым Ақтөбеге түсті.

    Отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз.
    Өзім отбасын құрғаным жоқ. Ал әке-шешем Қазалы да тұрады. Екі қарындасым, інім бар. Қарапайым отбасынан шықтым. Әкем теміржол саласында жұмыс істеп, жұмысынан қысқарған соң бір мекеменің қарауылы болды. Биыл зейнетке шықты. Анам СЭС-да санитарка болып, ол да қысқартуға түсіп, үй шаруасында болды. Қарындастарым Ақтөбеде. Жұмыс істейді.

    Өзіңіз айтып қалдыңыз, “отбасын құрған жоқпын” деп. Неге үйленбей жүрсіз?
    Бұл мен үшін қиын сұрақ? Үйленбегенімді білгендердің бәрі “неге?” деген сұрақты міндетті түрде қояды. Әртүрлі жағдай болды. Бұйыртса, той болады...Қашан екенін білмеймін. Бірақ бір тойымның болатынын білемін. Мен мансабыма қарап жар таңдап жүргенім жоқ.

    Сіз үшін қыздардың бойында қандай қасиеттер басым болу керек?
    Ең бастысы – қарапайымдылық. Ата-ананы сыйлайтын, өзіңді сыйлайтын, түсінігі мол болу керек. Ал қай салада жұмыс істейді, отбасының қарапайымдылығы мәселе емес. Қыз тәрбиелі болу керек. Өз ортасы, мамандығы болу керек. Қыз бала тұрмыс құрған соң үйде отырып қалмау тиіс. Қазіргі кезде үй шаруасында отырып, өзін өзі дамыту мүмкін емес. Егер қыз жігіттің көңілінен шығатын болса, ұнатса, ештеңе кедергі бола алмайды.
    Бұған дейін оқуымызды аяқтайық дедік. Одан соң жұмыс, басымызға бір үй керек деп жүріп қалдық. Мен үйдің үлкені болғандықтан бауырларымды аяқтандырып, соларға көмектесуге тырыстым. Бұл менің ата-анамның алдындағы борышым. Қазір, әрине, ол кісілер де үлкен жаңалық күтіп жүр. Енді сол армандарын орындасам деймін.
    Өз отбасымның да үлкен болғанын қалаймын. Тіпті, егіз балаларым болса екен деп те армандаймын. Әуелі Құдай... Ниет-тенсек, арманыма жетемін деп ойлаймын. Бірақ, бәрі болашақтың еншісінде. Бұйырғанын көреміз. Бала сүймей жүрген отбасылар да бар. Жан-жағымдағы жанашырларым бар білгендерін айтып жатады. Бәрімен де келісемін. Бірақ “осындай қыз бар еді, таныстырайық” дегендермен келіспеймін. Өзің танысып, біліскенге не жетсін.

    “Танысайық” немесе “таныстырайын” деп мазалайтындар болды ма?
    Болды. Мен үшін бұл дұрыс емес. Ондай ұсыныстарды қабылдап көргенім жоқ.

    Бала кезде кім болуды, қандай мамандық иесі болуды армандадыңыз?
    Менің арманым – ұшқыш болу еді. Техникаға өте жақынмын. Құрастыру, конструкторға әуеспін. Бірақ біздің кезімізде бұған мүмкіндік болған жоқ. Біз тоқсаныншы жылдардың балаларымыз. Ол кездегі бар арман – оқуға түсіп, соны бітіріп шығу болатын еді. Кластастарым оқуға түсіп жатқанда мен екі жыл жүрдім. Айтып өткендей, ақылы бөлімге отбасымның шамасы келмеді. Кейін өз біліміммен оқуға түстім.
    Бір оқиға есімнен кетпейді. Оқуға түсе алмай, ауылда жүрген кезім болатын. Екі жыл емтиханнан құлап, үшінші жыл қайта баруға жағдайым келмей жүрген. Аяқкиімім болмады. Содан бір ағайыма бардым. Ол кісі “міндетті түрде оқуға түсу керек пе? Ауылдың балалары жүр ғой қара жұмыс жасап” деді. Мен көнбедім. Содан қасындағы жеңгеме қарап, “аяқ киімімді берші, мынау оқып, әкім боламын дейді ғой” деген. Сол сөзі есімде мықтап қалған.

    Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
    Мен бала кезімнен әлі күнге дейін футбол, волейболмен әуесқой түрде айналысамын. Аптасына үш-төрт рет жаттығу залына барып тұрамын.
    Бала кезімде үйде көгершін, аквариумда балық өсірдім. Қазір олардың бәріне уақыт жоқ. Гүл өсіргенді жақсы көремін. Қазір үйде өз қолыммен еккен жиырмадан астам гүлдің түрі бар. Өзім баптаймын. Қырық шақты гүл өсіргенмін. Жартысын таратып бердім. Кабинетіме де әкелгенмін. Бірақ бұл жерде салқын әрі күтетін адам жоқ болғандықтан өспей қалды.
    Бізде ұзақ демалыс жоқ. Бір апталық еңбек демалысымда ауылға барып, балық аулағанды жақсы көремін. Адамның миы балық аулағанда тынығады екен. Қазір су жағасында балық аулап отырғандарды көрсем қатты қызығамын.

    Кітап оқығанды ұнатасыз ба?
    Иә. Тарихи шығармаларды көп оқимын. І.Есенберлиннің трилогиясы қатты ұнайды. Қазір кітап оқу қиын емес. Арнайы уақытыңды бөліп, кітапханаға барып, бұрынғыдай кітап арқалап жүрмейсің. Ең бастысы – ынта болу керек. Қазір техника, технологияның дамыған кезі. Интернет бар.

    Әлеуметтік желіні пайдаланасыз ба?
    “Одноклассники” желісінде бармын. Себебі – бала кезімдегі достарымның көбі жан-жаққа кетті, Ресейде тұратындары бар. Солармен осы желі арқылы байланысымды үзген емеспін.

    Уақытыңызды бөліп, әңгімелескеніңізге рақмет. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Үмбетбай УАЙДИН: Сылдырлаған медалім болмаса да, алғыстан құралақан емеспін
  • Гүлмирам Сражова: Тағдырластарымның қажетіне жарағаныма қуанамын

  • Отбасылық кеңесші: қазақы тәрбиені заманиландыру керек
  • Есет Сәдуақасов: Атақ алуға Әзір дайын емеспін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге