Мас күйінде адам қағып өлтірген ауыл әкімі 5 жылға сотталып кетті

    Ақтөбе облысында жас жігітті көлігімен қағып өлтірген әкім 5 жылға абақтыға қамалды. Бұған қоса ол марқұмның туыстарына 2 млн теңге моральдық шығын төлеуі тиіс.

    Мұғалжар аудандық соты Кеңқияқ ауылының бұрынғы әкімі Нұрлыбек Қалмағанбетовке үкім шығарды. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Тергеу кезінде әкімнің жол апатын мас күйінде жасағаны белгілі болды. Ең сорақысы, ол бұған дейін де 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылған екен. Мұнысымен қоймай, ол қылмыс болған жерден кетіп қалған. Алайда сот отырысы кезінде ол сол күні ішімдік ішкенін және оқиға орнынан кетіп қалғанын мойындаған жоқ.
    -Жәбірленушіден кешірім сұраймын. Жол апатын жасағанымды мойындаймын. Кінәлімін. Әлі күнге дейін көз алдымда тұр. Мен оны әдейі жасаған жоқпын. Ол баланы қайтарып та бере алмаймын ғой... Ішімдік ішкенімді, оқиға орнынан кетіп қалғанымды мойындамаймын. Қамауда отырғаныма 5 ай болды. Маған да оңай емес... Мұндай адамды бірінші рет көрдім. Кешірім сұрап бардым. Тума-туыс, жора-жолдастан 2 млн теңге жинап бердім. Бірақ, ол “соттатам, он есе қылып қайтарып бересің, сот арқылы өндірем” деді. Баласы үшін 20 млн теңге талап етіп отыр.Түсінем, қайғысы бар. Бірақ, баласының қайғысына қайғырып тұрғаны шамалы деп ойлаймын. Баласын осындай ақшаға бағалап отыр. Осы уақытқа дейін мемлекет берген жалақыға өмір сүріп келдім. Менде ондай ақша жоқ. Жазамды жеңілдетуіңізді, әділ шешім шығаруыңызды сұраймын, -деді соңғы сөзінде әкім.
    Дегенмен куәгерлер сотта басқаша жауап берді. Сот отырысына қоғамдық қорғаушы ретінде Нұрлыбек Қалмағанбетовтің әйелі де қатысты. Венера Әлібаева сотқа 537 адам қол қойған қолдаухатты ұсынды. Кәмелетке толмаған баласы мен қарт анасы барлығын алға тартқан ол жолдасын қатаң жазаламауын сұрады.

    - Абайсызда болған оқыс оқиғадан осындай қайғыға ұшырағаныңыз үшін отбасыңыздан кешірім сұраймын. Кешіріңізші... Аман аға, басымызды тойда қоспай, осындай жерде қосқанына қатты өкінемін. 6 айға жуық уақыт болды. Күндеріміздің бәрі жылаумен өтіп жатыр. Сіздің де балаңыздан айрылғаныңыз жүрегіңізге қатты әсер етіп жатыр. Аға, менің балаларымды да әкесінен айыра көрмеңізші...Үш бала тәрбиелеп отырмыз. Қарт анасы бар. Қатаң жаза қабылдамауыңызды сұраймын, -деп жылады сотталушының жұбайы.
    Прокурор Еркебұлан Ермекбаев Нұрлыбек Қалмағанбетовті 5 жылға бас бостандығынан айыруын талап етті. Сотталушының өз жазасын қоныс колониясында өтеуін ұсынды. Сондай-ақ әкімді 7 жылға көлік айдау құқығынан айыруын сұрады. Десе де қайтыс болған жігіттің әкесі прокурор сұраған мерзіммен келіскен жоқ.
    -Ол сол күні ішімдік ішкен. Оқиға болардан бір күн бұрын оны мас күйінде көрдім. Мұнымен қоймай, оқиға орнынан қашып кетті. Ешкімге көмектеспеді. Алғашында кешірім бергім келген. Алайда ол сот барысында өтірік айтып, жасаған ісін мойындамай отыр. Біз туыс болып келеміз. Осы оқиғадан кейін ағайынның арасына жік түсті. Туыстарымыз кешірмегенім үшін мені кінәлай бастады. Үміт күткен балам еді. Тірі болғанда биыл диплом алатын. Үйлендіріп, немере сүйем деп жүр едім. Балалары жетім қалған жоқ, жазасын өтеп келеді. Ал менің баламды ешкім қайтара алмайды. Сондықтан мен оны барынша қатаң жазалауыңызды сұраймын,- деді Амангелді Қуанышалин.
    23 тамыз күні Мұғалжар аудандық сотының судьясы Жәнібек Сейтжапаров Нұрлыбек Қалмағанбетовті 5 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған қоса көлік басқару құқығынан 7 жылға айыру жазасын тағайындады. Судья сотталушының ішімдік ішкенін анықтау кезінде заңсыздыққа жол берген облыстық денсаулық басқармасына жеке қаулы шығарды. Істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде із жүргізу заңнамасының бұзылуына жол бергені үшін Ақтөбе облысының ішкі істер Департаментіне де ескерту жасады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
    Естеріңізге сала кетелік, жол апаты осыдан жарты жыл бұрын болған. Кеңқияқ ауылының әкімі көлігімен жол жиегінде тұрған машинаны соғып, сол жерде тұрған екі жігітті басып өткен. Жол апаты салдарынан 21 жастағы Әділхан Қуанышалин көз жұмды. Жарақат алған тағы бір жігіт кейін жазылып кетті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Адам қағып өлтірген ауыл әкімі 5 жылға сотталып кетті
  • Ақтөбе облысында адам қағып өлтірген ауыл әкімі 5 жылға сотталуы мүмкін
  • Жол апатына кінәлі жігіт жазаланды
  • Бес баласы бар фельдшер 17 жастағы қызды зорлаған
  • Шалқарлық жігіт 22 жылға сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге