Ақтөбеде теріс ағым өкілдері қыз зорлаған

    Ақтөбеде дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері екі бойжеткен қызды зорлап кеткен. Мұнымен қоймай, бағалы заттарын иемденіп, өлтірмек болып қорқытқан. Бұл жөнінде облыстық ІІД басқарма бастығы Бауыржан Атабаев айтты.

    Оқиға 11 сәуір күні Әбілқайыр хан даңғылындағы үйлердің бірінде болған. Белгісіз екі адам жалдамалы пәтерге басып кіріп, қарақшылық шабуыл жасаған. Бойжеткен қыздардың құны 300 мың теңгелік бағалы заттарын иемденіп, өлтіреміз деп қорқытқан. Мұнымен қоймай, 20 және 26 жастағы жәбірленушілерді зорлап кеткен.
    - Қылмыскерлер келесі күні қолға түсіп, қамауға алынды. Ұсталғандардың бірі 37, екіншісі 35 жаста. Ақтөбе қаласының тұрғындары. Екеуі де бұрын есірткі қолданып, қылмыстық іс-әрекетпен айналысқаны үшін сотталған. Отбасылы, бірақ еш жерде жұмыс істемейді. Дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері ретінде есепте тұрған. Қазір осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар қару қолданып, қарақшылықпен айналысқаны және зорлық жасағандары үшін айыпталуда. Жасаған қылмыстары үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін,-дейді Бауыржан Атабаев.
    Айта кетелік, жыл басынан бері, дәстүрлі емес діни ағымның 19 өкілі ұсталған. Олардың 25 рет қылмыс жасағаны анықталды. Дін атын жамылғандар ұрлық жасап, адам тонаған. Сондай-ақ әйел зорлап, бейбіт тұрғындарға заңсыз қару қолданғаны үшін жауапқа тартылған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Теріс ағымда жүрген темірліктер кәсіпкерлікпен айналыса бастады
  • Ақтөбеде діни экстремистік ағымның өкілі ұсталды
  • Мешітке түскен ұры адасқан ағым өкілі болып шықты
  • Ақтөбеде ер адам өз танысын “әйелін зорлаймын” деп әзілдегені үшін өлтірді
  • Радикалды ағымның 300 өкілі дәстүрлі исламға оралды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге