“Қираған көпірге әкімнің атын береміз”

    “Қираған көпірге әкімнің атын береміз”

    Сазды су қоймасының маңындағы саяжай тұрғындары бірауыздан осындай шешімге келіп отыр. Ақтөбелік құтқарушылар еріген қар суының ағынын тоқтату үшін көпірді бұзған. Енді соның кесірінен қала іргесіндегі ауылмен арадағы көлік қатынасы үзіліп қалған. Осы көпірді ретке келтірсе, қала әкімінің атын беруге дайынбыз дейді тұрғындар.

    Аты саяжай болғанымен, осы жерде үй салып, жыл он екі ай тұратын тұрғындар мұндай жағдайдың жылда қайталанатынын айтады. Тұрғындардың айтуынша, дәл осы Сазды саяжайының жанына қыс бойы қаладан шығарылған қар үйіледі екен. Яғни, полигондағы қар еріп, көктем келгенде айналаны су басып кетеді дейді тұрғындар. Тұрғындар мұндай жағдайдың жыл сайын қайталанатынына ашынады. Өйткені өзен арнасын кеңейтіп, қыста қар жинайтын полигонды алысқа көшіру қажет екен. Қыс бойы қаладан шыққан қарды коммуналдық қызметтегілер осы елді мекен іргесіне үйіп келген. Енді ол еріп, ауылды алып кетіпті.
    Дінямалы Әлиев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
    - Әкімдіккке айтқаныма төрт жылдан асты. Жыл сайын қарды әкеліп осында үйе береді. Коммуналдық мекеме көліктері алысқа апарып төгуге жанармайларын аяйды. Соның кесірінен жыл сайын бізді су басады. Былтыр да осы көпірді су арнасын бұру үшін бұзып, артынан шенеуніктер ұмытып кетті. Ол кезде де өздеріміз ақша жинап, тас төсеген болатынбыз,- дейді.
    Ал қала әкімі Ілияс Испанов тасқынға қыста төгілген қардың қатысы жоқ дейді.
    - Қыс бойы қарды Сазды су қоймасының қасына жинадық. Ол көктем кезінде еріп, су қоймасына ағып кетті. 31 наурызда қар қалың түсті. Сол қар еріп, қазіргідей жағдай болып жатыр,- деді қала басшысы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауласының қарын тазаламайтын ақтөбеліктер 40 мың теңге айыппұл төлейді
  • Әлеуметтік желі арқылы тұрғындар әкімге шықты
  • Ақтөбеде көктемгі су тасқынына дайындық басталды
  • Ақтөбеде биыл қар ерте түсті
  • Саяжайдағы үйлер суға кетіп жатыр
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге