“Мен қалай хиджап кидім?”

    “Мен қалай хиджап кидім?”

    Кеше ғана тұлымы желкілдеп мектеп бітірген түлек студент атанысымен неге орамал тағуға әуес? Қазір Ақтөбедегі оқу орындарында хиджап киген студенттерді жиі кездестіреміз. Хақ жолына түскендері дұрыс, әрине. Бірақ, асыл дінімізге әлем болып үркіп қарайтын уақытта бұл үрдіс неге дамып кетті? Киген киімі өзіне кедергі болмай ма? “Керек.info” газетінің тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрген болатын.

    “Ата-анам қарсы болды”
    Дамып кеткен бұл заманда керек ақпаратыңды интернеттен санаулы секундтар ішінде тауып үлгересің. Дін туралы ақпараттар да интернет бетінде, әлеуметтік желілерде де жетерлік. Ол ақпараттардың дұрыс-бұрысы анықталмағаны тағы бар. Осы турасында дін жолындағы жастардан діни сауатты қайдан алғандықтары туралы жауап алған едік. Ата-ана кішкентай бала дүниеге келісімен салт-дәстүр бойынша ырымын жасап, өсіреді. Балам жаман болмасын деп қолынан келгеннің бәрін жасап бағады. Жақсыны үйретіп, жаманнан жирентуге тырысады.

    19 жастағы Салтанат дін жолына достары мен туыстары арқылы келгенін айтады. Бойжеткеннің орамал тағуына алғашында ата-анасы қарсы болыпты.
    - Дінге келуіме алғаш нағашыларым, достарым себепкер болды. Ең алғаш 9-сыныпты бітірген соң намаз оқығым келді. Ол кезде ата-анам, туған туыстарым қарсы болды. Кейіннен 11 сынып бітірген соң, басқа қалаға оқуға түсуге шешім қабылдадым. Сол кезде анамнан рұқсат сұрадым. Анам басқа қалаға оқуға түсетін болғасын, намаз, дін – қыз балаға өзін ұстауға, жат көзден сақтануға кепіл болады ғой деп рұқсатын берді. Бірақ “орамал тақпайсың” деп шарт қойды. Отбасылық себептерге байланысты оқуды Ақтөбе қаласында жалғастыратын болдым. Уақыт өте келе орамал таға бастадым. Бастапқыда ата-анам қарсылық танытты. Діни жолды таңдағаннан кейін мені құптады. Ал діни білімге келер болсақ, “Нұр Ғасыр” мешітіне “Сауaт ашу” курсына барып жүрмін. Өзіме қажетті нәрселерді интернет арқылы youtube, вконтакте әлеуметтік желілерінен білемін. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының арнайы сайты бар және арнайы бекіткен ұстаздардың уағыздары шығып тұрады,- дейді бойжеткен.

    Мектеп бітірген жастар қалаға келіп студент атанады. Ауылдағы тыныштық, уақытылы тамақтану, жаяу жүру секілді үйреншікті дағдылары ұмытылып, студенттің өмірінде үлкен өзгерістер басталады. Керісінше, тынымсыз көліктер дауысы, жанталасқан халық, зырғып өткен түскі ас уақыты, бірнеше сағат бұрын жоспарланатын автобус жолы күнделікті өмірде көз үйренген дағдыға айнала бастайды. Әрине, мұндай өмірге бірден қалыптасып кету кез келген адамға оңай емес. Біреулері ауылдағы үйін, отбасын сағынса, ал біреулері “еркін өмірге” тап болғанына қуанады. Кәмелет жасқа толып, “бәрін өзі білетін” жастар бұл кезеңде түрлі ойға келіп, өз өмірлерін түбегейлі бір арнаға қарай өзгертіп жатады. Оңы мен солын танытар жақын жандар қасында жүрмегендіктен достың да “түр-түрі” кездеседі. Бірі шаш үлгісін өзгертсе, бірі стилін өзгертеді. Ал кейбірі Алла жолына бет бұрады.

    “Сыныптас қыздардан естіп...”
    21 жастағы Айнұр дін жолына мектеп жасынан қызыққанын айтады.
    - Діни сауатты ең алғаш рет әжемнен алдым. Кейін сыныптас қыздардан естіп жүрдім. Сыныпта дін туралы әңгіме айтатынбыз. Содан қызығушылық танытып, өзім іздене бастадым. Ішкі жан дүнием құлшылықты қалады. Мен өзімнің мойнымда Алла алдындағы парыздарымның бар екенін түсіндім. Мектеп оқушысы болғанымда ата-анам қарсылық білдірді. Ал 3-курс студенті болғанымда намаз оқуыма қарсы болмады. Білімімді толықтыру үшін “Нұр Ғасыр” мешітіне сабаққа барамын. Ол жерде арнайы әйел ұстаздар дәріс береді. Ненің дұрыс екенін, ненің бұрыс екенін түсіндіреді. Интернет беттерін ақтарғанша, мешіттен барып сұраған абзалырақ. Интернетте әртүрлі жазады. Сондықтан мешіттегі ұстаздардан сұраған дұрыс,- дейді ол.

    “Кітаптардан ғана қараймын”
    20 жастағы Меруерт 15 жасынан бастап намазға жығылғысы келіпті. Бірақ анасы қарсы болған көрінеді.
    - Қазақстан діни басқармасы ұсынған уағызшыларды, кітаптарды оқыдым. Ханафи мазхабын Матруди ақидасымен ұстанамын. Пайғамбарымыздың өзі “басшыларыңа бағын” деген. Басшымыз осы Ханафи масхабын ұсынып тұр. Намаз оқуды алғаш 15 жасымда бастағым келді. Бірақ 20 жасқа келгенше намаз оқығым келетінін анама іс-қимылыммен білдіріп жүрдім. Міне, 20 жасқа келгелі анам таңдауды өз еркіме берді. Хиджаб киюіме аздап сөйлегені болмаса, қарсы болмады. Ол бәрін түсінеді. Екіұдай сұрақтар туындаса “Дін мен Діл”, “Ислам ғылым Халы” кітаптарынан ғана қараймын. Кітаптың дұрыс бағытта екенін анықтау үшін алғашқы бетіне қараймын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсатымен бекітілген деген жазуы болады және таңбасы тұрады,- дейді студент қыз.

    “Тура жолды іздеумен болдым”
    22 жастағы Маралдың діни жолға түсуіне бірге оқыған сыныптас құрбысы себеп болған.
    - Дінге келуіме үлкен себеп болған, 11 жыл бойына бірге оқыған сыныптас құрбым болатын. Екеуміз үнемі бірге жүріп, бір-бірімізден сыр жасырмайтын болдық. Оның әкесі молда болғандықтан ол менен бұрын намазға жығылып, дін туралы маған түсіндіріп жүрді. Содан менің де қызығушылығым оянып, ойымда жүрген сұрақтарға жауап табу үшін діни уағыздар тыңдай бастадым.
    Басында кім-кімнің де басынан қиындықтар өтеді, себебі дін мәселесі кең ұғымды қамтиды, әрі оған жету жолында көптеген кедергілерге ұшырамай болмайды. Басында менің өмірге деген көзқарасымның жанымдағыларға қарағанда өзгеше екенін байқаған анам бірден қарсы болды. Мен айтпай-ақ, барлығын сезіп жүрді. Сонда да өз ойымнан ауытқымай дінге деген қызығушылығым артып, тура жолдың тізгінін іздеумен болдым.
    Алла Тағала: "Маған бір қадам жақындасаңдар, мен сендерге оң көзқарасыммен қараймын, ал егер маған қарай жүрсеңдер, мен сендерге жүгіремін" - дегендей, мен Алланың қалауымен дінге бет бұрып, оған бастар жолда қиындықтарына қарамастан, сабырлықпен қол жеткіздім. Алланың қалауымен діни сауатты "Нұр Ғасыр" мешітінде қыз-келіншектерге арналған сауат ашу курсына барып, Кенжегүл ұстаздың оқытуымен қалмай қатысып жүрдім. Ақыл-кеңесті де Кенжегүл ұстаздан сұрайтынмын, оның діни сауаты мен адамдарға деген көзқарасы мені қатты таң қалдырды. Сондықтан да "ұстазы жақсының ұстамы жақсы" демекші, дін жолындағы білімім жақсаруына бірден-бір үлес қосқан Кенжегүл ұстаздың көмегі орасан зор,- дейді Марал.

    “Намаз оқуды қалаға келген соң үйрене бастадым”
    21 жастағы Айдана діни сауатын тек қалаға келген соң ғана ашқан. Студент болып, қалаға келгелі намаз оқуды бастағанын айтқан қыз мектепте дінтану сабағын енгізгенін қалайтынын айтты.
    - Отбасымда кішкентай кезімнен жұма сайын жеті шелпек пісіру, Құран бағыштауды көріп өстім. Намаз оқу, дінге бет бұру туралы қалаға келіп, студент атанған соң ғана біле бастадым. Қалаға келген соң намаз оқуды бастаған достарым көп. Мен діни сауатымды ашу үшін мешітке барғым келді. “Үйге көз, суреттерді ілуге болмайды екен” деген достарымнан естіген пікірлеріме ата-анам үрке қарайды. Мешітке баруыма қарсылық білдірді. Бірақ діни сауатымды ашқым келеді. Ата-анамның да, өз тарапымнан да қорқыныш басым. Барлық ата-аналар қорықпай, еркін білім алуға жібере алатын орта – мектеп қой. Сондықтан, мектепте “Дінтану” курс ретінде ғана емес, негізгі пән ретінде жүріп, қоғамдағы болып жатқан оқиғалармен байланыстырыла отырып өткізілсе, ертерек санамызда діни сауаттылық пайда болар еді деген ұсыныс айтқым келеді,- дейді студент қыз. Жастайынан хиджап киіп, орамал таққан бойжеткендер қоғамда қателік жасап жүргендердің дені – сауатсыздықтан деп есептейді. Біреу тәуәкелге бел буып, парызын орындауға бет бұрса, біреуге парыз орындаудың орынды тәртібін анықтап алу қиынға соғып жүр дейді хиджап киген бойжеткендер.

    “Хиджаптан қорқуға болмайды”
    “Ақтөбе облысының дін істер басқармасы” Мемлекеттік мекемесінің “Аңсар” ақпараттық талдау орталығының теологы Мәди Орынбайұлы хиджаптан қорқуға болмайтынын айтады:
    - Хиджап, яғни орамал тағу шариғатта да, Ата заңымызда да тиым салынбаған дүние. Хиджап – адам шошитын нәрсе емес. Жас қыздар ауылдан қалаға оқуға келген соң, жан-жағындағы қоғаммен байланысқа түседі. Адамдармен араласады. Сол кезде намазхан студенттер тап болып, бір-бірін дін жолына насихаттап, тартады. Мешіттерге алып барады. Сауат ашу курстарына барып, бірге діни білімдерін жетілдіреді. Содан кейін қыз балалар орамал таға бастайды. Хиджап – ешқандай тиым салынған нәрсе емес. Орамал – тарихи дәлел. Мойындау керек, қоғамда хиджап киетіндерге үрке қарайтындар бар. Халықтың осы қорқынышын сейілту үшін елді жаппай ақпараттандыру қажет. Никаб деген бар. Ол тұтастай қара жамылу. Ол енді араб елдерінен келген үрдіс екенін мойындауымыз керек. Әр елдің өз салты, дәстүрі болады. Қазақта қара жамылу деген мүлдем басқа нәрсе. Ол қайғыны, қазаны білдіреді. Хиджап кигендерді жұмысқа алмау немесе қоғамнан шеттету дегенге келсек, адамдардың санасы жаңармай ештеңе болмайды. Адам жан-жақты білімді болу керек. Жұмыс берушілерге де осыны айтар едім. Хиджап киеді екен деп құнды маманнан айырылып қалуға болмайды. Кез келген дін – адамды жаман жолға бағыттамайды. Сондықтан, бәрі де білім мен адамға байланысты. Қазір жұма намазына мешітке барсаңыз, адам лық толы. Тіпті мешіттің сыртына шығып, намазға жығылып жатады. Олардың бәрін біреу “намазға жығыл” деп үгіттеп жатқан жоқ, өз көңіл қалауымен келеді. Жаңа толқын келе жатыр. Оларды түзу жолға бағыттауымыз қажет,- дейді теолог.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тегін діни білім алуға шетелден шақыру көп келеді
  • Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді
  • Төлеби ОСПАН: Салт-дәстүрді жоққа шығару – салафизм бағытына тән
  • Ақтөбеде радикалды ахуалдың жақсара бастағаны айтылды
  • Діни сауат ашу курстары басталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге