Мұғалімдерін “құлдықта ұстаған” мектеп директоры жұмысынан босатылды

    Қарғалы ауданы Жосалы ауылының мектеп директоры жұмысынан кетті. Мектеп басшысының қызметінен кетуге ауыл тұрғындарының арызы себеп болған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова мәлімдеді.

    - Осы аптаның басында Жосалы ауылының тұрғындарынан облыс әкіміне ресми шағым хат келіп түсті. Осы шағым негізінде дереу комиссия құрылып, таңғы 8-де ауылға аттанып кетті. Бұл комиссияның құрамына облыстық білім басқармасының мамандары, әдістеме орталығының қызметкерлері, білім саласын бақылау департаментінің мамандары енді. Бұл комиссия күні бойы ауылда жұмыс жасады. Комиссияның жұмысы барысында, ауыл тұрғындары айтқан фактілер анықталды,- деді Сәуле Өмірбекова.

    Басқарма басшысының айтуынша, ауыл тұрғындарымен, мектеп құрамымен және ата-аналармен жеке өзі кездескен.
    - Мектептің коллективімен кездестім. Мектеп қызметкерлері директорға көңілдері толмайтынын жеткізді. Негізгі кикілжің наурыз айында басталған. Осы наурызда мектеп директоры төрт қызметкерді жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарған. Бұл төрт қызметкердің екеуі ауырып жатқан. Екі қызметкер өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазған. Өздерінің жұмыстан шығып жатқандары туралы комиссияға шағым түсірген олардың арыздары қаралды. Ауырып жатқанда жұмыстан шығып қалған екі қызметкердің қызметтен босатылу туралы бұйрықтары күшін жойды. Төртінші қызметкерге мектеп директоры жұмыс тауып беруге уәде етті. Бірақ, әлі уәдесін орындаған жоқ,- дейді Сәуле Өмірбекова.
    Жосалы мектебіне екі күн бойы 18 бала сабаққа бармаған. Қызметтерінен заңсыз шығып қалған мұғалімдеріне қолдау ретінде ауылдың тұрғындары балаларын мектепке жібермепті.
    - Мектеп директорымен сөзге келіп қалған мұғалім өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақыртқан. Осы оқиғадан кейін ата-аналар балаларын мектепке жібермеген. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бірінші ауысымда оқитын 37 оқушыдан 22 бала сабаққа қатынап жүр. Тоғыз бала жарысқа кеткен. Ал алты оқушы ауырып жатқандарына байланысты оқуда жоқ. Апта басында мектеп директорын бір айға қызметінен шеттету туралы шешім қабылдаған болатынбыз. Бірақ, бір күннен кейін мектеп басшысы өз еркімен жұмыстан шығу туралы арызын жазды,- дейді басқарма басшысы.
    Білім басқармасы басшысының айтуынша, қазір Жосалы ауылындағы мектеп директорының уақытша қызметін атқаруға Қарғалы аудандық әдістеме орталығының меңгерушісі келген.
    - Ол кикілжіңді толықтай шешу үшін құрылған комиссия жұмыс жасайтын аралықта ауыл мектебінің басшысы қызметін уақытша атқаратын болады,- деді Сәуле Өмірбекова.
    Облыстық білім басқармасы басшысының айтуынша, наурыз айынан бері мектептегі кикілжің туралы естіген. Мектеп директорына қатысты аудандық білім бөлімінің басшысы тиісті шара қолданып, сөгіс берген. Ал ауыл тұрғындары облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атына тек осы аптаның басында ғана шағым түсірген.
    - Наурыз айындағы келеңсіз мәселе туралы естідік. Аудандық бөлімі тиісті шара қолданып, мектеп директорына қатысты құжаттарды прокуратураға жолдаған. Себебі, адамның еңбек құқығын бұзғаны туралы шағымды прокуратура қарайды,- деді білім басқармасының басшысы.

    Сәуле Өмірбекованың айтуынша, ауыл тұрғындарының облыс әкіміне жолдаған шағымында мектеп директорының өз қызметкерлерін құлша жұмсағаны туралы айтылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мектеп директоры қызметкерлерін құлша жұмсағанын – олардан көмек сұрадым деп түсіндіріпті.

    - Облыс әкіміне жолдаған арыздарында ауыл тұрғындары мектеп директорына қатысты осындай мәліметтер келтірген. Комиссия жұмысы кезінде бұл фактілер анықталды. Мектеп директоры бұл жағдайды “қызметкерлерінен көмек сұрағанымен” түсіндірді,- дейді облыстық білім басқармасының басшысы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Байғанинде мектеп директоры орынбасарынан пара алған
  • Білім бөлімімен дауласқан мектеп директоры сотта жеңіліп қалды
  • Облыстық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
  • Әріптестеріне ерегескен ауыл тұрғыны үш баласын сабаққа жібермей қойды
  • Көктөбе ауылындағы мектеп өртеніп кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге