Ырғыздың жайы осындай...

    Ырғыздың жайы осындай...

    “ Биыл Ырғыз ауданының жағдайы жақсы” дейді аудан әкімдігінің қызметкерлері. Олардың айтуынша, ауылдың шаруашылығы биыл қарқынды дамуда.

    Ырғыздың арнасы тола бастады
    Ырғыз ауданына барған іссапар барысында ауданның, шалғайдағы шаруы қожалықтарының тұрмысымен танысып қайттық. Бірнеше жылдардан бері келе жатқан өзен суының арнасын толтыру жұмыстары биыл өз нәтижесін бере бастаған.
    -Биыл су мөлшері көбейді. Бұл қуантады. Биыл ауданымыздағы 80-ге жуық көлдің арнасы тола бастады. 2012 жылдан бері ауданымыздың қарамағына берілген үш бөгеттің жұмысы бүгінде нәтиже беруде. Суымыз толысса, балық шаруашылығын да одан әрі дамыта түсеміз деген ой бар. Алдағы уақытта балық комбинатын ашқалы жатырмыз,-дейді Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Қызбергенов.

    Ауданның қарамағындағы үш су бөгеті бар. Олар Ақши, Қыл және Қожа бөгеттері. Барлығы күрделі жөндеуден өткен. Төрт жыл бойы үздіксіз қызметінің арқасында биыл ауданның су мөлшері ұлғайған. Көктемдегі қар суы, Қарабұтақ, Талдық, тағы басқа көрші ауылдарда қардың мол түсуінен судың да мөлшері көбейген. Соның арқасында Жайсаңбай, Тәуіп, тағы басқа ауылдарда шаруашылыққа қолайлы жағдай туып отыр. Қыл және Қожа бекеттерінің ұзындығы 100 метр. Бұл бөгеттер су мөлшері толған жағдайда, құбыр арқылы артық суды арықтарға жібереді. Бұл арықтарға аққан артық су Торғай, Шалқар көлдеріне құйып, судың қалған мөлшері құрдымға кетеді. Алайда, бекеттердің құрылған уақытынан бері өзен арнасынан аспаған. Су бөгетті бұзып өтетіндей болап толмағанын айтты су арнасын бақылап отыратын жауапты маманы Бақыт Қуанов.

    Ауданның тағы бір су бекеті – Ақши. 1965 жылдан бері қызмет жасап келе жатқан бұл бекет 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен. Аудан орталығындағы суды сыртқа тасымалдайтын негізгі бөгет те осы.

    Арзан дүкен ашылды
    Аудан орталығында 4-ші маусым күні әлеуметтік маңызды азық-түліктер дүкені ашылды. Бұл ауданда тіркелген 54-ші дүкен. Аудандағы дүкендердің 30-ы азық-түлік дүкені. Орталықтан ашылған бұл дүкеннің иесі, жеке кәсіпкер – Асылжан Қырымкерей.
    Дүкендегі негізгі азық-түліктер отандық өнім. Ет, жұмыртқа, сүт өнімдері ауданның шаруаларынан, облыс орталығынан алынса, картоп, сәбіздер Оңтүстік Қазақстаннан, күріш өнімі Қызылорда облысынан әкелінеді.
    -Аудан әкімдігі қолдап, осындай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік дүкенін аштым. Кеткен шығынымды уақыт өте қайтарамын деп ойлаймын. Өзім осы Ырғыздың тумасымын. Бала кезімде қалаға көшіп кетсем де, уақыт өте осы дүкенді ашсам деп ақыры дегеніме жеттім,-дейді дүкеннің иесі, 23 жастағы Асылжан Қырымкерей.

    Оның айтуынша, азық-түліктің негізгі бағасына үстеме ақы көп қосылмайды. Бағалар аудандағы өзге дүкендерге қарағанда арзанырақ. Оның үстіне аудандық әкімдікпен үшжақты меморандумға қол қойған кәсіпкер, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға дүкен тауарларын тағы да 5 % жеңілдікпен сатып ала алады. “Бүгінде ауданда 100-ден астам аз қамтылған отбасы тіркеуде тұр. Бұл тізім тоқсан сайын жаңарып отырады” дейді аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Қызбергенов.

    Дүкен қожайыны ауыл тұрғындарының да кәсібіне қолұшын беруде. Асылжанның айтуынша, өтініш білдірген ауыл азаматтарының тары-талқан, қаймақтарын өз бағасына сатылымға қойып жатыр.

    Мал шаруашылығы
    Іссапар барысында Ырғыздың “Есбол” шаруа қожалығының жұмысымен таныстық. 2009 жылдан бері осы өңірге тұрақтаған шаруа қожалығының негізгі кәсібі – жылқы, қой және сиыр малы. Бүгінде қожалықтағы жылқы 1000-ға жуық, 150-ге жуық сиыр, 350 қой мен 150-ге жуық ешкі малы бар. Бұл төлдерін санамағандағы тек ересек малдың бас саны. Сондай-ақ, қазір сауыншылар 11 биені сауып отыр. Келер жылға дейін сауынды бие санын 30-ға жеткізу жоспарда бар.
    Шаруа қожалығының жұмысы сонау 2009 жыл 180 бас жылқы мен 40 шақты ірі-қарадан бастау алған. Қожалық басшысы Сәкен Сүйеубевтың айтуынша, мал шаруашылығының дамуына жердің кеңдігі мен жайылымға қолайлылығы себепші болған. Қазір өздеріне тиесілі 60 мың гектар жері де бар. Бүгінде мал санын көбейтіп, сату, бордақылау кәсіптерімен айналысуда. 50 малға арналған бордақылау ғимараты да бар. Мұндағы нысанның барлығын қожалық басшысы өз қаражатына тұрғызғанын аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Қызбергенов жасырмады. Бұл нысандардан бөлек, жеті шақырым жерден электр энергиясын жүргізу жұмысының шығынын да қожалық өз мойнына алған.

    Айта кететін бір мәселе – судың аздығы. Қожалыққа тиесілі аумақтағы көлдің суы мыңдаған ірі-қараға жетпейді. Қосымша жер астынан алатын суды түн басталысымен қарбаласып, жинай бастайды. Таңға дейін жинақталған су мөлшері бір суарымға ғана жарамды. Сол себепті мал басын өсірсе, жануарларға су жетпей қала ма деп алаңдайды.

    Бүгінде қожалық 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Атап айтар болсақ, 15 тәулік қызметі үшін 50 мың теңге жалақы алатын 6 жылқышы қызмет жасайды. Одан бөлек тракторшы, сауыншы, шопандар отбасы жұмыс істейді.

    Ауданда бордақылау алаңы жұмыс жасайды
    Ырғыз ауданында 3000 бас малға дейін қабылдай алатын “Наурыз - СИМ” бордақылау алаңы жұмыс істейді. Бұл мекеменің қожайыны Ибрагим Сарсенбаевтың айтуынша, бұл жерге жұмысқа тұрғысы келетін жас мамандарға басшылық тарапынан жеңілдіктер қарастырылған. Мал дәрігері Ерболат Жумин осы қожалыққа жұмысқа тұрғаннан кейін баспаналы болғанын айтады. Басшылық тарапынан отбасылы жастарға үй беріледі, ал басы бос жас мамандар жұмысқа тұрғаннан кейін шаңырақ көтереміз десе, тойын жасап беру де бордақылау орталығының жастарға жасаған жеңілдігі.

    Болашақта бұл орталықта жұмысшыларға арналған жатақхананың жұмысы аяқталады. Жаңдан келер қызметкерлер болса осы жатақханадан бөлме алуға мүмкіндігі бар.

    -Жұмыс өзіме ұнайды. Ақтөбедегі ауылшаруашылық колледжін бітіріп, осында жұмысқа келдім. Жалақы жағынан да еш қиындық жоқ. Уақытылы алып тұрамыз. Бізбен әріптес боламын дейтін жас мамандар болса қысылмай келе беруіне болады. Осы уақытқа дейін екі тракторшының тойы жасалып, алты жұмысшы баспаналы болды,-дейді Ерболат Жумин.

    Бордақылау алаңына барғанымызда, бапталып жатқан бұқалардың бірін таразыға қойып, өлшеп көрген болатынбыз. Таза салмағы 552 келіні құрады. Ал биыл күзде 3000 мал бордақыланады деп жоспарлап отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қобда ауданы болашақта туризм кластеріне айналады
  • Шалқар көлін сақтап қалуға 5 млрд теңге қажет
  • Қарғалыда құс фермасы ашылады
  • Ырғызда балық өндейтін зауыт ашылады
  • Өрістегі мал арам өле бастады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге