Ақтөбеліктердің сотқа деген сенімі төмен

    Бұл туралы облыстық соттың жаңа төрағасын тағайындау барысында ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми мәлімдеді.

    22 маусым күні Қайрат Мәми Ақтөбе облысының сот ұжымына жаңа төрағаны таныстырып тағайындады.
    - Мұратғали Абрарұлы Әкетай сот жүйесінде бөтен адам емес. Ол белгілі судья, заңгер, басшы және заң ғылымдарының кандидаты. Ұзақ жылдар бойы Әділет министрлігінде, прокуратура және сот органдарында қызмет атқарған. Облыс прокурорының орынбасары, аудандық, облыстық алқабилер сотының төраға сияқты қызметтерді абыроймен атқарды. Осы уақытқа дейін 3 жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысының сот төрағасы болған,-деді Қайрат Мәми.

    Сондай-ақ, ол Мұратғали Әкетайдың Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмысына оң баға беріп, Ақтөбе облыстық сотының да мерейі асқақтайтындығына сенім артты.
    Айта кетейік, Жоғарғы соттың статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Республикалық рейтингте 2-3-ші орыннан түспей жүр.
    Ал Ақтөбе облысының сотына қатысты Қайрат Мәми кемшілікті көп айтты. Осылайша, ол ақтөбеліктердің сотқа деген сенімі төмен екенін тілге тиек етті.
    - Қазақстандық соттардың қолжетімділігі мен сапасын тексеру мақсатында Жоғарғы сот жуырда онлайн-сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 16 мыңнан аса адам қатысы. Соның ішінде 700 ақтөбелік болды. Қазақстандық соттар жұмысының сапалығына қанағаттану деңгейі 74 пайыз құрайды. Сұқбат бергендердің 84 пайызы ақпараттық технологиялардың енгізілуімен сот әлдеқайда қолжетімді болды деп есептейді. 81 пайызы соттардың ашықтығына риза, 77 пайызы сот инстанцияларының қысқаруына оң баға берді. 73 пайызы судьялардың шыншылдығы мен әділдігін атап өтті. Ал Ақтөбе облысының сотын айтатын болсақ, мұнда сұқбат бергендердің тек 62 пайызы ғана сот жұмысының сапалығына қанағаттанады, ал Республика бойынша бұл көрсеткіш 74 пайыз құрайды. Ақтөбенің көрсеткіші Республика бойынша ең төмен көрсеткіш болып есептеледі. Сонымен қатар, кейбір сұқбат бергендердің жауаптары үрей туғызады. Осылайша, солардың 15 пайызы судьялардың шыншылдығы мен әділдігіне күмән білдірді. 14 пайызы дұрыс шешім қабылдау үшін судьялардың кәсіпқойлығын жеткіліксіз деп санайды, 15 пайызы сот жұмысының сапасына наразы болды,-деп Қайрат Мәми ақтөбелік судьялардың жұмысын сынады.

    Жергілікті судьялардың сапасы бұған дейін де талқыланған.
    - Бұл орынды жағдай, яғни бұл судьялардың жұмыс істеп жатқандығын білдіреді, – дейтін Ақтөбе облыстық сотының бұрынғы төрағасы Ерлан Айтжанов бұл туралы.

    Айта кетейік, Ерлан Айтжанов Солтүстік Қазақстан облысының сот төрағасы болып бекітілді.
    - Ақтөбе облыстық сотының қызметі, олардың бұқаралық ақпарат құралдармен жұмыс істеудегі олқылықтары жайлы Жоғарғы сотқа шағым-арыз көп түсіп жатты. Соның бәрін ескеріп, көлемі кішілеу Солтүстік Қазақстан облысының сотына Ерлан Жұмаханұлын тағайындадық,-деді Қайрат Мәми.

    Ал Ақтөбе облыстық сотының жаңа төрағасы болып бекітілген Мұратғали Әкетайға Қайрат Мәми зор табыс тілеп, халықтың сотқа деген сенімін арттыруға күш салуды тапсырды.

    Естеріңізге сала кетейік, Мұратғали Абрарұлы 1995-2001 жылдар аралығында Алматы қаласының Әділет министрлігінде қызмет атқарған. ҚР Президент Жарлығына сәйкес, 2001 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандық сотының төрағасы болып бекітілді. Ал 2004 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша алқабилер төрағасы болды. 2009-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облыс прокурорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі алқабилер аппеляциялық сотының төрағасы болған. ҚР Президенті Жарлығына сәйкес, 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысының сот төрағасы болып тағайындалды.
    - Мұратқали Абрарұлын біз білеміз. Шығыс Қазақстан облысында бірге жұмыс істедік. Менің ойымша, сот қызметкерлерінің негізгі міндеті – халықтың сотқа деген сенімділігін жоғалтпау, заңдылықтың бар екенін көрсету. Өйткені, әділдік іздеп, әділ шешім қабылдайды деп соңғы баратын жер – бұл сот, –деп Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапараев жиын соңын қорытындылады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Судьялыққа үміткерлер үшін талап күшейтілді
  • Ақтөбеде ӘКК басшысы тағайындалды
  • Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды
  • Әділет департаментіне жаңа басшы келді
  • Сот төрағасы журналистерден кешірім сұрады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге