Студент, халің қалай?

    Студент, халің қалай?

    Қоғамның басым бөлігін жастар құрайды. Олар балалық кезеңнен өтіп, ересек буын өкілдерін жалғап тұрған ел болашағы. Көбі – студент жастар. Студенттердің оқудан басқа мұңы жоқ секілді, әрине. Бірақ, тұрақты жұмысы жоқ, әрі оқуы үшін де ақша төлейтін бұл жастар қалай күн көреді? Олар қалай тамақтанады? Қайдан киінеді? Қайда тұрады? “Керек.info” газетінің тілшісі осы сұраққа жауап іздеп көрді. Сонымен...

    “ӨЗ КҮНІМДІ ӨЗІМ КӨРЕМІН”
    Қазір ата-анасына алақан жайып, ауызын ашып отыратын жастар сирек. Бәрі де тырмысып, күндіз оқуын оқыса, кешкілік жеңіл-желпі жұмыстар жасауға бейім. Қалтасында дипломы жоқ жасты қай жер тұрақты жұмысқа ала қойсын? Әрине, жастардың жұмыс іздеп жағалап баратыны – қаладағы кафелер, мейрамханалар. Сабақтан бос уақытын даяшы болып өткізетін студенттерді сөзге тарттық:
    Гүлназ Маденова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті:
    - Мен жылдық оқу ақымды есепке алмағанда ай сайын жол ақыма 8-10 мың теңге жұмсаймын. Көбіне өз үйімнен, университетте сабақтан кейін қалу керек болған күндері ғана асханадан тамақтанамын. Ал жеке басыма қажетті заттар мен киімдер үшін айына 10-15 мың теңге көлемінде, кейде одан да көп қаражат жұмсауға тура келеді.Студент болсам да, ата-анама салмақ салмау үшін қосымша сенбі, жексенбі күндері қаладағы бір мейрамханада даяшы болып жұмыс жасаймын. Мейрамханадан алатын табысым өзіме жетеді,- дейді.
    Ал Ақтөбе медициналық колледжінің студенті Тілекші Есенова үшін өзінің алатын шәкіртақысы жетеді екен. Пәтер жалдап тұратындықтан, ата-анасы қосымша ақша жіберіп тұратынын айтты:
    - Ай сайын 16500 теңге шәкіртақы аламын. Ата – анам ауылда тұратын болғандықтан, қалада құрбыларыммен пәтер жалдап тұрамын. Пәтерақы – 10.000 теңге. Шәкіртақы пәтерге төлеуге және жолақыма ғана жететін болғандықтан, азық – түлікке, киімдерім үшін ата – анам ақша салып тұрады. “Керуен Сити” және “Мега Шығыс” сауда орталықтарынан киім аламын, оқу орынымыздың асханасынан тамақтанамын.

    “ДЕМАЛЫС ЖОҚ. КҮН КӨРУ КЕРЕК!”
    Оқуынан басқа уақытта қосымша тиын-тебен тауып жүрген студенттер осылай дейді. Аптаның алты күнінде жұмыс жасап, демалысын жұмыспен өткізетін Айым Шайхы бір айда 20-30 мың теңге жұмсайтынын айтады:
    - Бір айда шамамен 20-30 мың теңге жұмсаймын. Күнделікті жолақыма 5-6 мың теңге қажет. Ата-анам ауылда, өзім туыстарымның үйінде тұрамын. Демалыс күндері жұмыс жасап, өз қажеттіліктеріме жеткілікті қаражат алып тұрамын. Ал киімді басқа адамдар секілді “Астана”, “Баршылық” сауда орталықтарынан аламын,- дейді ол.

    “КИІМДІ ТІКТІРІП КИЕМІН”
    Қазіргі студенттер баяғының жастарындай емес. Талғаммен киініп, тамағына да мән беріп жүреді. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенті Әйгерім Алиева киетін киімін тіктіріп алатынын айтады. Басқа студенттер сияқты Әйгерім де бос уақытында жұмыс жасайды:
    - Мен киімді “Керуен Сити”, “Астана”, “Мега Шығыс” сауда орталықтарынан аламын және тіктіріп киемін. Сабаққа бару жолақыма айына 10 мың теңге жұмсаймын. Өз үйімнен тамақтанамын. Кейде достарыммен сыртта тамақтанатын кездерім де болады. Сабақтан бос уақытта фотограф болып жұмыс жасаймын. Табысым жолақыма, достарыммен кездесуге, керекті заттарымды алуға жеткілікті.

    “ДОНЕР ЖЕП ЖҮРЕ БЕРЕМІЗ”
    Мына қоғамда қыздарға қарағанда, ұлдарға жеңілдеу ме деп ойлауыңыз мүмкін. Әсте олай емес. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Досбол Яхия көбіне сырттан тамақтанып жүретінін айтады:
    - Ай сайын жиырма мың теңге шәкіртақы аламын. Қосымша есеп шығаруға көмектесу, түсіндіру секілді жұмыспен айналысамын. Осы табысым жетеді. Киімді кейде Орталық базардан, көбіне “КеруенСити” сауда орталығынан аламын. Ер бала болғаннан кейін, көбіне сырттан ауқаттанып, донер жеп жүре береміз,- дейді студент.
    Оқу орындарынан грант иеленген студенттер шәкіртақыларын жаратса, ақылы бөлімде оқитын студенттердің дені оқу ақысын төлейтін ата-ана қамын ойлап, өз қажеттіліктері үшін қызметке орналасып үлгерген. Қазіргі таңда автобустардағы студенттерге көрсетілетін жолақы жеңілдігі алынып тасталды. Жолақы, киім секілді қажеттіліктері үшін қаражат табатын студенттердің оқуға деген құлшынысы, білікті де білімді маман болуына кім кепіл?! Студенттердің өздерін сөйлетсеңіз, оқу гранттары мен жатақханалардың көбейгенін қалайды.

    “ӨЗГЕ ЕМЕС, ӨЗІМ АЙТАМ...”
    Сонымен, қазіргі студенттердің оқуымен бірге жұмыс жасайтынын да білдік. Тұрақты жұмыс жасамайтын студенттердің күн көрісі қалай деген сұрағымызға осылай жауап таптық. Есімдерін айтқысы келмейтін, жүзін көрсетуге жоқ жастарды түсінуге де болады. Олар “оқуымды ойдағыдай бітіріп алсам, ешкім кедергі болмаса” деген мақсат қойған. “Керек.info” газетінің тілшісіне есімін айтпай, өз жағдайын жайып салған жастар да кездесті. Олардың айтуынша, қазіргі жастарды баспана мәселесі қинап отыр екен.

    - Жатақхананың бір бөлмесінде 6-7 студент жатады. Өздеріңіз білесіз, жатақхананың қайбір ат шаптырымдай бөлмесі бар дейсіз? Көбіне әр факультетте оқитын студенттер бір бөлмеге орналасады. Оқу процесі, сабаққа дайындалу секілді қарапайым нәрселерге келгенде бұл жағдай біраз кедергі келтіреді. Дегенмен, осы қуықтай жатақхананың бөлмесі де бұйырмайтын студенттер қаншама? Болмашы бір себептерге бола жатақханасынан айрылғандарды көріп жүрміз. Сонда студенттер қайда тұрады? Әрине, пәтер жалдап, ілдәбайлап күн көреді. Бір пәтерге 4-5 адам жиналып, айлық құнын шығарады. Адам басына шаққанда 10-15 мың теңге тек пәтер жалдауға кетеді. Одан бөлек жүретін жолы, киетін киімі, ішетін тамағын есептеңіз. Олардың бәріне қаржыны қайдан табады? Әрине, бос уақыттарын өлтірмей, жұмыс жасайды. Кафелерде, мейрамханаларда даяшы, одан қалды бала күтуші, ыдыс-аяқ, көлік жуушы болып жүріп, сабағын ақсатып алады. Әрине, еңбекке ерте араласқан дұрыс қой, бірақ мұның бәрі білім сапасын төмендетіп жатыр,- дейді өзін Медет деп таныстырған студент.
    Бір қарағанда қолжетімді сияқты болып көрінгенмен, есептей келсек, бір студент түстенуі үшін 400-500 теңге жұмсайды екен. Ал бұндай қаржыны кез келген жастың қалтасы көтермесі анық. Сондықтан студенттер бір самса мен сүтсіз шайды қорек етуге мәжбүр болады. Асқазан ауруы, біріншіден, жүйелі құнарлы тамақтанбағандықтан, екіншіден, күйзеліс пен жүйкеге шектен тыс түскен салмақтың салдарынан пайда болады. Ал күні бойы бір бәлішті қорек етіп жүретін студенттер қауымының осы ауруға жиі шалдығатыны айтпаса да түсінікті. Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан асқазан ауруына, әсіресе, бірінші курстың студенттері жиі шалдығады екен. Себебі үйдегідей үш мезгіл тамақ жоқ, әрі алғашқы айларда оқуға, жаңа ортаға үйренісе алмай қиналады. Дәрігерлердің айтуы бойынша, уақытында тамақтанбау адамның есте сақтау қабілетін нашарлатады. Әсіресе таңертеңгілік тамақ ішу керек. Алайда студенттердің көпшілігі сабаққа үлгеруі үшін және кішкене болса да ұйықтай түсу үшін таңғы асты тәрк етіп кететіні белгілі. Түске таман қарны шұрқырап отырып лекция тыңдаған студент сыртқа шыққан бойда дәрісті ұмытып қалады. Сондықтан тамақтану мәселесіне дұрыс көңіл бөлген абзал. Өйткені бүгінгі студент- ертеңгі маман.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жазда жұмыс істеген жастар жоғары жалақы алмақ
  • Не киіп жүрсің, студент?
  • Еңбекпен есейген студенттер
  • Медицина университетінің екі студенті қайтыс болды
  • Ақтөбедегі медицина университетінде тағы бір студент қайтыс болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге