Ақтөбе облысында 4 жасар баланы түлкі тістеп алған

Қобда ауданында 4 жасар баланы түлкі тістеп алды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Оқиға 4 шілде күні болған. Бала ата-анасымен Жарық өзені жағасына барған. Талдардың арасынан аяқ астынан атып шыққан түлкі баланы тістеп алған. Керек. info газетінің тілшісі жағдайды білмек болып Қобда аудандық ауруханасының бас дәрігері Мақсат Қапашевқа хабарласқан еді.

-Бала ауруханада ем қабылдап жатыр. Қасында анасы бар. Ауруханаға келгенде маңдайы мен мұрнында жарақат, аяғында сызат болды. Тиісті көмек көрсетілді. Құтырмаға қарсы екпе алды, -дейді Қобда аудандық ауруханасының бас дәрігері.

Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық. Ал оны тістеген жыртқыш аң өлтірілген.


Әлеумет
10:30, 05 июль 2023
1 404
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив