Қазақ тілі кімге керек?

    Қазақ тілі  кімге керек?

    “Қазақ тілдің кежегесі кейін тартып, әлі күнге дейін лайықты тұғырына көтеріле алмай келе жатқанына – шенеуніктер мен бюрократтар кінәлі. Бұл – өздері қазақша білмейтін, үйренуге ынтасыз мемлекеттік қызметкерлердің астыртын жұмысының жемісі”. Өткен аптада қоғам қайраткері Дос Көшім ақтөбелік орыстілді аудиториямен кездескенде осылай деді. Белгілі саясаттанушы өңірлерді “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” бағдарламасы бойынша аралап жүр.

    Қазір, сөздің ашығын айту керек, Қазақстанда тілге байланысты екі лагер пайда болды. Олар бір-бірімен мүлдем байланыспайтын, өз қайғысы мен қуанышы бар, өздеріне ғана тән мерекелері бар екі әлемге айналды. Екеуі ешқашан бірге қиылыспайтын, бірінің мәселесіне екіншісінің басы ауырмайтын, қандай да бір ортақ ісі жоқ, бір арнада тоғыспайтын екі бөлек аудитория қалыптасып үлгерді. Басқаны айтпағанда, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін білетін әншілер қауымын алайық. Көшедегі кез-келген орыстан немесе орыс тілді қазақтан қазіргі қазақ эстрадасының әншілерін сұраңызшы - ешбірін танымайды. Сол сияқты, орыс тілді аудиторияның да өз әншілері бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жыл сайынғы жолдауында қазақ тілінің мәртебесін өз деңгейіне жеткізу туралы талмай айтып келеді. Тіл туралы заңдың қолданысқа енгеніне биыл 27 жыл толады. Әлі күнге дейін қазақ тілінің Заңда көрсетілген мәртебесі толық күшіне енген жоқ.

    Дос Көшім, саясаттанушы:
    - Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Бұл айтыла-айтыла жауыр болған таптаурын сөз емес, шын мәнінде солай. Егер айналаңызға зер салып қарасаңыз, барлық маңызды салада екі тілді қатар білетін мамандарға сұраныс жоғары. Ал ол қазақ тілін білетін өзге ұлт болса, тіпті тасы өрге домалап кететінін күнделікті өмірде көріп жүрміз. Материалдық жағдайы ғана емес, құрметі де артады. Бұл процесс басталды. Енді уақыт өткен сайын мемлекеттік тілді білетін мамандарға басымдылық беріле бастайды. Бұл – айнымас ақиқат.

    Орталықтандырылған КСРО үкіметі ыдырап, әр ел өз теңдігін әлемге паш еткен тұста мемлекеттік тіл мәртебесін биік ету мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бұл дұрыс та. Өйткені, ұзақ қыстан шығып, күншуақты көрген адамдай, көп уақыт еңсені езген бодандық кезінде ұлт ретінде тамырымыздан айрыла жаздадық. Соңғы жарты ғасырлық уақыт (1938-1987 жылдар арасы - ред) аралығында «мемлекеттік тіл» ұғымы мүлдем қолданыста болмаған. Бұл кезең тіл теңдігі мен ұлт тілдерін дамыту мәселесі сөз жүзінде сақталған, бірақ іс жүзінде жүзеге аспаған уақыт еді. Тіпті осы уақыт аралығында бодан ұлттардың туған тілдерін тежеу, жою саналы түрде жүріп жатқан болатын. Дәл осы уақыт аралығында ешқандай заң актілерінде, немесе ел Конституциясында заңды түрде орыс тілі мемлекеттік тіл болмаған. Дегенмен, КСРО аумағында барлық салала «Ұлы тіл» болып шыға келді. Мұны көзі ашық оқырманымыз біледі деп ойлаймын. 1938 жылдың 13 наурызындағы КСРО Халық Комиссарлар Советі мен БК (б) Орталық Комитетінің “Ұлттық республикалар мен облыстардағы мектептерде орыс тілін міндетті түрде оқыту” жөніндегі қаулы шықты. Қаулының мәтінін көріп отырғанымыздай, не жергілікті тілдерге қысымшылық көрсету жөнінде, не орыс тілінің нақтылы мәртебесі туралы ештеме айтылмаған. Алайда, бұл құжат күнделікті өмірде, білім беру саласында өзге тілдердің қызметінің жарты ғасырға тежелуіне және онымен байланысты қалған өмір салаларында да күйзеліске түсуіне себеп болды.

    Заң не дейді?
    Ал Қазақстанның орыс тілді аудиториясы әлі күнге дейін қазақ тілін үйренуге құлықсыздық танытып келеді. Мұның себебі неде? Осы сұрақты халықтың орыс тілді бөлігінен сұрау үшін, саясаттанушы Дос Көшім бастаған топ Алға, Мұғалжар, Мәртөк, Хромтау, Қарғалы аудандарын аралап, облыс орталығында үлкен жиын өткізді. Жұмыс тобының құрамындағы белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Расул Жұмалыың айтуынша, мұндай жобаның болуы – әлі күнге дейін мемлекеттік тіл мәселесінің толық шешілмей жатқандығын білдіреді.
    - Орыс тілді отандастарымыздың санасында «бұл жерде тұрмаймын, түбінде бір кетемін, маған қазақ тілі қажет емес» деген пікір қалыптасып қалған. Тіпті солай болған күннің өзінде, тап ертең кеткелі жатпаған соң, қазақ тілін үйрену керек. Өйткені, қазір бәрі қазақшаланып барады. Бұл процесс енді тоқтамайды, керісінше алға қарай үдей түседі. Күнделікті өмірде нан мен суға қалай мұқтаж болсақ, қазақ тіліне де солай күніміз түседі әлі. Сол кезде жағдайыңыз мүлдем басқаша болуы мүмкін,- деді ол орыс тілді аудиторияға арналған баяндамасында.

    Ал, орыс тілді қазақстандықтардың өздері тілді не үшін үйренгілерің келмейді деген сұраққа әр түрлі жауап қайырады. Басым көпшілігі тіл үйрететін оқулықтар мен курстардың сапасыздығын алға тартады. Олардың мұндай уәждерін Дос Көшім сылтауға теңеді.
    - Үйренем деген адамға қазір барлық жағдай бар, құлықсыз адамның миын ашып, білім құю мүмкін бе? Сылтау көп. Ниет жоқ,- деді ол.
    Тілді меңгергісі келмейтіндердің арасында бұған қазақтардың өздерін кінәлайтындар да бар екен.
    - Ақтөбе қазақи облыс қой, бұл жердің 70 пайызынан астамы қазақ тілінде сөйлейді. Ал, орысы басып солтүстік аймақтарда жұмыс жүргізу, үіт-насихат жасау қиындау. Олар қазақ тілінің әлі күнге толыққанды өз дәрежесін ала алмай келе жатқанына қазақтардың өздерін кінәлайды,- деді қоғам қайраткері.
    Аталған жоба аясындағы 10 шараға «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ мекемесінен мамандар келді.

    Кеңес үкіметі орнаған кезде, одақ құрамына енген халықтар 193 тілде сөйлесе, 1937 жылғы көрсеткіш – 90ға дейін төмендеген. Ал 1988 жылғы дерек бойынша КСРО-да оқу процесі небәрі 39 тілде жүргізіліпті. Сонда арадағы елу бір жылда 51 тіл жойылған екен. Яғни, жыл сайын бір тіл “өлген”.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі Назарбаев мектебінің оқушылары қазақ тіліне шорқақ
  • Батыстың дәрігерлері тіл конференциясында бас қосты
  • Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
  • Тілдерді оқыту орталығы жекешеленбейді
  • Қазақ тілін үйрететін мультфильмдер жинағы жарыққа шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге