Ырғыздық ерлі-зайыптылар КСРО паспортымен жүр

    Ақтөбе облысында ерлі-зайыптылар 8 жылдан бері совет паспортымен жүр. Олар тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан азаматының жеке куәлігін алуды армандайды.

    Жәдігер Ерматов пен Майра Қанжанова қазір Ырғыз ауданы, Қызылжар ауылында тұрады. Олардың Ресейден Ақтөбе облысына көшіп келгендеріне 8 жыл болған. Алайда 54 жастағы ерлі-зайыптылардың әлі күнге дейін құжаты. Жеке куәліктері болмағандықтан, мемлекеттен берілетін көмектен де қағылып келеді. Туыстарының жағдайына алаңдаған бауыры Талғат Ерматов “Керек info” газетіне келіп, шағымын айтты.
    - Ағам мен жеңгем Ырғыз ауданында туып-өскен. Балалары да осында дүниеге келді. Алайда 1995 жылы Ресейге көшіп кеткен. Ел тәуелсіздікті енді алып, ақша құнсызданып жатқан кез ғой. “Жұрттың бәрі жоқшылық келді” деп үрейленіп жүрді. Күнкөріс үшін олар да Орынбор облысының бір ауылында тұратын туыстарымызды сағалауға мәжбүр болған. 2008 жылы қайтадан Ырғыз ауданына көшіп келді. Бірақ, әлі күнге дейін екеуінде де Қазақстан,-дейді ол.
    Бүгінде аға-жеңгесінің құжаттарымен әр мекеменің табалдырығын тоздырып жүрген Талғат Ерматов бюрократиялық әуре-сарсаңның көп екенін де жасырмайды. Төлқұжат әлегімен биыл Оралдағы Ресей консулдығына да барып қайтқан. Алайда әлі күнге дейін ешқандай нәтиже жоқ.
    - Жеке куәліктері болмағандықтан, тегін медициналық көмек те ала алмайды. Тұрақты жұмыстары да жоқ. Ақшадан қиналған сәтте, тіпті несие де ала алмайды. Құжаты болмаған соң зейнетақы қорына да ақша түспейді.Зейнетке шығуларына санаулы жылдар қалды. Олар енді қолымызға жеке куәлік алсақ деп армандайды,-дейді Талғат Ерматов.

    Ақтөбе облыстық ІІД-нің басшылығы да бұл азаматтардың әлі күнге дейін құжатсыз жүргендігін растады. Полиция полковнигі Қаныбек Жақсығалиевтің сөзінше, ерлі-зайыптылар бұған дейін қолдарындағы мерзімі өткен, азаматтығы жоқ тұлға мен шетел азаматына берілген ықтияр хаттарды көрсетпеген. Сол себепті олардың өтініші қанағаттандырылмай келіпті.
    - Қазіргі таңда оларға Орал қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, құжаттарын қайта рәсімдеу туралы кеңес берілді. Кейін өтініштері қайта қабылданып, оларға төлқұжаттарын рәсімдеу бо-йынша тиісті шаралар алынады,-дейді Қаныбек Жақсығалиев.
    ІІД-нің мәліметінше, жыл басынан бері кеңестік кездегі төлқұжатпен жүрген 175 адамға жеке куәлік берілген. Қазір көші-қон полициясы басқармасында әлі 24 ақтөбеліктің өтініші қаралып жатқан көрінеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Несиесін төлей алмаған ерлі-зайыптылар ірі супермаркеттердің бірін тонап кетті
  • Ақтөбеде несиесін төлей алмаған ерлі-зайыптылар ірі супермаркеттердің бірін тонап кетті
  • Кейуананы ыстық үтікпен азаптап өлтірген ерлі-зайыптылар сотқа келді
  • Ақтөбеде паспорт пен жеке куәлік 2 күнде беріледі
  • Сот аш құрсақ балаларды әкесіне берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге