14 баланың анасы биліктен көңілі қалғанын айтты

    41 жасында он төртінші баласын дүниеге әкелген Әлия Новикова бірнеше жылдан бері пәтер кезегінде тұр. Жыл сайын әкімдіктің табалдырығын тоздыратын көп балалы әйел биліктен әбден көңілі қалғанын айтты.

    Құршасай ауылының тұрғыны Әлия Новикова он төртінші сәбиін өмірге әкелді. Көп балалы ананың жасы 41-де. Тұңғышын 17 жасында босанған. Новиковтер отбасындағы 7 ұл мен 6 қызға бір апта бұрын Дамир есімді бауырлары қосылды. Мерзімінен бұрын жарық дүние есігін ашқан баланың денсаулығында ақау жоқ. Қазір Новиковтер отбасы біреудің ауласындағы ескі жер үйді жалдап отыр. Әлия Новикова баспана сұрап әкімдікке жыл сайын баратынын айтады. Бірақ, қай уақытта да құзырлы орындар “кезегіңмен аласың” деп шығарып салады екен.
    - Үй кезегінде көп балалы ана ретінде 135-ші орында тұрмын. Әкімдікке неше рет бардым, “кезегің келмесе баспана жоқ” деген жауап аламын. Соңғы барғанымда кезегім келген жағдайда да, пәтерді жеңілдікпен емес, несиеге алатынымды естідім. Қазір мына үйді жалдап тұрамыз. Асүйімен қосқанда қуықтай ғана екі бөлме. Балаларыммен жатқанда бұрылатын жер таппай қаламыз.

    Қазір Әлияның 18-ге толмаған он баласы бар. Олар үшін мемлекет төлейтін жәрдемақыны бірде алса, бірде қолына тимейді екен. Көп балалы ананың айтуынша, әр балаға 2000 теңге төлейді. Бірақ, кейде күйеуінің жалақысын есептеп, күн көру корзинасының сомасынан 100 теңге асып кетсе, жәрдемақыны қиып тастайды. Жолдасы вахталық әдіспен жұмыс жасайды, айына алатыны 85 мың теңге.
    25 тамызда қалалық әкімнің қабылдауында болған. Уақытша баспана сұрап барған оған, әкімдіктегілер “баратын жерің жоқ, баланы неге туа бересің” деп жауап қайтарған.

    -Мұндай сөзден кейін қайтып әкімдікке барғым келмейді, ештеңе сұрамаймын да. Кезегім келгенше 2-3 жыл әупірімдеп күн көре тұрармыз,- дейді Әлия Новикова.
    Әкімнің қабылдауынан келген соң, Әлияның толғағы басталып, 26 тамызда 14-ші сәбиін мерзімінен бұрын босанды.
    - Балалар өсіп жатыр. Ересектері кішілерін бағып, күн көріп жатырмыз. Ешкімнің алдына нан сұрап барған емеспін. Балаларымның несібесі шығар, әйтеуір аш болып көрмеппіз. Алты балам оқушы. Мектеп оқулықтармен, оқу құрал жабдықтарымен көмектерін аяған емес. Он төрт баланың анасы болғаныма өкінбеймін. Балаларымның барлығын жақсы көремін. Өзім жалғыз өстім. Ата-анам қайтыс болып кетті. Бауырларым жоқ. Құдай берген балаларды өмірге әкелуден бас тартпаймын,- дейді көп балалы ана.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көпбалалы аналар марапатталды
  • Үшем туған ақтөбелікті қала басшылары құттықтады
  • Ақтөбеде үшем дүниеге келді
  • Ойыл мен Байғанинде “Алтын алқа” иелері көп
  • Үшемнің ата-анасы баспана сұрайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге