Маман: Туризмді ауылды аралатудан бастау керек

    Демалыс маусымы басталды. Шетел асып, демалып қайтатындар да аз емес. Ал біздің жергілікті туризм қалай дамыған? Шетелдік туристерді Ақтөбе облысында қандай кедергілер күтіп отыр? Ал біздің өңірде шетелдіктерді тартатындай жерлер көп пе? Ақтөбеліктер көбіне қай елдерде демалады? Осы сұрақтарға “Kepek.info” тілшісі жауап іздеп, турфирмалармен сұқбаттасқан еді.

    Жер астынан атқылап шығып жатқан мұнайы болмаса да әлемге аты аян мемлекеттер көп. Аузын айға білеген кейбір елдерде қазба байлықтары да шықпайды. Олардың атын шығарып отырған – туризм. Біздің өңірде де шетелдіктерге көрсететін жерлер көп. Ал Ақтөбеде туризм қалай дамыған?!

    Ақтөбенің туристік орындары көп, алайда...
    Облыста шетелдік туристерге ұялмай көрсететін керемет жерлер көп. Айта кетейік, Қобыланды батыр кесенесі, Байғаниннің бор таулары, Ырғыздағы Жаманшин кратері, Мұғалжар тауларының ежелгі жанартаулары. Ал талай шетелдік тарихшылардың таңдайын қақтырған Хромтаудағы “Айдарлы аша” қимасының өзі неге тұрады?!
    Облыстық “Зере Тур” туристік агенттік қызметкерлерінің пікірінше, туризмді тарихтан бастау керек.
    -“Бізде баратын жер аз”дейді. Мүлде олай емес. Мәселен, “Абат Байтақ” кесенесі, “Қобда – батырлар отаны” атты туристік бағыт бар. Осы француздар не Наполеонды, не Маратты бөліп жармай, оларды өз тарихының мақтан тұтар бір құрамдас бөлігі ретінде санайды. Біз де өз тарихымызды мақтан тұтуымыз керек. Соны жастарға үйрету қажет. Өз тарихын, өз жерінің жетістіктерін ұмытып бара жатқан тағы бір ұрпақ тәрбиелеуіміз мүмкін. Сондықтан туған жердің тарихына зор мән беру керек,-дейді туристік компанияның мердігері Ботагөз Крамбаева.

    Баяғы жол мәселесі
    Бір таңқалатын жайт, аталмыш мекеменің директорының айтуынша, ресейліктер Қазақстанның жолдарын мақтайды екен. Олардың пікірінше, біздің жолдар Өзбекстан мен Ресейдікіне қарағанда тәуір.
    - Бірақ олар Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізі туралы айтып отырған шығар. Ал аудан ішінде жол мүлдем жоқ деуге болады. Дегенмен туристер бұған аса мән беріп жатқан жоқ,-дейді Ботагөз Крамбаева.
    Жол – туризмді дамытудағы үлкен кедергілердің бірі. Мамандардың пікірінше, бұл туристер үшін ыңғайсыздық туғызып қана қоймайды, қауіпті де екен.

    Туристерге сапалы қызмет көрсететін тұрақтар аз
    Туристік агенттіктердің айтуынша, Ақтөбе облысында сапалы, заман талабына сай кепмпингтер жетіспейді.

    Бар кемпингтердің сапасы төмен. Стандартқа сай салынбаған. Олардың бағасы мен ұсынып отырған қызметтері сәйкес келмейді.
    -Кеше ғана 10 күн бойы аудандарды араладым. Тұруға лайық кемпингтер санаулы. Олар Хромтаудағы “Девчата”, “Уют” және Әйтеке бидегі “Нұрлы Жол”,-дейді туристік компания мердігері.
    Оның айтуынша, туристерді қабылдайтын кемпингтер болғанмен, ол жерде дұрыс қарсы алатын адам жоқ. Сол адамдарды оқытып, сапалы қызмет көрсетуге дайындау керек.

    Шет тілін жетік меңгерген гид жоқ
    -Кеше ғана Байқоңырдан келдім. Қызылордада көбіне жол бағыттарына көп мән беріледі. Мәселен, Қызылорда – Байқоңыр жол бағыты. Жалпы бұл маршрут жаман емес. Бірақ оларда экскурсия жетекшілері мүлдем жетіспейді. Бұл проблема бүкіл Қазақстанға қатысты. Бірнеше тіл меңгерген гид жоқтың қасы. Ағылшын тілін білетін гидтерді тауып жатса, ал қытай, италяндық, француз тілінде сөйлей алатын адамдарды табу өте қиын,-дейді Олжас Есенбаев.
    Туристік компания жетекшілері жергілікті жоғары оқу орындардың түлектер сапасына қанағаттанбайды. Олардың айтуынша, төрт жыл бойы шет тілі факультетінде білім алған түлектер ағылшын тілін түсінбейді де, шет тілде қарапайым сөйлемдер құрай алмайды.

    - Жастар практикасынан өтіп жүрген түлектер бар. Оларды қалай үйрететіні белгісіз. Өйткені биыл келген студенттердің бір де біреуі ағылшын тілін жетік меңгермеген. 2010 жылдан бас-тап туризм мамандығы бойынша оқытатын университеттермен әріптестік орнатқанбыз. Бірақ бізден тәжірибеден өтіп жүрген студенттер шетел тілін білмейді,-деп Ботагөз Крамбаева өкінеді.

    Шетелдіктерді ғимараттар емес, киіз үй мен шұбат қызықтырады
    Шетел туристерін зәулім ғимараттар емес, мал шаруашылығы, киіз үй, қымыз, шұбат дайындау сияқты қазақтың ұлттық кәсібі қызықтырады. Шетелдіктердің өздері жерглікті туристік компанияларға осылай дейді екен.
    Келген кейбір туристер “Біздер Қазақстанда киіз үй мен жылқылардың бар екенін білеміз. Бірақ біз жүздеген шақырым жол жүріп өтсек те, бір де бір киіз үйді көрмедік”деген пікір де қалдырған. Бізге келгенше, Моңғолияға барған артық оларға,-дейді Олжас Есенбаев.
    Ол кемпингтерді салған кезде ұлттық мәдениет жайлы ұмытпауын сұрайды. Өйткені шетелдіктерді нақ сонымен қызықтыруға болады. Міндетті түрде киіз үй емес, ең болмағанда еденге кілем төсеп, қазақ мәдениетінің иісін шығарса да жеткілікті.

    Туризмді дамытуда ауылдың мүмкіндігі мол
    “Зере Тур” компаниясының мердігері Ботагөз Крамбаева ауыл тұрғындарына тегін бизнес идея ұсынып отыр. Оның айтуынша, ауыл тұрғындары өз үйлерін турис-терге арналған тұраққа айналдыра алады.
    Маман пікірінше, ауыл тұрғындары ештеңе өзгертпей-ақ, өздерінің күнделікті кәсіптерімен айналысып, қонақтарды қарсы алса, шетелдіктер соған мәз болады. Майды қалай шайқайтынын, құртты қалай істейтінін көрсе, шетелдіктер үшін сол қызық.
    -Ауыл тұрғындары туристерді кәдімгідей қонақтар ретінде қарсы алса жеткілікті. Ал бұл турист қонақтар жергілікті халыққа ақша түсіреді. Осылайша, Белорусия туризмді дамытқан. Қазіргі таңда олар туризм бойынша Польша мен Балтық елдерін озып шықты,-дейді ол.

    Ауылдық туризм дамыса, онда тек шетелдіктер емес, қала тұрғындары да ауылды аралауға жиі баратындығын айтады маман.

    Ақтөбеліктер Түркияда демалағанды жақсы көреді
    Өкінішке орай, қазіргі таңда ақтөбеліктерді жергілікті саяхат орындары мүлде қызықтырмайды, олар қайта емделу мақсатында Сарыағаш, Бурабайға барады екен. Дегенмен жергілікті туристік компаниялардың мәліметіне сәйкес, қала тұрғындары Түркияда демалғанды жөн көреді. Өйткені бұл арзан және оның айналасына бару-қайту жол ақысы, тұруы мен азығы кіреді.

    - Құны 144 мың тұратын Сочидегі демалыс жайында жарнама берсек те, 170 мың тұратын Түркиядағы саяхатты көп таңдайды,-дейді Ақтөбе қаласындағы туристік агенттіктің Алтын есімді менеджері.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеге оралдық шаңғышылар келді
  • Дағдарыстың салқыны туристік компанияларға да тиді
  • Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
  • “Туристік дүкен” өртенді
  • Жазғы туристік маусым басталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге