Автобус кондукторы колледж оқушысын ұрды

    Кәмелетке толмаған жасөспірімді ер адам “жолақысын төлемедің” деген желеумен соққыға жыққан. Соққы салдарынан колледж оқушысының ерні жарақаттанған.

    Оқиға 9 қарашада болған. Сол күні кешкілік 17 жастағы колледж оқушысы оқудан үйіне қайтып келе жатады. Болашақ ауданындағы аялдамада сыртқа шыққан жасөспірімді № 7 автобустың кондукторы “55 теңгені төлемедің” деп соққыға жыққан. Алайда ер бала өзінің жолақысын төлегенін айтады.

    -Мен жолақысын төледім. Алдымда тұрған қыздан беріп жібердім. Аялдамаға келгеннен кейін сыртқа шыққан едім. Кондуктор мені “жолақысын төлемедің” деп бетімнен ұрып жіберді. Ернім қанап қалды. Ауруханаға барып, алғашқы дәрігерлік көмек алдым. Кондуктор шамамен 25 жаста. Алайда көлік нөмірін байқаған жоқпын, - дейді аты-жөнін атағысы келмеген жасөспірім.
    “Керек info” газетінің тілшісі істің мән-жайын білмек болып “Автопарк” ЖШС-не хабарласқан. Кәсіпорын заңгері Руслан Жылқаманов мұндай оқиғаның болғанына күмәнмен қарап отыр. Өйткені “Автопарк” ЖШС-не келген шағымданушы өзін ұрған кондукторды қызметкерлердің ішінен тани алмаған.
    -11 қараша күні құқық қорғау қызметкерлері “Автопарк” ЖШС-не келді. Біз штатта және штаттан тыс жұмыс істейтін кондукторлардың тізімін бердік. Шағымданушы кондукторларды көргенмен, өзін ұрған адамды тани алмады. Бұл оқиғаның болған болмағаны белгісіз. Ешқандай дәлел жоқ,-дейді ол.
    Баласы соққыға жығылған ана полицияға шағым түсірген. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жолаушылар автобусы аударылып қалды
  • Ақтөбеде жолақысы 100 теңге болуы мүмкін
  • Бота Жұманованы соққыға жыққан жігітке жаза кесілді
  • “Автопарктің” кондукторлары аштық жарияламақ
  • Соққыға жығылған жанкүйер ауруханадан шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге