Ырғызда киік қырылып жатыр

    Ырғызда  киік  қырылып жатыр
    Сурет www.fhc.kz сайтынан алынды

    Ырғыз ауданында 102 бөкеннің өлексесі табылды. Бұл туралы “Керек. info” тілшісіне Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

    Ақбөкендердің өлексесі 18 мамыр күні Ырғыз-Торғай мемлекеттік резерватына қарасты Сұңқарқия учаскесінен табылды. Киіктердің қырылғанын жергілікті полиция да растап отыр. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бөкендерді браконьерлер қырмаған. Мүйіздері орнында. Оқтың, пышақтың іздері жоқ.

    Осы оқиғаға орай Ырғыз ауданында арнайы комиссия құрылып, мәселенің мән жайы анықтала бастады. Қазіргі таңда түз жануарлары қырылып жатқан аумаққа облыс орталығынан 12 адам жіберілген. Оның ішінде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі республикалық комитетінің мамандары, ветеринарлар мен экологтар бар.

    “Охотзоопром” МҚК Ақтөбе облысындағы директорының орынбасары Сырым Қаласов та өлген киіктердің саны 19 мамыр күні 102 бас болғандығын айтты. Мамандардың болжамынша, ақбөкендер пастереллез ауруынан мерт болуы мүмкін.

    -Қазір киік төлдейтін кезең. Бұл кезде киіктер уақытта жұқпалы індетке төтеп бере алмай қырылып жатады. Әзірше бізге 102 бас киіктің қырылғандығы мәлім. Ырғызда өлген киіктердің саны бұдан да көп болуы мүмкін,- дейді Сырым Қаласов.

    Бет қатталып жатқанда “Керек. info” газетіне сенімді ақпарат көзі қырылған жануарлар санының 200-ге жеткенін хабарлады. Ақбөкендердің арасында биылғы лақтар да бар көрінеді. Киіктер қырылып жатқан аумаққа арнайы техника жіберілген. Ақтөбеден барған мамандар Сұңқарқияның ауасы, топырағы мен суынан сынама алып, зертханаға жіберді.

    Сұңқарқия учаскесі Ақтөбе қаласынан 600 шақырым жерде. Ырғыз-Торғай мемлекеттік резерватына қарасты аумақ. Сұңқарқиядағы жағдайға табиғат жанашырлары қатты алаңдап отыр. Өйткені, Рес-публикада киіктердің жаппай қырылу фактісі алғаш алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Жуырда Қостанай облысында 19 мың бас киік қырылып қалды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 48 тал киіз мүйізі тәркіленді
  • Аңшылардың мәйіті 16 күннен кейін табылды
  • Ырғыз өзені тасып жатыр
  • Ырғызда жол апатынан 4 адам зардап шекті
  • Ырғызда жол апатынан 5 адам зардап шекті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге