Жануарларды қорлағандар жазаға тартылады

Жануарларға қатыгездік танытқан адамдар әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылады. Ол келтірілген зиянның ауырлығын ескере отырып анықталады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

Полицияның мәліметінше, қатыгездікке жол берген құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 5 айлық есептік көрсеткіштен 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Ал жануардың мертігуіне немесе өліміне әкеп соқтырған жағдайда ҚР ҚК-нің 316-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл баптың жазасы 120 АЕК айыппұл салудан бастап, 1 жылға дейінгі мерзімге қамауға алынады. Және қылмыстық құқық бұзушылар үшін қоғамдық жұмысқа тарту, белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру жазасы да қарастырылған.

 Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ит төбелесін ұйымдастырушылар да қылмыстық жазадан құтылмайтынын еске салады. Егер жануарларға қатыгездік көрсету деректері екі және одан да көп жануарға қатысты жасалса, адамдар алдын ала сөз байласса, балалардың көзінше жасалса қылмыстық жаза күшейе түседі. Сондықтан, полицейлер үнемі ит төбелесін заңсыз ұйымдастыру дерегін анықтау үшін монитооринг жүргізіп тұрады. Егер осындай жайттардың куәсі болсаңыз “102” телефон нөміріне қоңырау шалуға болады.


Құқық
14:45, 18 январь 2024
1 648
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив