Кеңес үкіметінің қырғыны

    Кеңес үкіметінің қырғыны

    Жыл сайын 31 мамырда ақтөбеліктер жазықсыз атылған қандастарын еске алып, Түйетөбеге жиналады. Қанша жыл өтсе де, сол кездегі қанды қырғынның толық бет-пердесі әлі ашыла қойған жоқ. Мәскеуде тұратын Асылбек Төлешов редакцияға өзінің атасы туралы естелігін жолдапты. Құжаттарды оқып отырып, жазықсыз қаны төгіліп, жат жерде сүйегі қалған арыстардың әлі күнге аруағы жай таппай жүргендей сезіндік...

    “Халық жауының” немересі
    - Менің атам Төлеш Көптілеуов 1983 жылы туған. Темір ауданының тумасы. Өте білімді, сауатты кісі болған. Сол кездегі Темір қаласының 2 кластық орыс-қырғыз училищесін тәмамдаған. Қазақша, латын тілінде және орысша өте сауатты жазатын адам болыпты. Атамның сауатты кісі болғандығы туралы өз қолымен жазылған құжат сақталған. Ол құжатта 1935 жылы 10 сәуірде “писарь болғаны, Каспий-Орск мұнай желісінің №2 автобазасында қызмет істегені”жазылған. Атамның ісіне байланысты құжаттарға сәйкес, ол 1937 жылдың 20 қазанында қамалған,- дейді Асылбек Төлешов.
    Мәскеудегі қазақ диаспорасының өкілі Асылбектің атасы 1937 жылы 4 қарашасында «контрреволюциялық агитация үшін» деп айыпталып, 10 жыл еңбекпен түзету колониясына жіберілген. Сол жақта Төмен-Амур түзету-еңбек лагерінің №2 лазаретінде дизентерия диагнозымен қайтыс болған.
    - Абақтыда жүріп отбасына жазған хаттары бар. Атам өзінің кінәсіз екендігін айтып 4 рет Мәскеуге, Жоғарғы прокурорға хат жазған. Осы төрт хаттың екіншісінде «босатылсын» деген бұйрық бар. Бірақ ол бұйрық орындалмаған. Түзету лагерінде жүріп, артында қалған отбасына “амандық хат” деп өлең жазған. Жат жерде бақилық болған атамның қайтыс болған және абақтыда отырған жерін көргім келеді. Өкінішке орай, қазір атам қайтыс болған Хурмули поселкесі мүлдем жоқ. Ол жақта ешкім өмір сүрмейді,- дейді Асылбек Төлешов.
    Асылбектің айтуынша, атасы “халық жауы” боп ұсталып кеткен соң, артында қалған отбасы мүшелері де үнемі қысымға ұшырап отырған.
    - Атамның інісі Қали Көптлеуов 1900 жылы туған. Жұрынның №15 ауылының тумасы. Үштіктің бұйрығымен 1937 жылы 25 қарашада қамалған. Және он жылға сотталған. Жазасын Унженский түзету лагерінде өтеп жүріп, сол жақта 1941 жылдың 13 желтоқсанында қайтыс болған. Оның қызы Звайда апай әкесін ұстап әкеткенде небәрі 14 жаста болған. 1997 жылы әкесінің абақтыдағы суретін алғаш рет көргенде, ұзақ жылап еді... Ал атамның үшінші бауырының тағдыры тіпті қиын. Сақи Көптлеуов жайлы мүлдем дерек жоқ. Оның білімі жоқ еді. Облыс орталығына апара жатқан жолда атып тастаған болу керек...,- дейді Асылбек Төлешов.
    Асылбек Төлешовтың айтуынша, “Халық жауының баласы” болу өзінің әкесіне де оңай тимепті.
    - Әкем мықты адал коммунист еді. Бірақ, “халық жауының баласы” деген атақ үнемі қыр соңынан қалмайтын,- дейді ол.

    “Кеңестік биліктің мойнында миллиондаған қазақтың қаны бар”
    Ақтөбелік тарихшы, ұстаз Айшуақ Дәрменұлы кеңес үкіметі талай қазақтың қанын мойнына жүктеді деп есептейді.
    - Репрессия кезінде Ақтөбеден қанша адам қуғынға ұшыраған, қаншасы атылған?
    - Әлемдік тәжірибеде соңғы қырық-елу жылдық тарих тарих ғылымының емес, турасын айтқанда, саясаттану ғылымының зерттеу объектісі болып саналады. Себебі, тарих ғылымы құжаттар және жан-жақты дәлелденген фактілерге сүйеніп зерттелуі керек. Келмеске кеткен кеңестік кезеңнің құжаттары көбесі сәл сөгілсе де, әлі де толық ашылған жоқ. “Құпия” және “өте құпия” айдарымен қорғалып, мұз болып сіресіп жатыр. “Репрессия’ - латынның repressio – басу, жазалау. Қазақ тіліндегі “қуғын-сүргін” оның дәл мағынасын бере алмайтын сияқты. Кеңес билігін нығайту үшін жасалған «қызыл террордан» бері қарай большевиктердің зұлымдықтары әлі күнге дейін түгелге жуық жабық есіктердің арғы жағында. Олардың ішінде 1921-1922 жылдардағы ашаршылық, күштеп ұжымдастыру, асыра сілтеуге қарсы халық көтерілістерін аяусыз қырып-жою, соғыс кезіндегі әскери тұтқындар тағдыры, депортацияға ұшыраған ұлттарға қатысты материалдар, 80-жылдарға дейінгі “өзгеше ойлайтындарға” қатысты құдіретті КГБ тарапынан жинақталған құжаттар, қысқасы толып жатырған деректер әлі де жабық. Менің ойымша, қантөгіс төңкеріспен билікке келген қызыл жалаулы кеңестік билік өзі өмір сүрген жетпіс жылдай уақыт ішінде үздіксіз репрессиямен айналысты десек қателесе қоймаспыз. Ал сталиндік зұлматтың шыңы болған отызыншы жылдардың соңында ғана әзірге қолда бар ресми деректер бойынша Ақтөбе облысынан сегіз мыңға жуық адам қудаланған. Оның ішінде екі мыңнан астам адам атылған. Бұл облыс аумағында жүзеге асқан жазалау ғана. Сібірге және Ресейдің өзге аймақтарына жер аударылған жандарды, сотсыз-тергеусіз далада атылған, ресми санаққа ілікпеген марқұмдарды қоса есептесек бұл деректер еселеп өсер еді.
    - Түйетөбе тарихы туралы айтып берсеңіз. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың Түйетөбеде атылғаны туралы алғаш рет кім ашты?
    - Түйетөбе – Ақтөбе жерінде “үлкен террор” үкімі жүзеге асырылған қанды нүктелердің бірі. Ондай нүктелер барлық аймақта болған. Мысалы, Батыс Қазақстанда Аңқаты, Алматы маңында Жаңалық ауылы маңы. Тарихшылар архив деректеріне сүйене отырып Жаңалық ауылы маңында екі жарым мың адам атылғанын дәлелдеді. Түйетөбеде 1990 жылы ауыл шаруашылық жұмысымен жүрген студенттер сай ішінен бірнеше бас сүйектер мен адам қаңқаларын тауып алған. Ол туралы милицияға хабар берілген. Сол төңіректі зерттеп қарағанда тағы да көп сүйектер шыққан. Барлығы да желке тұсынан наган оғымен тесілген. Архив деректері және көнекөз куәгерлердің көрсетуімен ол жер жендеттердің өкім орындаған орны екені анықталды. 1993 жылы 14 сәуірде “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” ҚР Заңы қабылданды. Оның жалғасы ретінде ҚР Президенті Жарлығымен 1997 жыл “Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және ұлттық тарих жылы” деп жарияланды. Сол 1997 жылы “31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні” ретінде ресми белгіленді. Сол уақыттан бастап Түйетөбеде жыл сайын ақтөбеліктер еске алу күнінде қаралы митинг өткізіп келеді. Тарихта көп деректердің ашылуына бір деталь қозғау салады. Мысалы, бес-алты жыл бұрын біреу архивте фашистер түсірген бір суретті көреді. Онда Брест қаласында тау болып үйілген өліктер қасында тұрған фашистер бейнеленген екен. Арғы жағында су мұнарасы бар. Ол мұнара әлі де тұрған көрінеді. Сол жерді барып қазғанда
    750 адам көмілген бауырластар зираты табылды.
    - "Халық жауының" балаларын екінші дүние жүзілік соғыста алғашқы шепке (мясорубка) жібергені туралы ақпарат бар. Ол қаншалықты рас?
    - “Халық жауының отбасы” деп ит қорлықты көрсеткені, ұрып-соққаны, оқудан шығарғаны туралы мыңдаған деректер кездеседі. Түрмеде және айдауда жүрген жерлерінен айып батальонына түскендер де көп болған. Соған қарап айтылған әңгіме болар. Қысым нәтижесінде намысқа шыдамай соғысқа өз еркімен сұранғандар да аз емес. Мысалы, Мәншүк Маметованың әкесі Ахмет Маметов көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі. “Ойыл уалаяты” құрылғанда алаш саясатын насихаттайтын газет шығарып, сол газеттің редакторы болған. Әкесі “халық жауы” атанып, өзі Алматыға кетуге мәжбүр болған Маншүк өз еркімен майданға аттанып ерлік көрсетті. Рақымжан Қошқарбаевқа батыр атағының берілмеуінің де бір себебі әкесінің “халық жауы” деп сотталуы болса керек. Рақымжан 3 жасында анасынан айрылған, 13 жасында әкесін соттап жіберген. Өзі интернатта өсіп, 1942 жылы майданға аттанған. Жерлесіміз Әлия Молдағұлованың да әке-шешесін кеңестік солақай саясат жалмады.
    Қорыта айтқанда, кеңестік биліктің мойнында миллиондаған қазақтың қаны бар, жазықсыз қудаланып тоз-тоз болған халықтың көз жасы бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Түйетөбе: тарихқа айналған тағдырлар
  • Ақтөбеде 21 мамырда митинг болған жоқ
  • Асылбек Төлешев: Мен үшін туған топырақтан қастерлі ештеңе жоқ
  • Барлаушының туыстары табылды!
  • Түйетөбеде қаралы митинг өтті
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге