5 баланың анасы далада қалуы мүмкін

    5  баланың анасы далада қалуы мүмкін

    Ақтөбеде көпбалалы ана үйсіз қалуы мүмкін. Бес баласымен көше кезіп кетуден қорыққан әйел “ баспанасыз қалсам, өзімді өртеп жіберуден тайынбаймын” деп отыр

    41 жастағы Светлана Жақаева осыдан он жыл бұрын Ақжар -1 ауылынан жер алып, үй салған. Бірақ, қазір қолында мұны дәлелдейтін бірде-бір құжаты жоқ. Бұрынғы қожайынынан алған жер актісін жоғалтып алғандықтан, дер кезінде үйін де өз атына тіркете алмаған. Айтуынша, даудың басы осыдан бірер жыл бұрын басталған. Көршілерінің бірі өз аумағын 3 метр жерге заңсыз кеңейтіп алыпты. Осыдан кейін Светлана Жақаева өз ауласын қоршап алған. Осыдан соң дауласқан көршісі үйдің заңсыз тұрғызылғанын айтып, жер қатынастары бөліміне арызданған. Енді бұған дейін баспанаға мән бермеген әкімдіктегілер одан “заңсыз жер алды” деген желеумен үйін бұзуын талап етіп отыр. Амалы таусылған әйел бес баласымен көшеде қалам ба деп қорқады.

    - Жерді 2006-2007 жылдары үш жүз мың теңгеге сатып алдым. Құжаттарының барлығы дұрыс болды. Жер сатып алуға ақшаны әзер тапқандықтан, оны нотариус арқылы рәсімдеуге қаражатым болмады. Әкімдіктен келген тексерушілер құжаттарымды тексеріп, үйді заманауи құрылыс материалдарынан салуым керектігін айтты. Бірақ ол кезде “жерді заңсыз алдың” деген ескерту болған жоқ. Тіпті үйімді нөмірледі. Осыдан 4-5 жыл бұрын бір заңгер құжаттарымды заң тұрғысында рәсімдеп бермек болған. Алайда артынан оны да таба алмай қалдым. Құжаттарым да жоғалды, -дейді көпбалалы ана.
    Осыдан соң әйел қалалық жер қатынастары бөліміне барған. Мамандар оған қолында құжаттары болмағандықтан, баспананы өз атына рәсімдей алмайтындығын айтыпты. Үйсіз қалудан үрейленген әйел қазір сот жағалап жүр.
    -Жер қатынастары бөлімі үйді бір аптаның ішінде бұзуды талап етіп отыр. Сөздерінше, жерді өз бетіммен заңсыз алып, үй тұрғызғанмын. Алайда олар осыны тексермей, 10 жыл бойы қайда қарап отырған?! Мен бес баламмен қайда барам?! Енді үй салатын ақшам да жоқ. Ең кішкентайым бар болғаны 9 айлық. Жолдасымның да жұмысы жоқ. Тіпті өзіміздің де, балаларымыздың да тұрақты тіркеуі жоқ. Егер үйімді тартып алып, далада қалдырар болса, өзімді өртеп жіберуден басқа амалым жоқ, -дейді ашынған тұрғын.
    Амалы таусылған әйел Елбасыға да хат жолдаған. Баспана дауына соңғы нүктені енді сот қоймақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік мүгедек биліктен көмек сұрайды
  • Гүл сатушы мен биліктің дауы
  • Алаяқ әйел 30 шақты адамды алдаған
  • Сот бір басында 34 несиесі бар алаяқ әйелдің ісін қарап жатыр
  • Шенеуніктерге сот үкімі шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге