Үйі суға кеткендерге жер беріледі

    Үйі суға кеткендерге жер беріледі

    Су тасқыны кесірінен Өрлеу ауылының тұрғындары үйсіз қалды. Тұрғындар уақытша 3-4 ай бойы ескі мектепте тұрады. Ал жазда оларға үй құрылысы үшін жер беріледі. Облыс әкімі билік өкілдеріне осындай тапсырма берді.

    22 сәуір күні өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қалаға іргелес орналасқан елдімекендерді аралады. Ондағы мақсат – су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жай-күйімен танысу, шығын мөлшерін анықтау және тығырықтан шығу жолын табу.
    Ақжарға қарасты Солнышко ауылында су деңгейі 170 сантиметрге дейін жеткен. Мұны дуалдың сыртындағы жолақ арқылы білуге болады. Қазір жер кепкен. Дегенмен үйге кіріп кеткен судың шығыны көп. Бұл ауылдағы үйлердің іргетасы биік, әрі үй силикат кірпіштен салынған. Ал Қурайлы ауылдық округіне қарасты Өрлеу ауылында тұрғындар мүлдем үйсіз қалды.
    Өрлеу ауылының тұрғыны Ауданбай Жолдыбай үй құрылысын 2010 жылы бастаған. Саманнан тұрғызылған үйдің құрылысы тек былтыр аяқталған. Биыл ішкі жөндеу жұмыстарын бастаймын деген жоспары іске аспай қалды. . Сырты пенопластпен қапталған үйдің қабырғалары жарылып, үйдің іргетасы жердің астына кіріп кеткен.
    - Мынау 2007 жылы салынған үйге ұқсамайды ғой, - деді Бердібек Сапарбаев ауылдағы екінші үйге кірген бойда.
    - Енді барамызды салдық. Жерге деген құжатымыз бар, - дейді үш баланың анасы Алтын Қалиева.
    Тұрғындар үйдің құжатын да әзірлеуге үлгермеген. Олар әкімнен үй салуға Өрлеу ауылынан жер бөліп беруін сұрайды. “Бізге сол да жарайды, өзіміз салып аламыз” дейді азға қанағат етіп отырған тұрғындар. Облыс әкімі тұрғындарды жинап алып, билік тарапынан көмек болатынын жеткізді.

    - Мына үйлердің бәрін бұзу керек. Себебі үйлер тұруға жарамайды. Барлығыңызға жер беріледі. Содан кейін құрылыс материалдармен көмектесеміз. Өздеріңіз салып аласыздар. Сіздерді уақытша мектепке орналастырады. Сол жерде үш ай, асып кетсе, төрт ай тұрасыздар. Сол уақыттың ішінде ағайын-туысқан, жора-жолдас болып, өз күшіңізбен үй саласыздар. Баяғыда қазақтар асарлап талай үй салған, арық қазған. Мына үйлердің құжаттары жоқ, заңдастырылмаған. Мәселе көп. Сондықтан күзде, қыста далада қалмас үшін мәселені қазір шешу керек, - деді Бердібек Сапарбаев тұрғындарға.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Зәулім үйдің иесі Сапарбаевтан көрпе-көпшік сұрады
  • Сапарбаев суға кеткендерге қалай көмектеседі?
  • Ауыл тұрғындары мәдениет үйі үшін уайымдайды
  • Ойылда 37 үй тұруға жарамсыз болып қалған
  • Өрлеуде жаңа мектеп ашылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге