Ақтөбеде 300-ден астам үй жануары есепке алынған

1 қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке алу науқаны басталды. Осы уақыт ішінде облыс бойынша, 187 ит пен 114 мысық “Tanba” ақпараттық жүйесіне енгізілген.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының ветеринариялық есеп және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бөлімінің басшысы Шахидолла Рахимов уақытша ұстау пунктіне жыл басынан бері 3292 бас қаңғыбас жануар әкелінгенін жеткізді. Оның ішінде 3141-іне стерильдеу жұмыстары жүргізіліп, екпе салынған. Мұндай орындар аудандар да ұйымдастырылған.

Жануарларды есепке алу мақсатында “Tanba” ақпараттық жүйесімен келісім-шарт жасалған. Бұл жұмыс бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Биыл құтырма ауыруына қарсы 26 200 ит пен 2850 мысыққа екпе тегін қарастырылған.

- Облыстағы мемлекеттік ветеринарлық станцияларда үй жануарларына микрочип салудың бекітілген, бірыңғай тарифі бар. Микрочиптеу процедурасының құны-754 теңге. Бұған жануарды тексеру, микрочиптеу, мәліметтер базасына енгізу және электронды төлқұжат беру жатады,-дейді бөлім басшысы. Маманның сөзінше, үй жануарларын чиптеу жануарлар үшін қауіпсіз. Мысалы, ит қашып немесе жоғалып кетті делік. Егер ол табылса, чипті сканерлеу арқылы иесінің кім екенін, иесімен қалай байланысуға болатынын анықтауға болады. Үй жануарларын тіркеу ҚР әрбір азаматтың міндеті болып табылады. Тіркеу жұмыстары иесіз жануарлардың көбеюіне жол бермеу үшін қолданылып отырған шара. Еске сала кетейік, әр жануарға бір-ақ рет сәйкестендіру нөмірі беріледі.








Қоғам
13:30, 18 сентябрь 2023
361
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив