Ақтөбе облысында 825 әйел өзге ағымның жетегінде жүр

    Ақтөбеде теріс ағымды ұстанатындардың 35 пайызын әйелдер құрайды. Биыл облыстың екі тұрғыны Сирияға кетпек болған. Жат ағымның жетегінде кеткендер дәстүрлі дінге оралып жатыр. Алайда сең сөгілгенмен, қуануға әлі ертерек. Бұл жөнінде Ақтөбеде терроризмнің алдын алу жөнінде өткен көшпелі отырыс кезінде айтылды.

    Ақтөбеде Парламент мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды күшейту және осы саладағы заңнаманы жетілдіру шаралары жөнінде көшпелі
    отырысы өтті. Жиынға парламент мәжілісінің депутаттары, ҰҚК өкілдері, прокуратура, құқық қорғау органдарының басшылары, діни ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Сапарбаев: Облысқа әйелдер теологы қажет
    Ақтөбеде маусым айындағы терактіден кейін 64 адам ұсталған. Қазір облыста салафизм бағытын ұстанатындардың қатары азайып келеді. Жағдай толық бақылауда.
    -Былтыр деструктивті діни ағымды ұстанатындардың саны 2452 адамды құраған. Қазір 2255 адамға жетті. Ал жиһадшылардың саны 94-тен 39-ға азайды. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаменті арнайы база құрып, бәрін бақылауда ұстап отыр. Салафизм ағымын ұстанатындармен жеке-жеке жұмыс жүргізіліп жатыр,-деді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

    Облыста теріс ағымдағылармен түсінік жұмыстарын жүргізетін маман да тапшы. Пәтер мен жалақы мәселесі де шешілген. Соған қарамастан, өңірдегі 5 мешітте имам жоқ. Қазір ақтөбелік студенттер өзге облыстарда діни білім алып жатыр. Болашақта олар имам ретінде жұмысқа қабылданбақ. Бердібек Сапарбаев бұл мәселені түбегейлі шешу үшін жергілікті оқу орындарында маман даярлау керектігін айтты. Ақтөбеде 4 қару-жарақ дүкені бар. Былтырғы оқиғадан кейін оларға бейнебақылау орнатылып, қауіпсіздік талаптары күшейтілген. Үш дүкенге арнайы дабыл түймесі қондырылған. Жүйе Ішкі істер департаменті мен халыққа қызмет көрсету орталығына қосылған. Шұғыл жағдай туындаған кезде жан-жаққа хабар беріледі. Арнайы құрама жасақ құрылып, жеңіл автокөліктер де сатып алынған. Бұл үшін облыс бюджетінен 3,5 млн теңге бөлініпті. Жиында Бердібек Сапарбаев салафизм идеясын ұстанатын отбасыларда 2500 балаға ата-анасы екпе салдырудан бас тартқанын айтты. Сондай-ақ ол теріс ағымда жүргендердің 35 па-йызы (825 әйел ) әйелдер екендігін, сондықтан облысқа әйелдер теологы қажеттігін айтты. Аймақ басшысы Парламент мәжілісіндегі депутаттарға салафизмге және бетті бүркемелейтін киімдер киюге тыйым салуды ұсынды. Оның сөзінше, радикалдарды пәтерін жалға берушілер, ұялы телефон мен мұнай сатушылар секілді заңсыз кәсіпкерлікпен айналысушылар қаржыландырады. Сондықтан бақылау күшейіп, заң тұрғысында оларға шектеу қою қажет. Облыс әкімінің айтуынша, қазір салық департаменті оларды қаржыландыру көзін тексеріп жатыр.

    Екі адам Сирияға кетпек болған
    Биыл 200-ден астам адам дәстүрлі дінге қайта оралған. Халықаралық “ДАИШ” террористік ұйымының тыйым салынған материалдарын таратқан 4 топтың әрекеті әшкереленген. Облыстың 2 тұрғыны Сирияға кетпек болыпты. 22 радикал діни экстремистік және террористік қылмысы үшін сотталып, тағы 9 адамның ісі қаралып жатыр. Ақтөбеде былтырғы жағдай қайталанбас үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Ай сайын рейд жүргізіліп, өзге ағымда жүргендер қатаң тексеруден өтеді.Алайда қуануға әлі ертерек. Мұны Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков те мойындап отыр.

    -Облыста террорлық қауіптің алдын алу үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Алайда облыс-та діни ахуал түбегейлі жақсарды деу қиын. Ақтөбе өңірі өзге діни ағымды ұстанушылардың саны жағынан көш бастап тұр,-дейді ол.

    500 оқушы радикалды көзқарастағы отбасыда тәрбиеленіп жатыр
    Билік өкілдері теріс ағымның интернет арқылы кеңінен таралып жатқандығына алаңдаулы. Сарапшылар кәмелетке толмағандардың 80 пайызы әлеуметтік желінің ықпалымен жат ағымның жетегінде кететіндігін айтады. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың сөзінше, кәмелетке толмағандарды жат ағымға тарту белең алып барады. Тексеру кезінде елімізде ашылған діни орталықтарда балаларға экстремистер сабақ бергендігі анықталды. Мәселен, осындай заңсыз ашылған орталыққа Жамбыл облысында “Таблиғи Жамағат” ұйымының мүшелері ғимарат берген. Білім және ғылым министрлігінің вице министрі Эльмира Суханбердиеваның мәліметінше, Ақтөбе облысында 516 бала радикалды көзқарастағы отбасыда тәрбиеленіп жатыр. Яғни, бұл Атырау облысынан кейінгі көрсеткіш. (319 бала) Олар білім басқармасының есебінде тұр. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде олардың саны қазір 10 пайызға азайды. Таяуда терроризм мен экстремизмнің алдын алу үшін 9-сынып оқушыларына арналған “Дінтану негіздері” оқулығы қайта басып шығарылмақ.

    Бас Прокуратура: Терроризмнің алдын алу жұмыстары немқұрайлы жүргізіледі
    Елімізде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуында да кемшілік көп. Бұл мәселеде немқұрайлылық басым.
    - Біз экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мемлекеттік бағдарламасының орындалу сапасын тексердік. Бұл мақсатқа қомақты қаржы бөлінеді. Жергілікті бюджеттің өзінен ғана 53 миллиард теңге бөлінген. Бірақ кейбір өңірлерде мемлекеттік сатып алу қызметінің жетілмеуінен қаржы дұрыс жұмсалмайды. Ақша жымқыру басым. Мысалы, Қарағанды облысында 2015 жылдың соңында Сирияға кеткен отбасы туралы видеоролик түсіру, “Хақ жолы” деп аталатын спектакль дайындау және “Дінді сақта” деп аталатын шара өткізу туралы келісім жасалған. Бірақ, келісім бойынша қаржы аударылғанымен, тапсырыс орындалмаған. Мұндай фактілер Ақмола, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында да анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып жатыр,-деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.
    Оның сөзінше, теріс ағымның алдын алу жұмыстарымен дін туралы түсінігі жоқ мамандар айналысқан. Тіпті Павлодарда радикалды көзқарастағы адамдармен биолог жұмыс істеген. Еліміздің бас мүфтиі қазір маман тапшы болғандықтан, бұл жұмыспен имамдардың айналысып жатқандығын айтады. Алайда имам мен теологтың атқаратын міндеті екі түрлі.

    -Имам – басқа нәрсе, теолог – басқа нәрсе. Имамның міндеті – мешітте жұма намазын оқиды, біреу қайтыс болса жаназасын шығарады, бала дүниеге келсе азан шақырады. Имам уахабизммен жүрген адаммен сөйлесе алмайды, олармен теологтар сөйлеседі. Бізде маман жоқ. Сондықтан олардың орнына имамдарды тартамыз. Ақтөбеге он теолог келіп кетті. Олар кімдер деп ойлайсыздар? Имамдар. Әкімшілік келу қаражатын көтерді. Теолог деп айтамыз, бірақ әр мешіттің имамдары келді. Мысалы, абақтыда 96 имамымыз күнделікті жұмыс істеп жатыр. Имамдар күнде абақтыда экстремизм мен терроризм бабымен отырғандарға сабақ береді. Соның нәтижесінде 2016 жылы 196 адам дәстүрлі дінге қайтты, - деді Ерлан қажы Малғажыұлы. Оның айтуынша, экстремизммен күрестің дінге кесірі тимеуі тиіс.
    -Халықтың діни сауатын ашу керек. Ол адам діндар болып кетеді деп қорықпау керек. Дінге ешкім кедергі жасамаған. Дінді тоқтатамын деу мүмкін емес. Совет үкіметінің өзі жетпіс-ақ жыл тоқтатты. Экстремизм, терроризммен күресемін деп дінмен күресіп кетпеу керек. Дін деген халық. Жат ағымда жүрген жастар мешітке жұмасына бір рет келеді. Онда да мешіттегі имамдардың сөзін тыңдамау үшін құлақтарына құлаққап киіп келеді. Қалған уақытта әлеуметтік желіде отырады. Бұл – өте өзекті мәселе,- деді ол.

    Қазір 240 қазақстандық азамат шетелде соғысып жүр. Оларға Интерпол арқылы іздеу жарияланған. Соңғы 4 жылда шекара аспақ болған 500 адам кері қайтарылған. Ақтөбе былтырғы оқиғадан кейін басты пікірталас алаңына айналып отыр. Енді депутаттар мен шенділердің талқысына түскен бұл мәселе Үкіметтік деңгейде қаралып, заңға толықтырулар енгізілмек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Теріс ағымда жүрген темірліктер кәсіпкерлікпен айналыса бастады
  • Мұғалжарда 450 адам теріс ағымды ұстанады
  • Радикалды ағымның 300 өкілі дәстүрлі исламға оралды
  • Террористер мен олардың әйелдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
  • Дін істері комитеті: Жастардың 60 пайызы дін жолында
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге