Ауыл тұрғыны: мемлекеттік қызметкер қызымның көзінше итті атып өлтірді

    Өрлеу селосында мемлекеттік қызметкер итті жеті жасар қыз баланың көзінше атып өлтірген. Дмитрийдің айтуынша, итті атқан кезде қызы Дарья иттің мойнындағы қарғысынан ұстап тұрған.

    Оқиға 23 мамырда болған. Иттің иесі Дмитрий Жаронкин редакцияға келіп, болған жайды баяндап берген болатын. Оның айтуынша, қызы досы екеуі итін серуендетуге шығады. Сол кезде ауланың сыртында көршінің малдарына үріп тұрған басқа иттер болған. Балалар ауладан шыға бергенде жол жиегіне үлкен жылдамдықпен джип көлігі келіп тоқтайды. “Бірдеңенің боларын ішім сезді. Көліктің бір жағынан қолында қаруы бар адам түсті. Мен балаларға қарай жүгірдім. Ал олар болса сол жердегі иттерді атып-атып түсірді. Мен жете алмасымды біліп, қызыма “кет, кет” деп айқайладым. Қасындағы көршінің баласы бірден түсініп, алысқа қашты. Ал қызым иттің қарғысынан жібермей тұра берді. Ал ол адамдар итті дротикпен атып салды. Ит бірден үйге қарай жүгірді. Бірақ өзінің ұясына жете алмады” дейді иттің иесі.

    Ит атушылардың жанына жетіп барған Дмитрий кім екендіктерін, кімнің рұқсат бергенін сұраған. Оның айтуынша, олардың бірі Құрайлы селолық округінің әкімдігінде есепші болып қызмет істейді екен. Талтүсте иттерді атып қана қоймай, өлмегендерін көлікпен тапап жүргендерін айтқан Дмитрий бұл істің жауапсыз қалмайтынына сенімді. “Кешкі беске дейін жалғасқан мұндай көріністі көрген куәгерлер де бар” дейді ол.

    “СНПС -Ақтөбемұнайгаз” компаниясында жұмыс істейтін Дмитрий Жаронкин иттің барлық құжаттары бар екенін айтты.
    -Иесі қасында тұрғанда, мойнында қарғысы бар итті ешкімнің атуға қақысы жоқ. Атып болған соң ғана, байқамағандығын айтты. Дротик жеңіл нәрсе. Ол ұшып барып, қызыма тигенде не болар еді. Ондай көріністен бала түгіл мен “шок” алдым. Мемлекеттік қызметкердің осылай жасауына бола ма?, - дейді ол.

    Оның айтуынша, қалалық ветстанция селолық округ әкімінің өтініші бойынша ит атуға басқа адамды жіберген.
    Отбасының сүйіктісіне айналған ит – Хазар, батыс-сібір лайкасы. Талай рет көрмелерге қатысып, дипломдармен марапатталған. Қазақстан кинологтар одағының және қаладағы “Қансонар” аңшылар қоғамының есебінде тұрған. Асыл тұқымды итінен айырылған Дмитрий, ауылда атылуға тиіс қаңғыбас иттер әлі толып жүргенін де айтты.

    Ал Құрайлы селолық округінің әкімі болған жай туралы былай деді:
    -Ауыл тұрғындарының өтінішімен біздер ветеринарлық станцияға сұраныс жасаймыз. Уақыты келген кезде станциядан арнайы ит атушы мамандар келеді. Олардың рұқсат қағаздары болады. Біз сол адамдарға өз мамандарымызды қасында болу үшін, бекітіп қоямыз. Сол 23 мамыр күні ауылдың сырт жағында бір бұзауды иттердің талап жатқанын байқаған. Ит ататын адам келгенде бас маманға, қасында жүруге тапсырма берілді.

    Бірақ әкім, ол жерде өзі болмағандықтан, көзімен көрмегендіктен ештеңе айта алмайтындығын ашып айтты. Сонымен қатар, “арызданған ауыл тұрғынына да бәрін түсіндіріп айттық” дейді Мақпал Тұрмағамбетова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бала атып алған қобдалық бір жылға сотталды
  • Бұралқы иттерден сақтаныңыздар!
  • Дмитрий Мирошниченко №7
  • Букмекерлік кеңседе бір адамды атып кетті
  • Ырғызда 4 баланы ит қауып алды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге