Ақтөбеде “сақалдылар” үшін сөзге келген ер адам көршісін пышақтап тастады

    Ақтөбеде ішімдік ішкен ер адам өз көршісін пышақтап өлтірді. Даудың басы сотталушының полицияға өздері тұратын көпқабатты үйге сақалы бар жаңа көршілердің көшіп келгендігі жөнінде хабарлауынан басталған.

    Оқиға 12 маусымда Тургенев көшесінде болған. Ішімдік ішкен 56 жастағы ер адам көршілеріне пәтерлердің біріне сақалы бар адамдардың көшіп келгендігін, өзінің полиция шақыртқандығын айтқан. Көршілері болса, оның бұл іске аралас-пауын сұраған. Ақыры өзіне қолдау таппаған сотталушы көршілерінің бірінің анасына тіл тигізе бастайды. Бұған намыстанған ер адам оны бірнеше рет қолымен ұрады. Келесі күні көршілері сотталушының үйіне келеді. Олар өз пәтерлеріне полиция жібергені үшін реніштерін білдіреді. Ал ер адам олардан кешірім сұрап, татуласу үшін ішімдік ішуді ұсынады. Түн ортасына дейін созылған көңілді отырыс соңы дауға ұласқан. Бұл жолы көршілердің бірі пәтер иесінің Ауғанстанда әскери міндетін өтегенін, алайда ұрысқа тікелей қатыспағанын айтады. Бұған қорланған егде жастағы ер адам марқұмды жағасынан алады. Жәбірленуші оны бетінен екі рет ұрады. Осыны желеу еткен ер адам асхана пышағымен оған бірнеше рет соққы жасайды. Алған жарақаты салдарынан марқұм сол жерде көз жұмған. Оқиға болған кезде көршілердің бірі басқа бөлмеде болған. Қылмыстық іс жақын күндері сотта қаралмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Трактор зауытының күзетшісін өлтірген ер адам сотталды
  • Үй шаруасы үшін дауласқан ағасы өз інісін өлтірді
  • Ішімдік ішкен мектеп директоры полицияға қарсылық көрсетті
  • 43 жастағы жігіт ит етін бөліп жеген бөтелкелесін пышақтап өлтірді
  • Ақтөбеде карта үшін жанжалдасқан нағашысы жиенін өлтірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге