Темір ауданында тегін оқулыққа қолы жетпей жүргендер бар

    Биылғы оқу жылында Ақтөбе облысының мектеп оқушылары үшін 827 мыңнан астам кітап сатып алынды. Жаңа оқулықтар барлық ауданға таратылды. Дегенмен тегін берілетін оқулықты ала алмай жүргендер бар.

    Қазір өңір мектептері оқулықтармен 93 пайызға қамтамасыз етілген. Биыл бюджеттен тегін кітап алуға 729,8 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға 827 мың дана оқулық сатып алынды. Алайда “Мектеп” баспасының 1 сынып оқушыларына арналған математика оқулығының екінші бөлімі әлі жеткізілген жоқ. Оқу бағдарламасына сәйкес, бұл пән бойынша сабақтар кейінірек басталады. Білім басқармасындағылар ол уақытқа дейін толықтай оқулықпен қамтамасыз етуге уәде етіп отыр. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасына сілтеме жасап “Ақтөбе ақпарат” орталығы хабарлады.
    Әйтсе де Ақтөбе облысының кейбір аудандарында ата-аналар тегін оқулыққа қол жеткізе алмай жүр. Кеңқияқта тұратын жалғызбасты ана Бақытгүл Қарайдарова оқу жылына санаулы күн қалса да, 4 класта оқиын баласына толық кітап берілмегенін айтады.
    -Жалғызбасты анамын. Мүгедек балам бар. Шағын орталықта бала бағушы ретінде тапқан бар табысым 16 мың теңге. Бұл ақша қай жыртығымды жамауға жетеді?! Әрі баламның ай сайын 20 мың теңгеге алатын уколы мен дәрісі бар. Бар шығыным, тіпті баламның мектеп формасына дейін туыстарымның мойнында. Өткен жылы да балама қарашаның жиырмасына дейін кітап берілген жоқ. Бар болғаны өзін-өзі тану кітабын берді. Биыл да осындай жағдай қайталанып отыр.4 класқа барлығы 11 кітап керек. Қазір тек өзін-өзі тану, ағылшын тілі, еңбек және бейнелеу пәндерінің оқулықтарын ғана қолыма берді. 1 тамыздан бері мектеп пен әкімдіктің табалдырығын тоздырып жүрмін. Былтыр осы мәселені аудан әкімінің алдында көтергенім үшін сөз естідім. Тегін оқулыққа жыл сайын қыруар қаржы бөлініп жатыр. Бірақ, ол біз секілді аз қамтылған отбасыларға жетпейді. Сонда оларды кімге беріп жатыр,-деп ашынады жалғызбасты ана.
    “Кітап жетіспейді” деп шағымданған ата-ана жалғыз Бақытгүл емес. Кеңқияқтық Марусия Талниязова да өзінің 3 сыныпта оқитын жиен немересінің тегін кітапқа қол жеткізе алмай отырғандығын айтады.
    Мәселенің мән-жайын білмек болып Темір аудандық білім бөлімінің басшысы Ғабит Адаевқа хабарласқан едік. Ол тегін кітаптың ең алдымен аз қамтылған отбасыларға берілетіндігін айтты.

    Айта кетелік, биыл 1 және 8 кластың оқулықтары баспадан қайта басылып шықты. 9 сынып оқушыларына арналған дінтану мен 4 класқа қажетті ағылшын тілі пәндерінің кітаптары да қайта басылып шықты. Білім басқармасының хабарлауынша, қайта басылған кітаптармен қамтамасыз ету 100 пайызды құрап отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 16 мың оқушы тегін ас ішіп жүр
  • Жаңа оқу жылы оқулықсыз басталды
  • Ақтөбеде оқулыққа қатысты дау шықты
  • Ақтөбе мен Мұғалжарда оқулық тапшы
  • Биыл бастауыштағыларға тегін оқулық берілетін болады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге