“Автопарк” адам қанай ма?!

    “Автопарк” адам қанай ма?!

    Ақтөбелік Ақмарал Жусупова “Автопарк” серіктестігінде 18 жыл кондуктор болып қызмет еткен. Көп балалы ана. Ол қоғамдық көліктердегі жолақы тарифінің өсуіне қарсы. Ақмаралдың айтуынша, “Автопарк” өз адамдарын қанап отыр.

    - Мен №20 автобуста кондуктор болдым. Күнделікті жоспар деген нәрселері бар. Күнде 21 мың теңге жоспарлы ақша тапсыруымыз қажет. Оны санап, қабылдап алғаны үшін тағы да жүз теңге төлейміз. Санап алып отырған адам жалақы алады. Бір автобус емес, бір маршрутта жиырмаға жуық автобус бар. Сонда әрқайсысынан жүз теңгеден алғанда қанша ақша түсіретінін көз алдыңызға елестетіңіз. Жалақысынан бөлек, күнбе-күн жүргізушілердің үстінен осындай табыс тауып отыр. Күнде 60 литр жағармай қажет. Ол үшін бізден 10 мың 700 теңгені күн сайын тағы жинайды. Негізі 60 литр жағармай үшін 7879 теңге қажет. Неге бізден он мың теңге жинайды? Өйткені диспетчер мен механик ақшаны өзара бөліседі. Жөндеуге кетіп бара жатқанда автобус жүргізушісі өз қалтасынан 5 мың теңге ала кетеді. Не үшін десек, балон аламын, ескі балонды ағытып бергені үшін слесарьге 500 теңге беруім керек дейді. Сонда сырттан келген автобус емес, “Автопарктің” өзінің автобустары. Өздерін өздері осылай қанап отырса, сонда қалай көркейеді ол мекеме? Кондукторлардың үстінен қарайтын тағы бір кондуктор бар. Ол тіпті керек адам емес. Әр жүргізушінің өз кондукторы бар. Біздің қызмет штаттан тыс жұмыс. Бізге оклад жүрмейді. Сол себепті біз өзіміз үшін жұмысқа шығамыз,- деп күйінеді Ақмарал Жусупова.

    Ақтөбелік әйелдің айтуынша, егер жолақы 90 теңгеге өсетін болса, онда студенттер мен қарттарға жеңілдіктер қарастырылуы қажет.
    - “Жол жүруге рұқсат қағазымыз бар” деп бір топ адам тегін Автопарктің қасынан күнде түсіп қалады. Оларға жол жүру қағазын екі мың теңгеге сатады екен. Басқа адамдарға, әсіресе студенттер мен қарияларға, көпбалалы аналарға неге осылай жеңілдіктер жасамасқа? Ақша жоқ деп ауыздарын қу шөппен сүртіп, елді қанай бермек пе? Мысалы мен үш студент оқытып отырмын, әрқайсысына күн сайын 180 теңгеден беріп отыруға жағдайым көтермейді,- дейді ол.
    Ақмарал Жусупова осыншама жыл еңбек еткен мекемесінен басқа жерге жұмысқа ауысып жатқанын айтады. Оның сөзінше, “Автопаркте” жүріп адамша ақша алу мүмкін емес.
    - №20 автобуста жүрдім. Жасыратын ештеңесі жоқ, қолымызға түскеннің бәрін түрлі сылтаумен “Автопарктің” өзіне қайтарып отырдық. Мүгедек баласы бар, сол мекемеде біраз жыл еңбек етіп келе жатқан жүргізушіге 30 мың теңге көмек те көрсете алмады. Ақша жоқ емес, күнде құйылып жатыр. Бірақ, ол ақшалардың қайда кетіп жатқанын бір құдай білетін шығар? Өздерін өздері қанап отыр. Кондукторлардың үстінен қарайтын төрт нүктесі бар. Ол жерде отырғандар бізге “саған майлы жер тауып беремін, ақшасы көп, адам көп мінетін автобусқа отырғызамын, телефоныма мың теңге салып жібер” дейді. Оларға беретін мың теңгеме балаларыма бірдеңе сатып алғаным жақсы емес пе? Осылай деп айтып тастағаным үшін біздерді рейске шығармай қояды,- дейді Ақмарал Жусупова.

    Оның айтуынша, “Автопарктің” кондукторлардың үстінен қарайтын маманы “майлы жер” деп №15 маршрутты айтады екен.
    - №15 автобуста адам көп, ақша жақсы түседі. Кондукторларына күніне бес мың теңге береді. Сондай автобустарға отырғызамын, телефоныма ақша сал дейді бізге. Мынау деген қып-қызыл қанау ғой?! “Көп жылдан бері келе жатқан жүргізушілердің кондукторларын ысырып жіберем де, сені отырғызам, менің қолымда” дейді бізге. Айтқанын орындамасаң, өтірік сылтау іздейді. Менің қызым қыста кондуктор болып жұмысқа тұрды. Тым жақсы жасап жүрген жерінен, корпоративке келмедің деп рейске шығармай тастады. Сосын басқа жұмысқа кетуге мәжбүр болды,- дейді көп балалы ана.
    “Автопарктің” ішкі сырына әбден қаныққан Ақмарал Жусупова бұл мекеменің бұрыннан осындай былыққа батып жатқанын жеткізді.
    - Жұмыс жасап келе жатқаныма 18 жыл болды. Осы уақыт ішінде көрген күніміз осы. Бір күні “бәрің бірдей жакет алып киіңдер” деп тапсырма берді. Ол жакетті 3500 теңгеге өзіміз тіктіріп кидік. Қызметкерлеріне униформа тіктіре алмаса, несіне талап етеді? Жүргізушілерге жаным ашиды. Таңғы төрттен бастап жұмысқа шығады. Күнделікті жоспар 21 мың теңге. Өлсең де, тірілсең де соны тапсыруың керек. Бірақ, күнде
    21 мың теңгені шығара алмаймыз. Ал жоспарды орындамасаң, қағазына тіркеп алады. Жоспарды тапсыра алмаған күндерін айдың соңында шегеріп тастайды. Сонда жүргізушілер тек шығынға ғана батып жүр. “Автопарктің” осындай қысымы қашан тоқтайды? Сөйте тұра, жолақысын 90 теңгеге көтереміз, ақша жоқ деген сылтау айтады,- дейді Ақмарал Жусупова.
    Ақмарал Жусупованың жанар-жағармайды өзіміз аламыз дегеніне “Автопарк” ЖШС басқаша жауап берді.

    “Ешқандай видео таратқан жоқпыз”
    Әлеуметтік желіде “Автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тексеруге келген маман мен мекеме заңгері Руслан Жылқамановтың диалогы баяндалған. Видеоның соңында тексеруге келген қызметкер “әрі әкетші” деп заңгердің қолындағы камераны жұлып алады. Осыған байланысты “Автопарк” ЖШС заңгеріне хабарластық.

    - Ол видео қалай әлеуметтік желіге тарап кеткенін білмеймін. Біздің тарапымыздан ешкімге ештеңе таратқан жоқпыз. Екіншіден, бұл тексеріс туралы бізге ескертілмеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының және басқа бір мекеменің маманы келіп, автобустарымызды рейске шығармай қойды. Автобустарымызды ретке келтіріп тұрамыз. Күнде мыңдаған адам мініп-түседі. Орындықтарды жаңартып тұрамыз. Оған қаражат керек. Біз үнемі тарифті көтеру керектігін айтып келеміз. Жергілікті атқарушы орындар бізге назарын аударса дейміз. Әйтпесе, автобустардың жағдайлары мүлдем төмендеп кетеді. Күнде түсіп жатқан ақша жанар-жағармай алуға және жұмысшыларымыздың жалақысын беруге ғана жетеді. Автобус жөндеуге ақша жоқ. Жүргізушілердің “бензинді үйден әкелеміз” дегені бос әңгіме. Жұмысшыларымыздың униформаларын да өзіміз тіктірдік, оның бәрі қаржы,- дейді Руслан Жылқаманов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жолақы 80 теңге болуы мүмкін
  • Автобус жүргізушілері Бердібек Сапарбаевтан араша сұрады

  • Ақтөбеде автобус жүргізушілері наразылық білдірді
  • “Автопарктің” кондукторлары аштық жарияламақ
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге