Орамал таққаны үшін жұмысқа алынбады

    Орамал таққаны үшін жұмысқа алынбады

    “Кerek.info” газетінің редакциясына хабарласқан ақтөбелік, қызын орамал таққаны үшін мектепке жұмысқа алмай отырғандығын айтты. “Орамалыңды шешсең ғана жұмысқа аламыз” деген мектеп директоры кейін бос орынның жоқтығын айтып, жас маманды жұмысқа алудан бас тартқан.

    Алтынгүл Сәрсенова биыл Қ.Жұбанов атындағы университетті аяқтап, бастауыш сынып мұғалімі мамандығы дипломын алған. Ол жолдамамен қаладағы мектептердің біріне жіберіледі. Бірақ мектеп директоры жас маманға “орамалыңды шешсең ғана жұмысқа аламыз” деген шарт қояды.
    - Бұл жерде адам құқығы тапталып отыр. Қызым жолдаманы сәуір айында алды. Сол жолдамамен мектепке барғанда директор орамалын шешуді талап еткен. Көп ойланып, мектеп директорының алдына екінші рет барған қызым орамалды қарапайым түрде тағып жүретіндігін айтқан. Ешқандай нәтиже болмады. Қолына дипломын алып, қайта барғанымызда мектеп басшысы бос орынның жоқ екендігін айтты. Орамал таққандардың бәрі бірдей қауіпті емес қой. Мен күзетші болып жұмыс істеймін. Балаларымды ақылы бөлімде оқыттым. Қатарынан қалмасын, білім алсын деп. Жоғары білімі болса да, жұмысқа орналаса алмай жүр. Прокуратураға да арыз жаздым, - дейді Алтынгүлдің әкесі Арыстанбек Сәрсенов.
    Орамалды үш жыл бұрын, университет қабырғасында жүріп таққан Алтынгүл, мектепте талап етілген киім үлгісін киюге дайын екендігін айтты. Тек орамал тағуға рұқсат етсе дейді.
    -Басқа жеке ұйымдардан да жұмыс іздеп жүрмін. Бірақ мұғалім болғым келеді, - дейді жас маман.
    Бұл мәселеге байланысты жауап берген қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева, бос орын болса, заңды түрде барып тұрған маманнан директордың бас тартуға құқығы жоқ екенін жеткізді.
    Бет қатталып жатқанда, қалалық білім бөлімі Алтынгүл Сәрсенованың №22 орта мектепке жұмысқа орналасқанын хабарлады. Ол орыс мектебінің бастауыш сыныбына сабақ беретін болады. Ал жұ-мысқа алу туралы бұйрық 1 қыр-күйекте шықпақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Білім бөлімімен дауласқан мектеп директоры сотта жеңіліп қалды
  • Ұбт: биыл қандай өзгерістер бар?
  • Түске дейін бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды
  • Әріптестеріне ерегескен ауыл тұрғыны үш баласын сабаққа жібермей қойды
  • БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге