Асқар Ақтілеу: “Журналистер бір-бірін көре алмайды”

    Ол – “Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ” дейтін журналист, ол – өзіне бағытталған негативті журналист еңбегінің нәтижесі деп біледі және соған қуанады. Ол – Журналистер одағының мүшесі емес, бірақ бірнеше шетелдік, халықаралық ұйымдардың мүшесі. Ол – “Тілші” ақпараттық агенттігінің редакторы, 2016 жылдың “Үздік интернет журналисі” Асқар Ақтілеу.

    Асқар аға, сізді Ақтөбенің “көзі мен құлағы” деп айтуға болатын шығар. 24 сағат үзіліссіз жұмыс істейтін сияқтысыз. Айтыңызшы, демалатын уақытыңыз бола ма? Энергияны қайдан аласыз?
    Мына сөзден кейін ішіп кетуге болатын шығар?! (күліп). Қалжың, әрине. Жоқ, мен ондай емеспін. “Рика”-да жұмыс істеп жүргенде өзімше есептеп көрсем, күніне 3-ақ сағат жұмыс істейді екенмін. Қалғаны шай ішу, әңгімелесу, жол жүру. “Айқынның” меншікті тілшісі болып жүргенде де, күніне көп болса 1-2 сағат жұмыс істейсің, қалған уақытта басқа сайттарға материал саласың. Сізге жұмысбасты боп көрінетін шығармын. Қасымда жүрген достарым біледі ғой. Уақытым көп. Ең бірінші, Орта Азия университетінде оқығанда соның ішінде ассистент боп жүрдім. Бұл – ең алғашқы жұмысым. Сосын “Ақтөбе” радиосында бір жылдай жұмыс істедім. Нұрболат Сахиев екеуміз қазақша жаңалықтар бөлімінде болдық. Радиодан телеарнаға ауысып кеттім. Ойым газетке ауысу. Мамандығым – заңгер.

    Көп адам сізді журналистика мамандығын бітірген деп ойлайтын шығар. Журналистикаға түсуді ойлаған жоқсыз ба? Оқу бітіргеннен БАҚ-тың бел ортасында жүрсіз...
    Негізі журналист болғым келген. Ол кезде жаппай “гипноз” боп кетті ғой. Жастардың бәрі экономист, заңгер болуға ұмтылатын. Ата-анамның ойы – мені мұғалім қылу. Қандыағашта үйдің қасында №1 мектеп бар. Күнде үйдің қасынан папкі ұстаған жас жігіттер талтаңдап өтетін болу керек. Анам соларды көріп “ауырған” ғой. Оқу бітірген соң, екі-үш ай жұмыссыз жүрдім де, үйдегілерге айтпай радиоға жұмысқа тұрып алдым. Кейін біліп ренжіді. Ол кісілер үшін мұғалім ең беделді, мәртебелі мамандық қой. Ал, өзім мектепте мұғалімдермен алысып жүретінмін. Оқуды қызылмен бітірерде біраз мұғалім бағамды төмендетіп, кейбіреулері дұрыс баға қоймады. Жасырмай айтамын, мұғалімдер үнемі “жалбақтап, жағымпазданып жүрсең, жолың болады” деп айтатын. Мен олай істегім келмеді. Талай жарыстарға қатыстық. Көзімізді бақырайтып қойып, мұғалімдер талай әділетсіздіктер жасады. Мектепті сағыну деген жоқ менде. Оқу бітірген соң, бір-ақ рет бардым. Оның өзінде мектептің апатты жағдайда екенін естіп, газетке материал жаздым. Директор қатты ренжіді, телефонға смс жазып, өкпесін жеткізді. Есесіне бүгінде облыста жоқ мектеп Қандыағашта салынып жатыр. Одан бұрын Орта Азия университетінде оқып жүргенде оқу ақысы жоқ болып кетіп, адвокаттарды жағалап кеттім. Журналист Татьяна Токарьді шақырғанбыз. Журналистермен алғашқы танытығымыз сол кезде басталды. Сыртынан “мына жұмыс күшті екен” деп қызығып тұратынмын. Жалпы, БАҚ өкілдерін университетке шақырып жүргенімді ректорымыз білді. Дип-
    ломды өлгенде берілетін куәлік сияқты қып алдым ғой (күліп). Осы уақытқа дейін ешкім “журналистік дипломыңды көрсет” деп сұраған емес.

    Бір сөзіңізде “меншікті тілшілер жетім бала сияқты” деп айтыпсыз. Өзіңіз біраз басылымның Ақтөбедегі тілшісі болдыңыз. Неге олай айттыңыз?
    2010 жылы “Айқын” газетінің меншікті тілшісі боп жүрген кезімде басшымыз екі рет жұмыстан шығарып жіберді. Ойымда ешнәрсе жоқ. Алматыға семинарға барып жүргенімде сотқа арыз жазып кеттім. Жеті ай бойы оппозициялық газеттерді хабардар етіп отырдым. Өзіме жасалған қысастық туралы ашық айттым. Сол жылы бір ағай звондап, “сені қазақ газеттеріне енді жолатпаймыз” деген болатын. Көп уақыт өтпей Срайыл Смайыл ағамыз хабарласып, “Жас қазаққа” жұмысқа шақырды. Сол газетте біраз уақыт жұмыс істедім. “Қазақстан темір жолы” газетіне 10 жылдан бері штаттан тыс тілші ретінде материал жазып жүргенмін, кейіннен жұмысқа қабылдандым.

    Сонда не үшін сізді жұмыстан шығара берді?
    Өлген адамның артынан жаман сөз айтуға болмайды дейді. Ол кісі сол кезде Журналистер одағының төрағасы болатын. Біраз адамдарға тиісіп жүрді енді. “Біреуді мақтап жаз” дейді. Мен келіспеймін. Содан текетірес бас-талды. “Әділ сөз”, “Құқықтық” медиа орталық, “Түркітілдес журналистер қорының”, шетелдік, халықаралық ұйымдардың біразына мүше болғаныммен, Журналистер одағына мүшелікке кірген емеспін. “Кірмеймін” деп айттым. Төрағасы кім екенін, істеп жатқан жұмысын көрмеген соң, не үшін кіреміз?!

    “Тілші” ақпараттық агенттігі төл сайтыңыз ғой?
    “Тілшіні” алғашында қоғамдық қор ретінде ашқанмын. Журналис-терге құқықтық, басқалай көмек көрсету мақсатында. Бұрын көп журналистермен араластым. Қазір жағдай басқаша. Заман өзгерді ме, адамның ниеті өзгерді ме, білмеймін, көбінен аулақ жүруге тырысамын. Министрлікке “Тілшіні” ақпараттық сайт ретінде тіркеттіріп алдым. Өзім редактор, өзім журналист, өзім дизайнер, өзім “технарь”. Сайттың ешкімге зияны жоқ. Анда-санда жарнамалар түседі. Рейтінгісі жағынан да ұжым боп жабылып істеп жатқан сайттардан алда. Негізі көпшілікпен жұмыс істеу қиын. Оны жасырмай айта беремін. Жалғыз өзің істеген жұмыс тез жүреді. Жақсы тақырыптар болса, арасында тегін, ақысыз семинар-тренингтер өткізіп отырамын. Шыны керек, біздің БАҚ-тың 90%-ы үкіметтікі, сондықтан әділ сайлау, сөз бостандығы деген тақырыптарға басқаша қарайды. Белсенді емес. Ат салыспайды. Іске келгенде үндемей қалады. Ақтөбе облысындағы аудандық газеттер формальді түрде жеке меншікте болғанымен тұтастай мемлекеттің құзырында.

    Жақында Алғада интернеттегі қауіпсіздік тақырыбы жайында семинар өткізіп келдіңіз...
    Ол аудандық жастар ресурстық орталығының тапсырысы болатын. Топан су кезінде “Whats App” желісі арқылы тарап кеткен жалған ақпараттар, “көк кит” сияқты келеңсіздіктер туралы сөз болды. Халық бір-бірін сақтандыру үшін таратады, ал прокурорлар үшін жалған ақпарат таратып, халықты үрейлендіру – қылмыс. Тексерілмеген, күмәнді ақпаратпен бас салып бөлісе беруге болмайтынын айттық. Қазіргі таңда ақпараттық кеңістікті реттеу өте қиын. Билік “ұйықтап келіп”, енді ғана “оянып”, әлеуметтік желілерге тіркеліп жатыр. Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік кодекстерге өзгеріс енгізіп, интернетті қадағалауға кірісті. Бұның өзі көп нәрсені аңғартады. Ал, бірақ халықтың сауатты болуы биліктегілерге тиімсіз. Бұрынғы посткеңестік елдерде халықтың сауатты болуы тіпті пайдалы емес еді. Жалған ақпараттар көбейіп кетсе, қадағаламай келген биліктің өзі кінәлі, нағыз қызық өмір осы әлеуметтік желілерде. Жастардың бәрі сонда.

    Өзіңізді блогермін деп санайсыз ба? Әлеуметтік желіні белсенді қолданатын көп жастардың бірісіз...
    Білмеймін, өзімді блогер деп санамаймын. Мен білетін блогердің істеп жүрген кәсіптерін қарасаңшы?! Тапсырыспен жамандайды, тапсырыспен мақтайды. Ақшаға пікір қалдыру шығып жатыр. Қазақстандық блогерлердің деңгейін Ресей, Украинамен салыстыруға келмейді. Біздікілердің амбициясы мықты. Жұртты өзінен төмен санайды, мазақ қылып отырады. Өткенде қай блогер қанша ақша алатыны туралы ақпарат шықты. Ең азы 500 доллар алады екен. Осыдан кейін өзімді ешқашан блогермін деп санамайтын болдым. Мысалы, Әлішер Елікбаев – жақсы блогер. Саясатпен шаруасы жоқ. Аңсаған Мұстафа өзінің кәсібін жүргізіп отырған блогер. Ойлары тұрақсыз блогерлер көп. Енді олардың ішіне кіріп-шықпаймыз ғой.

    Осы уақытқа дейін көп қудаландыңыз ба? “Әділ сөз” шығарған “Қазақстандағы масс-медиа” жинақтарында сіздің есіміңізді көп көреміз...
    Осы уақытқа шейін Ақтөбені қанша әкім басқарса, соның әрқайсысынан естімеген сөзім жоқ. Партиясы бар, жаман шенділері бар, «Асқардың басы істемейді» деген сөз таратуға құмар. Жастармен араласып жүргенде олар да “сіз туралы осылай деді, араласпа деп айтты” деп келетін. Бірде әскери бөлімнің сынып жатқан дуалын көріп, суретке, бейнетаспаға түсіріп жүргенмін. Бір кезде дабыл қағылып, бәрімізді ішке алып кетті. Мен туралы бар ақпаратты біліп алған әскери прокуратура “бұл шпион, соттаймыз” деді. Сізге бір қызық айтайын: сонда біраз журналиске жағдайымды айтып, хабарлама жібердім. Бірде-бір журналист көмектеспеді. Журналистер бір-бірін көре алмайды. Менің бар “кінәм” ойымда не бар, соны ашық айта салатыным. Сол үшін талай басшыларға, әріптестеріме жақпай жүрген шығармын?! Досым жоқ демеймін, араласатын санаулы адамдарым бар.

    Сапарбаевты ерекше құрметтейтініңізді білеміз. Мүмкін біз білмейтін бір ерекше қасиеті бар шығар?
    Ойымда жүрген істерді жасап жатады. Ойын әдемі жеткізеді, орнымен сөйлейді. Керек заттарды айтады. Осыған дейін талай әкімдерді көрдім. Менен көп адамдар “Сапарбаевқа жабысып қалыпсың. Биліктің адамына айналып кеттің бе?” деп жиі сұрайды. Маған Сапарбаевтың ұйымдастыру қабілеті, сынды қабылдауы ұнайды. Сапарбаев Ақтөбеден кетсе, облыс әкімдігіне бас сұқпаймын да. Өткенде мен туралы “Асқар әкімді мақтап, айына 300 мың алады екен” деген сөз шықты. Ол сөзді шығарып жүрген екі аға буын журналистеріміз. Екеуіне де хабарласып, мән-жайды түсінуге тырыстым. Маған әкім 300 мың төлейтіндей мен кіммін сонша?! (күліп). Ал, негізі Сапарбаев туралы кез-келген ақпарат сайттардың “счетчигін” айналдыратыны жасырын емес. Сапарбаев облысқа келгелі көп шенеуік “жерге түсті”, журналистермен дұрыс сөйлесе бастады. Журналистер де қарап қалмай, өзі үшін құқықтарын біліп жүруі керек. Заңды білгеннен зиян жоқ. Кез-келген адамды орнына қоя алады.

    Әркез негатив есту кімге болсын оңай емес. Сізге осының бәрі не үшін керек? Шыныңызды айтыңызшы? Нені дәлелдегіңіз келеді?
    Мен қайта негативтерге қуанамын. Айта берсін. Себебі оған негатив деп қарамаймын. Керісінше процесс жүріп жатыр деген сөз. Бұрын былай болатын: кейбір қазақ газеттеріне материал жазамыз, ешқандай реакция жоқ. Ешкім дұрыс оқымайды. Редакторымыз кішкентай материал жазсам, бірде мақтайды, бірде “Асқар, мықты бол! Сені сотқа бергелі жатыр” деп айтатын. Мұның бәрі реакция ғой. Оқырман тарапынан да не мақтау, не даттау естіп жатамыз. Ал, журналист оны сезінуі керек. Шыны керек, көп журналистерді аяймын: жазып жатыр-жазып жатыр, материалына сырттан ешқандай реакция жоқ. Меніңше, әр журналист жазған материалын саралап көру керек сияқты. Неше материалына реакция болды, неше материалы құмға сіңді. Мұны “пайдалылық коэффициенті” деп атайды.

    Шетелдерді көп араладыңыз. Түрлі семинар-тренингтерге қатыстыңыз. Не ой түйдіңіз? Нендей жаңалық аштыңыз өзіңізге? Көзқарасыңыз өзгерген шығар...
    Ең алғаш ОБСЕ-нің конференциясына қатысу үшін Польшаға бардым. Адамның қорғалуы, құқықтық сауаттылығы туралы үлкен сөз болды. Мысалы, біз жергілікті, облыстық, мемлекеттік деңгейдегі соттарды ғана білеміз. Одан жоғары соттарға шағымдануға болатынын біле бермейміз. Сол жағын үйретті. Украинаға екі рет бардым. 20-25 жастағы қыз-жігіттері мықты сауатты. Түркияда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Ирландияда болдым. Былтыр Америкаға бардым. Адам құқықтары жөнінде семинар өтті. Мен көп жастардан “Америкаға барып келгендер Қазақстанды жек көріп кетеді” дегенді еститінмін. Америкадан келген соң 1-2 ай депрессия болдым. Не болып, не қойғанын түсінбей жүрдім. Достарым “жұлдыз боп кетіпті” деп ойлапты. Олардың жүйесі мүлдем басқа. Адамдары басқа. Бізге Кремльдің саясатымен “батыс жаман”, “батыс бұзылған” деп үйретіп келеді.
    Аға, журналистикадан тыс сұрақ: қашан үйленесіз? Жан-жақта жүгіріп жүріп, үйленуге қолыңыз тимей жатыр ма? Әлде талабыңыз күшті ме?
    Жақсы қыз табылып жатса үйленерміз (күліп).

    Әлемнің түрлі басылымдарын жинайтын хоббиіңіз бар деп естідік...
    Газет жинаумен әуестенемін. Қазір жүз шақты шетелден жиналған газеттерім бар. Өзім шетелге шықсам, ең бірінші сол елдің газеттерін сатып аламын. Біреу шетелге бара жатса, газеттер тапсырып жіберемін.
    Сұқбатыңызға рахмет! Жұмыста жемісті болыңыз!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шара Тұрмағанбетова: “Бас сатуды” үйрендім
  • Қонысбек Терекұлы: “Халықтың жақсылығын ешуақытта ұмытпаймын”
  • Журналистер өздерін қорғай білуі керек
  • Аршат Оразов: Танымал ақпараттық сайттардың жазатыны – өсек-аяң, масқара-сұмдық
  • Жаңалық АХАШ: Құдалыққа барудан қатты рахаттанамын
  • Пікір

    ^ Үстіге