Сирияға кеткен ақтөбелік келіншекке халықаралық іздеу жарияланды

    Ақтөбеде үш баласын тастап, Сирияға кеткен келіншекке халықаралық іздеу жарияланды. Оның үстінен терроризмді насихаттағаны, лаңкестік топтың қызметіне қатысқаны және діни алауыздықты қоздырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

    Ақтөбе соты жұбайын із-түссіз жоғалды деп тануды сұраған қала тұрғыны Мирболат Жаманқұловтың шағымын қарады. Ер адамның айтуынша, әйелі осыдан үш жыл бұрын Алматыға кеткен. Одан кейін Қырғызстан асқан. Кейінірек ол жолдасына телефон соғып, Сирияда екендігін, жағдайының жақсы екендігін хабарлапты. Содан бері әйелден ешқандай хабар жоқ. Екеуі заңды некеге 2005 жылы отырған. Араларында 4, 8 және 12 жастағы кәмелетке толмаған үш бала бар. Алайда жұбайынан ажырасуды мақсат еткен Мирболат Жаманқұловтың шағымын сот қанағаттандырған жоқ.

    - Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Ақмарал Алмағанбетоваға қатысты терроризм мен экстремизмді насихаттау, террористік топ қызметіне қатысу және діни алауыздықты қоздыру деректері бойынша іс қозғалған. Яғни, Қылмыстық кодекстің 174- бабының 1-ші, 256-бабының 2-ші және 257-бабының 2 бөлігі бо-йынша қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланды,-делінген облыстық баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
    Құқық қорғау органдары берген мәліметке сүйенсек, келіншек ел шекарасын жаяу кесіп өтіп, Қырғызстанға бағыт алған. Осының негізінде сот оны із-түссіз жоғалды деп тануға негіз жоқ деп тапты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Террористік топқа қатысы бар ақтөбелік келіншекке халықаралық іздеу жарияланды
  • Ақтөбе облысының 11 тұрғыны теракт жасамақ болған
  • Ақтөбелік өзінің туған інісіне терроризмді насихаттады

  • Қарызға батқан мұнай компаниясы басшысына іздеу жарияланды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге