Соғыс ешкімді аямады...

    Соғыс ешкімді аямады...

    Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер күн санап азайып барады. Қазір тек тарихтан ғана оқитын оқиғалардың көзі тірі куәгерлерінен естелік тыңдау – кейінгі біздер үшін ертегі естігенмен бірдей екені рас. Ақтөбедегі санаулы соғыс ардагерлерінің бірі, Кеңес Одағының екі батыры Әлия Молдағұлова мен Нарсұтбай Есеболатовты көзімен көрген кісі, қос батырға туыс боп келетін 94 жастағы Алмат Берғазиннің естелігін ұсынамыз.

    1941 жылдың 22 маусым айы ғой. Мен ол кезде 18 жастамын. Талдысайдан Ақтөбеге әкемнің тапсырған шаруаларымен келгенмін. Шаруам бітті. Қолым бос. Қаланы аралай тұрайын деп, досым Феньканы тауып алдым. Ол атасын Мурманскіге шығарып салмақшы екен. Үшеуміз вокзал маңындағы бақта отырғанбыз. Кенет радиодан соғыс басталғандығы туралы суық хабар тарады. Аяқ астынан адамдар жиналып, митинг ұйымдастыра бастады. Бірінен соң бірі трибунаға шығып, сөйлеп жатты.

    МЕН қызыл әскер қатарына 1942 жылы шақырылдым. 19 жаста едім. Алдымен Оренбург қаласында танк училищесінде 3 ай оқып, шілде айында соғысқа аттанып, 1945 жылдың 9 мамырына дейін бәленбай майдандарда болдым. Қатысқан майдандардың ішіндегі ең күшті, ең қауіпті майдандар: атақты Сталинград, Ленинград, Оңтүстік, 4-Украина, 1- Прибалтика майдандарында болдым. Онда менің атқарған қызметтерім: танкіге қарсы қолданылатын қарудың көздеушісі, оны өте жақсы меңгеріп алдым. 45 мм-лік артиллерия зеңбірегінің, 120 мм-лік минометтің дәлдеушісі, барлаушы болдым. Бірте-бірте жоғарылай беріп, взвод командирінің көмекшісіне дейін көтеріліп, соғыс біткенше батарея старшинасы қызметін атқардым. Ұрыстың ең қиын жерлерінде жүріп, өзіме жүктелген міндеттерді абыроймен, жақсы атақпен атқардым.

    СОҒЫСТА төрт рет жараландым. Басымнан екі рет, кеудемнен екі рет және 2-3 рет контузия алдым. Қиындықтың бәрінен өттік қой. Әскери госпитальге екі рет жараланып түстім. Елге тіпті бармадым. 1942-1945 жылға дейін ұрыстың алдыңғы шебінде жүріп, қан майданға араластым. Қайта Құдай сақтап қалды. Мына жағымдағы тыртықты көрдің бе? Тісім болмағанда тілімнің күл-паршасы шығушы еді. Бұл бір рет. Екіншісі мына құлағымның тұсындағы тыртық. Кеудемнен екі рет соққы алдым. Қолым мынау.

    ЕРЛІКПЕН соғысқан жа-уынгерлер бар болды, көп болды. Мен солармен қатар жүрдім. 1947 жылға дейін әскер қатарында болдым. Әскери лауазымым аға сержант, старшина. Жойқын шығын болса да, жеңіске деген ұмтылысымыз мықты болды. Соғыс ешкімді аямады. Қақаған аязда, нөсерлі жаңбырда, аптап ыстықта да соғыстық. Ұзақ уақыт сусыз жүруге үйрендік. Окоп қаздық, бірнеше шақырым тоқтамай жүгіріп, ұрыс дабылдарын ажыратуды үйрендік. Қатты шаршап, енді демала бергенімізде дабыл қағылып, қайтадан соғысқа аттанған күндеріміз көп болды.

    ЕҢ алғашқы жасаған ерлігімді айтайын ба? Қатардағы жауынгермін ол кезде. Взвод командиріне 30 минутта хат апарып беруім керек болды. Жазық даланы кесіп өтіп келе жатқанымды “Шмидт мырза” байқап қалды. Немістердің жойғыш ұшқыштарын солай атайтынбыз. Ұшақ айналып жақын ұшып жүрді. Ашуымды келтіргені сонша, көздеп тұрып винтовкадан атып салдым. Оқ ұшаққа дәл тиді. От тұтанып, артынан жерге барып құлады. Кейін бұл дивизияның алғашқы құлатқан ұшағы екенін естідім. Үш танкіні қатар жандырған кезім болды. Бұл үлкен ерлік іс еді. 1-Прибалтика фронтында уақытша взвод командирі болған кезімде взвод немістердің оғының астында қалды. Басымды қатерге тігіп, жауынгерлерді, әскери көлікті аман алып қалдым. Бұл туралы кейін газеттерде жазды да. 196-шы атқыштар дивизиясы даңқты дивизиялардың бірі болды. Төрт рет жасақталды. “Қызыл ту” орденімен марапатталды. Қызыл тулы 196-шы Гатчинск атқыштар дивизиясы аталды. Ресейдің бірнеше қаласында, осы Ақтөбеде мұражайлар бар. Соль-Илецк қаласында дивизияның атында көше бар.

    ЖЕҢІСТІ Латвияда қарсы алдым. Немістер 1945 жылдың мамыр айының басынан бастап кері шегініп, жеңілгендерін мойындай бастады. Көптеп тұтқынға түсті. 9-ы күні таңертең бір жауынгер “Жеңіс!” деп қатты айқайлап жүгіргені есімде. Аспанға мылтық атып, есіміз кетті. Бір-бірімізді құшақтап жыладық, күлдік, қуандық, қайта жыладық.

    МЕДАЛЬ да, орден де бар. Ең негізгілері 1943 жылы Сталинград шайқасында “Жауынгерлік қызметі үшін” медалімен, 1944 жылы 4-ші Украин фронтында Севастопольді қорғап, сонда ерлік көрсеткенім үшін III дәрежелі Даңқ орденімен марапатталдым. Кейін Құрмет орденіне ие болдым. Соғыстан кейін шамамен 10 мыңға жуық оқушы алдымнан өтіпті. Мына “Оқу ісінің озат қызметкері” сол үшін берілді. Жеңістің әр жылында медальдар алдым. Бері келгенше жан-жақтан соғысқа бірге қатысқан достарымнан хат алып, үздіксіз кездесулер өткізіп тұрдық.

    СОҒЫСТАН КЕЙІН алғашқы кезде батарея старшинасы болдым. Қарамағымда қаншама адамдар болды. Жауынгерлер айтқанымды екі етпейтін. Айттым. Бітті. Заң. Тік тұрады. Қобданың Талдысай ауылының Талдысай орта мектебінде тарих пәнінен сабақ бердім. Арасында дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық пәндерін де оқыттым. Оқытқан оқушыларымның тізімі бар. Мен мұғалімдік қызметте 1942 жылдан 1982 жылға дейін еңбек еттім. Мектепте жүріп газетке бірнеше мақалалар жаздым. Естеліктерді қағазға түсіріп, фото-суреттер жинап, мынадай альбомдар жасадым. Екі кітапшам жарыққа шықты. Уоо-о-о-от...

    ӘЛИЯНЫ кішкентай күнінде көрдім. Ол Бұлақтан, біз Бесқопадан. Арасы 3-4 шақырым жер. Әлия менен екі жас кіші. Кеңес Одағының батыры Иманғали Белтабановпен бірге Қосөткелде бір ауылда ойнап-өстім. Екеуміз нағашылы-жиенбіз. Небәрі 20 жас өмір сүрді. Көрмеймісің?! Ерлікпен қаза тапты. Жас келді, есте сақтау қабілетім нашарлап кетті. Балалық шағымды, тіпті кейінгі соғыс күндерін ұмытуға айналдым. Көп нәрсе есіме түспей отыр...

    НАРСҰТБАЙ 1913 жылы туған, менің ағам. Біздің Бесқопаның жігіті еді. Әке-шешесі ерте өмірден өтіп, балалар үйінде тәрбиеленген жетім бала. Сол жақтан адам болып, ер жетіп, соғысқа аттанып, Кеңес одағының батыры атанған. Оның ерліктері ой-й-й-й енді...масқара (басын шайқап). Мәскеу түбіндегі Волоколамск тас жолы бойындағы қиян-кескі ұрыста жаудың 18 танкісін жоюға, ең қиын шабуылда жауды тоқтатуға барын салды. Сол шайқаста қаза тапты.

    ЖАРЫМ Ғазизамен 1951 жылы үйлендім. Бес баламыз бар. Ол кісімен 61 жыл бір шаңырақ астында тұрдым. 2012 жылы өмірден өтті. Бес немерем, 10 шөберем бар.

    КҮНДЕЛІК жазамын (күліп). Күнделікті ауа-райын, үйдегі тірлікті, келіп-кеткен кісілердің аты-жөндерін мынадай дәптерлерге жазып отырамын. Бұл дегенің тіршілік қой, қарағым. Тіршілік соған байланысты.
    Бақытты болыңдар! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Сен де соның ішіндесің (жымиып).

    БІЗДІҢ АНЫҚТАМА:
    Соғыстың соңғы жауынгерлерінің бірі. 40 жыл мектепте еңбек етіп, 10 мыңға жуық шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз, тарихшы. Сталингард шайқасына қатысқан 200 қобдалықтың есімін жаңғыртып, Мамай қорғанына қашалып жазылуына еңбегі сіңген. Ол – I және II дәрежелі Отан соғысы, III дәрежелі Даңқ ордені, Құрмет ордені мен көптеген медальдардың иегері. 1942-1945 жылдары бес майданға қатысып, Қызыл тулы 196-шы Гатчинск атқыштар дивизиясында нысанашысы болған, аға сержант, II Дүниежүзілік соғыстың ардагері. Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ауылдасы. Кеңес Одағының батыры Нарсұтбай Есеболатовтың інісі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеліктер Жеңістің 72 жылдығын тойлады
  • Ақтөбеде тұңғыш рет Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған халықаралық жарыс өтті
  • Ақтөбелік ардагерге 71 жылдан соң “Қызыл Жұлдыз” Ордені табысталды
  • Мәскеу қаласындағы №402 мектеп-гимназия ұжымы Әлия Молдағұлованы еске алды
  • Марал Қаржауов туралы естелік
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге