Шалқар ауданында шағым көп

    Шалқар ауданында шағым көп

    Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлайды. Осыған орай, әр облыс, аудандарда түрлі әлеуметтік нысандар ашылып, жаңа ғимараттар бой көтеріп жатыр. Зауыттар іске қосылып, жаңа жұмыс орындары пайда бола бастады. Ақтөбе облысының әр аудандары да осы мерейтойлы жылға өз үлестерін қосып-ақ келеді. Күні кеше Шалқар ауданында бірнеше ірі нысан қосылмақ болып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бір топ БАҚ өкілдерімен осы ауданға барып қайтқан болатын. Сонымен...

    ЖАЛҚАУЛАР МЕКЕНІ
    Ақтөбеден шыққан арнайы вагон таң ата Біршоғыр станциясына келіп тоқтады. Біршоғыр ауылдық округының әкімі Мереке Бисенбин өз ауылдастарын “жалқаулар” деп атап, ауылдың жай-жапсарын мәлімдеді.
    - Біршоғыр ауылдық округы 2005 жылы аудан әкімінің шешімімен Ақтоғай ауылдық округының құрамынан бөлініп шықты. Қазір мұнда төрт елді-мекен бар. Екі мыңның үстінде халық тұрады. Негізінен халықтың жұмыс көзі – теміржол саласы. Бұл арада нөмір жетінші деп аталатын үлкен жол станциясы бар. Ол жерде төрт жүздің үстінде адам жұмыс істейді. Одан басқа қазір біздің ауданда тау-кен өндірісі жақсы дамуда, сол себепті халық тоғыз тас ұнтайтын және бір кен өндіру зауыттарында жұмыс жасап жатыр, - деген әкім ауылда жұмыссыздардың жоқтығын алға тартты. Ал өндіріс орындарында 800-дің үстінде адам қызмет етуде.

    Мереке Бисенбиннің айтуынша, ауылда бірнеше жұмыссыз отырғандар бар екен. Және оларды ауыл әкімі “жұмыс жасағысы келмейтін жалқаулар” деп атады.
    - Әкімдікке жұмыс сұрап келетіндер бар. Бірақ, олар бұрын зауыттарда қызмет етіп, жағымсыз қылықтарымен шығып кеткендер. Сондықтан, оларды басқа өндіріс орындары жұмысқа алғысы келмейді,- деді Мереке Бисенбин.
    Ауылды айнала орналасқан кен өндіру зауыттарында жұмысшылар жалақыларын уақытында төлемейтін мекемелер бар. Ауыл әкімі Мереке Бисенбиннің айтуынша, жақында “Жаңа тас Продакс” атты кен орны жұмысшылардың айлық ақшасын бермей, кеншілер әкімдікке шағымданған.

    - Жұмысшылардың жалақыларын уақытында бермейтін зауыттар бар, оларды жасыра алмаймыз. Мекеме басшылығымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, бұл мәселе дұрыс шешіледі деген ойдамын,- деді әкім.
    Әкімнің мәлімдеуінше, “Жаңатас Продакс” кен өндіру зауытында жыл басынан бері мұндай жағдай үш рет қайталанған. Сайланғанына үш ай болған ауыл әкімі “аудан бойынша кедейліктің ең төменгі көрсеткіші бізде” деп маңына шаң жуытпайды.
    Айналасын тоғыз зауыт қоршаған Біршоғыр ауылдық округінде экология мәселесі өршіп тұр. Тәулік бойы тас ұнтайтын тоғыз зауыттан көтерілетін шаң ауылды басып қалады. Шағын ауылда аллергиямен ауырмайтын адам жоқ. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін денсаулығына шағым айтады. Сойылатын малдың тоқсан пайызында ішек-қарын, өкпе-бауырлары жеуге жарамсыз. Ауылды айнала ағып жатқан бұлақ көзі бітеліп қалған. Оны шаң-тозаңнан аршып, тазалайтын адам жоқ. Тоғыз жолдың торабында тұрған Біршоғыр станциясында соғыс жылдарындағыдай қирап тұрған үйлер көп. Бұл жақта қыс қатты болады. Сол себепті ауыл халқы мал ұстауға құлықсыз. Ауыл шаруашылығы мүлдем дамымай қалған. Бұл туралы ауылдық округтің әкімі былай деп уәж айтады:
    - Елді-мекеннің халқы толықтай жұмыспен қамтылғандықтан, мал ұстағылары келмейді. Әрі қыс та қатты. Алты ай қыс анық болады. Сондықтан, мал ұстау адамдарға тиімсіз.
    Қазір Біршоғырда 21 шаруа қожалығы бар. Олардың тек 4-уі ғана мал өсіріп отыр. Бір шаруа “Сыбаға” бағдарламасы бойынша құжат дайындап жатыр. Қазір шаруашылығында 15 мүйізді ірі қара бар. Басқа шаруа қожалықтары мал азығын дайындаумен ғана айналысады. Округ әкімі ауылдастарының жылқы бағудағы тәсіліне реніш білдірді.
    - Жылқы деген түздің малы. Оны далаға қоя беру керек. Ал біздің ауылдың адамдары жылқы малын қораға қой секілді қамап ұстайды. Одан кейін мал басы көбейе ме?- деп қынжылыс білдірген әкім өзінің мал маманы екенін тілге тиек етті.
    Мал саны бойынша да аудан бойынша ең аз округ екенін жасырмаған әкім жерлестерінің мал өсіруге деген құлықсыздығын жасырмады.
    - Ауылда 1300-дей мүйізді ірі қара, 3000-3500 қой-ешкі, жылқы жүздің үстінде, ал түйе бар болғаны екеу-ақ,- деді ауыл әкімі.
    Мереке Бисенбин ауылда дәрігерлік пунктің жұмыс жасап тұрғанын, ол жерде төрт медбике, Сарысай мен Алабас елді-мекендерінде де медбикелер жұмыс жасайтынын мәлімдеді. Ауылда жедел жәрдем көлігі бар.

    САРЫСАЙДАҒЫ “САПАРБАЕВ”
    Біршоғыр ауылдық округінің іргесінде жатқан Сарысайда қиыршық тас шығаратын зауыт бар. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай деп, “Теміржол жөндеу” ЖШС – “Біршоғыр қиыршық тас зауыты” филиалында ұсақ фракциялы қиыршық тас зауытының жаңа желісі іске қосылмақ болатын. Облыс әкімі Ақтөбеден жеткенше, салтанатты шараға қызу дайындық жүргізген “Қамқор” ЖШС сахнаға “Сапарбаевты” бірнеше рет шығарып, дайындықтарын пысықтады. Әлгі адам Сапарбаевтың образына еніп, жұмысшыларды құттықтады. Қызыл түймені басып, зауыттың ашылуына рұқсат та берді. Бірақ, "Əкім келеді" деп екі сағат жасаған репетициялары зая кетті. Өңір басшысы олар ойлағандай тұп-тура мінберге бармай, жұмысшылардан жөн сұрады. "Жалақыларың қанша?" деген сұраққа əп дегенде жұмысшылар жауап бере алмай қалды. Сəлден соң біреу “45” деді. Екіншісі “50” деді. Алғы қатарда тұрған əйел “80” деді де, өз өтірігіне өзі шыдай алмай, күліп жіберді. ''Қысқарту бар ма?". Əкімнің келесі сұрағы осы болды. Басшылық “жоқ” деді. Жұмысшылар бастарын шайқады. Сөйткенше болған жоқ, арт жақтан “бар” деген дауыс естілді. Жұмысшы киімін кимеген, қарапайым көйлекшең келген кісі өзінің қысқаруға ұшырағанын айтып берді.
    - Жасым 60-қа жақындады. Бұл жерде басшылық қысқа күнде қырық рет өзгереді. Осыған дейін 40 инженер ауысқан шығар. Алдыңғы директормен сөзіміз жараспай қалып, ақыры артыма түсіп алды. Отырсам опақ, тұрсам сопақ болдым. Ақыры жұмыстан қуып шықты. Қысқартып жіберді. Себебін де айтпады. Келісімшартпен жұмысқа алынған сияқты едім. Аяқ астынан оны да бұзды. Мына зауытты алты адам болып салдық. Міне, енді 2013 жылдан бері жұмыссызбын. Бала-шағам бар, әр жерде бір нәпақа табылса, соған қуанып өмір сүріп жатырмыз,- дейді Сарысай ауылдық округының тұрғыны.
    Облыс әкіміне шағым айта келген жұмысшылардың арасында зейнеткер Роза Абжаппарова да бар. Ол осы жерде туып-өскенін, зауыт іске қосылғалы екіге бөлініп, басшылық жергілікті тұрғындарды жаппай қысқартып жатқанын жеткізді.
    - Балам осы зауытта жұмыс жасайды. 2015 жылдан бері айлық алған жоқ. Биылдан бастап қолына ақша тие бастады. Алатыны 13 мың теңге. Баламды зейнетақымен мен асырап отырмын. Тас турау оңай жұмыс емес, экология өршіп тұр. Ең болмаса жалақыларын мардымды төлесе деген тілегіміз бар,- дейді зейнеткер.
    “Теміржол жөндеу” ЖШС бас директоры Ескендір Қарсыбековтың айтуынша, аталған жобаны жүзеге асыру арқылы өндіріс қуаттылығы жылына 2 миллионнан астам тоннаға дейін артады. Бұл зауытта өнеркәсіптік және азаматтық құрылысқа қажетті 5-10 мм, 10-20 мм, 6 (f)d фракциялы тауарлы қиыршық тастың жаңа өндірісі шығарылмақ. Кәсіпорында жаңа 116 жұмыс орны ашылады. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 1,3 млрд. теңге.
    Бұл жерде де бір топ тілшілер қауымының түртпектеуге ұшырағанын жасыруға болмас. Әкім келеді деп тіккен ақ қанат киіз үйге су ішуге барған тілшілер “нанды тығыңдар, журналистер жеп кетпесін” деген сөзді де естіді.

    “ЖАҢА” БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
    Қиыршық тас зауытынан шығып, аудан орталығы Шалқар қаласына келген Бердібек Сапарбаевты аудан басшылығы жеті бірдей ақ түсті “Джип” көлігімен қарсы алды.
    Әупірімдеп әкімнің ізіне түскен тілшілер жаңа ашылып, тұсауын кескелі жатқан 190 орындық балабақшаға барды. Бұл балабақшаның “ашылу салтанатына” облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Өңір басшысы ескі-жаңа балабақшаға теледидар сыйлады. Бір қызығы, тап осы “Болашақ” балабақшасын 2014 жылы сол кездегі облыс басшысы Архимед Мұхамбетов ашқан болатын. Ал, аудандық білім бөлімінің басшысы Рита Басмағамбетова “Болашақ” бақшасының бұрын ашылғанын теріске шығарды.
    - Ауданда балабақша кезегінде 550 бала тұр. Сол мәселені шешу үшін бүгін жаңа балабақша ашылмақ. 58 адам қызмет етеді. Балаларға барлық жағдай жасалған, балабақша толығымен мемлекет қарауында. Ата-аналар тек күнделікті тамақ үшін 400 теңге төлейді,- дейді Рита Басмағамбетова.

    Бет қатталып жатқанда:
    Шалқар ауданындағы “Болашақ” балабақшасының екінші рет ашылуына байланысты аудан әкімінің орынбасары Дариға Қарашолақова былай дейді:
    - 2014 жылы осы балабақшаның жанында 10 пәтерлік тұрғын үй берілген болатын. Сол пәтерлердің кілтін салтанатты түрде тапсыруға сол кездегі облыс басшысы Архимед Мұхамбетов өзі қатысты. Бұл балабақшаның алдын сахна ретінде, подиум ретінде пайдаланды. Бірақ, балабақша ол кезде ашылған жоқ. Өйткені, осы бақшаны салған Қазақстан Темір жолы мекемесінің құжаттары дұрыс болмады. Осы екі жыл бойы, яғни 2014-2016 жылдар арасында балабақша ғимаратын ҚТЖ өз кеңсесі ретінде пайдаланып келді. Биыл, құжаттарын рәсімдеп, аудандық білім бөлімінің балансына тапсырды. Енді 1 қыркүйектен бастап, 190 орындық бақша балаларды қабылдап жатыр.
    Шалқар аудандық әкімінің тағы бір орынбасары Жанболат Ждихановтың айтуынша, балабақша ашылғанға, яғни биылға дейін ғимараттың ішінде балабақша инвентарьлары болмаған. Шалқар шенеуніктері бұрын ашылған балабақшаның қайта ашылып, пайдалануға берілгендігін растаған жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Биыл 20-дан астам балабақша ашылады
  • Шалқар көлін сақтап қалуға 5 млрд теңге қажет
  • Ақтөбеде 8 балабақша іске қосылды
  • Бердібек Сапарбаев: Қарақобда соғыс жылд­арынан кейінгі ауыл сияқты
  • Архимед Мұхамбетов ауыл әкімдерінің жұмысын сынады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге