Жол азабы қашан жойылады?

    Жол азабы қашан жойылады?
    Ақтөбе облысындағы жолдың 70 пайызы адам шошырлық күйде. Бұл мәселені шешу үшін қыруар қаражат бөлініп жатыр. Тек былтыр ғана жол саласының дамуына 8,7 млрд. теңге бөлінді. Биыл жолдың жөнделуіне 7,8 млрд. теңге қарастырылған. Биыл жыл соңына дейін қосымша ақша бөлінеді. Бұл туралы облыстық жол басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев уәде етті.

    “Ақтөбе-Ақпарат” орталығында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев есеп берді. Әдетте тек жарты сағатқа созылатын баспасөз мәслихаты бір сағатқа созылды. Жиынға келген журналистер басқарма басшысына сұрақтарды оқша жаудырды.

    Биыл облыста 250 шақырым жол жөнделеді
    - 2017 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес, жақсы және қанағат жағдайындағы облыс және аудандық маңызы бар жолдардың үлес пайызы – 24 пайыз. Жолдың 75,9 пайызы қанағатсыз күйде. 2016 жылы жол саласына 8 миллиард 700 миллион теңге бөлінді. 2015 жылға қарағанда 4 миллиард теңге артық жұмсалды. 2016 жылы 108 шақырым жолды жөндеуге 74 жоба жүзеге асты. 2017 жылы облыстық және аудандық автомобиль жолдарының құрылысына және жөндеуге 7,8 миллиард теңге қарастырылды. 254 астам шақырым жолды жөндеу жоспарға енді, - деді Аязбая Османғалиев.

    Мердігерлер жолды дұрыс төсемеген жағдайда
    Көктем келген сайын қармен бірге жол да “ериді”. Бетінде су жиналып, мұзға шыдамай ойылған жолды кім жөндейді екен? Оның үстіне, былтыр қар жауып жатқан кезде жолды төсегенін де көрдік. Қар араласқан асфальт қыстан аман-есен шықты ма? Аязбай Османғалиевтің сөзінше, бұған мердігерлер жауапты.
    - Қазір 14 көшені жөндеуге қаражат бөлінді. Егер жолда шұңқыр пайда болып жатса, оны жасаған мердігер өз қаражаты есебінен дұрыстайды. Қар жауғанда салынды деген жолдарды тексереміз. Егер ол жерде ақау болса, онда оны дұрыстаймыз. 2016, 2015, тіпті 2014 жылы төселген жолдар сараптамадан өтеді. Өйткені мердігерлер 3 жылдан 5 жылға дейін кепілдік береді. Депутаттар, қоғамдық кеңес болып тексеріміз, - деп Аязбай Османғалиев уәде берді.

    Жолды жөндеу үшін рециклинг әдісі қолданылады
    Басқарма басшысы Аязбай Османғалиев биыл қаражатты көп құртпау үшін рециклинг әдісі қолданылады деп мәлімдеді.
    - Үлкен жолдарды бірден жөндейтін боламыз. Аудандық жолдар тұрақтандыру әдісімен жөнделеді. Сондай әдіспен Ресей Федерациясында жөнделген жолдар бар екен. Ол әдіс жақсы нәтиже беріпті. Ескі араластыру әдісін де ұмытпау керек. 70-80 жылдары салынған жолдар ескі технология негізінде төселген. Ал қазір оны жүзеге асыру үшін жаңа құрал-жабдық бар, - дейді Аязбай Османғалиев.

    “Рециклинг – асфальт-бетон материалын қайта өңдеу. Яғни жолдың бетіндегі асфальтты бөлшектеп, оны қыздырып, рециклер көлігімен жерге төсейді. Мамандардың айтуынша, рециклинг әдісінің тиімділігі өте жоғары. Егер жердің бетінде ескі асфальт жатса, онда шұңқырды бітеген кезде шығынды 50-60%-ға дейін қысқартуға болады”

    Ақтөбеде жаңа әуежай бағыты ашылуы мүмкін
    Ақтөбе қаласында “халықаралық” дәрежедегі бір әуежай жұмыс істейді. Қазіргі таңда әуежай күн сайын 6 бағыт бойынша тасымалдау жұмыстарымен айналысады. Олар: Мәскеу, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент. Сондай-ақ, чартерлік әуерейстерді қабылдау және жіберу жүзеге асырылады. Аязбай Османғалиевтің айтуынша, биыл шекаралас қалаға ұшатын рейстер пайда болуы мүмкін.
    - Жаңа әуерейс ашу туралы бір компания ұсыныс тастады. Әзірге әуерейстер батыс бағытта ашылады деп пайымдаймыз. Яғни жақын орналасқан қалалар – Орынбор, Ақтау, Орал, Қостанай қамтылады, - деді басқарма басшысы.
    Әуежай сағатына 500 адамға қызмет көрсетеді. Рейстердің бағытын көбейтуге болады, бірақ сол бағытта ұшатын жолаушылар болу қажет. Әйтпесе тасымалдаушы компаниялар шығынға ұшырайды.
    - Бізде Орынбор әуежайы болды. Ол Ақтөбе-Орынбор бағыты бойынша жолаушы тасымалдады. Бірақ, өкінішке орай, жабылып қалды. Өйткені Орынборға ұшатын адам болмады, - деп Аязбай Османғалиев жаңа рейстердің неліктен ашылмайтындығын түсіндірді.

    Үш жылдың ішінде әр ауданда өзінің автовокзалы болады
    Қазіргі таңда облыста тек төрт-ақ автовокзал. Оның екеуі Ақтөбе қаласында және бір-бірден Хромтау мен Алғада орналасқан. Ал Аязбай Османғалиев екі-үш жылдың ішінде әр ауданда өзінің автокзалы болады деп үміттендіруде.
    - Біз мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы негізінде автовокзал салуға ұсынамыз. Қызығушылық танытып жатқандар бар. Мәселен, Ырғыз ауданы, Ойыл ауданы, Қобда ауданының әкімдіктері ынта білдірді. Сондай-ақ, Қандыағаш қаласында автовозкал салғысы келген кәсіпкерді іздестіріп жүрміз. Басқарманың жоспарына сәйкес, екі-үш жылдың ішінде әр ауданда автовокзал немесе автостанция саламыз, - деді ол.

    “Облыстың республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдың ұзындығы 6979,4 шақырымды құрайды. Оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдың ұзындығы – 5085,7 шақырым. Облыста автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 85 бағытта жүзеге асырылады. Шалқар ауданын қоспағанда, Ақтөбе қаласынан облыстың барлық аудан орталықтарына тұрақты көлік қатынасы ұйымдастырылған. Ақтөбе қаласында тұрақты жолаушылар тасымалын 2 мекеме жүзеге асырады: “Автопарк” ЖШС және “Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны” ЖШС. Қалалық маршрутта жол жүру бағасы – 55 теңге. Облыстың теміржол ұзындығы 1514,4 шақырымды құрайды. 33 теміржол вокзалы бар”

    Ұқсас жаңалықтар
  • Аудандарда автовокзал салынады
  • Биыл жол жөндеуге 7,8 млрд теңге бөлінді
  • Бердібек Сапарбаев: Мердігерлер сапасыз жолды жөндемесе, тендерге қатыспайды
  • Ақтөбеде былтыр жөнделген екі көше мердігерлер есебінен қайта дұрысталады
  • Жолға жауапты шенеунік: Мен де машинамды соғып жүрмін
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге