Ақтөбеде жолаушылар автобусы аударылып қалды

    Ақтөбеде жолаушыға лық толы автобус апатқа ұшырады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 13 адам түрлі дене жарақатын алды. Олардың үшеуі қазір облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатыр.

    Жол апаты 17 тамыз күні таңертең болған. Қала іргесіндегі Пригородный ауылына қатынайтын шағын автобуста кондуктор болмаған. Жүргізуші жол ақысын өзі алып жатқан кезде көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Оқиға болған кезде автобус салонында отызға тарта жолаушы болыпты. 13 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында жүкті әйел мен 15 жастағы мектеп оқушысы да бар.

    -Дәрігерлік тексеруден кейін 10 адам амбулаториялық ем қабылдауға үйлеріне жіберілді. Қазір бас ми жарақатын алған екі науқас нейрохирургия бөлімінде жатыр. Біреуі жарақаттану бөлімінде ем қабылдауда. Ауруханаға жеткізілгендердің арасында аяғы ауыр келіншек те болды. Ол жүктіліктің 30-31 аптасында болған. Алайда оның да, болашақ сәбидің де өміріне еш қауіп жоқ болғандықтан үйлеріне жіберілді,-дейді дәрігер-травматолог Әділбек Қаражанов.
    Жол апаты кезінде жарақат алған Айнаш Оразова оқиғаға автобустың ескілігі себеп болды деп отыр.

    - Автобуста кондуктор болмаған. Оның орнына жүргізуші жолаушылардан жолақысын алмақ болған кезде рөлге ие бола алмай қалды. Жол апатын болдырмау үшін автобусты оңға қарай бұрмақ болған. Онысынан ештеңе шықпады. Алайда жүргізушінің еш кінәсі жоқ. Ауылға қатынайтын автобус тапшы. Халық саны аз деген желеумен артық көлік берілмей отыр. Бар болғаны үш –ақ көлік бар. Оның өзі де ескі. Тұрғындар қанша рет жазғанмен, еш нәтиже жоқ. Жол апатынан кейін құрбым екеуміз жарақаттанғандарға көмектестік. Алғашында ет қызуымен жүріп, өзімнің жарақатымды сезбеппін. Ақыры ауруханаға жаттым, -дейді 47 жастағы әйел.
    Қазір полицейлер жол апатына қатысты тергеу жүргізуде. Әзірге олар 58 жастағы жүргізушінің ішімдік ішпегендігін айтып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ондаған жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады
  • Ақтөбеде жолаушылар автобусы мен КаМАЗ соқтығысып қалды
  • Полиция жол апатына кінәлі жүргізушіні іздейді
  • Астанадағы автобус апатынан 20 адам зардап шекті
  • Хромтауда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге