Ақтөбеден алты камаз қоқыс шықты

    Ақтөбеден  алты камаз қоқыс шықты

    Қоршаған ортаны қорғау күні аясында Ақтөбеде қаланы қоқыстардан тазарту акциясы өтті.

    Шараға облыстық экология департаментімен қатар, "Жасыл ел" жастар ұйымы да атсалыс-ты. Нәтижесінде жүз студент, сондай-ақ, департаменттің елу қызметкері қатысқан акцияда қала аймағынан алты камаз қоқыс шығарылды. Биыл олар Ақжар-2 және Кірпішті аудандарының ортасындағы орман алқабын тазалады. Экология департаменті мен "Жасыл ел" бұл шараны жыл сайын өткізбек. Қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты экология департаменті облыстық білім министрлігімен бірлесіп, байқау өткізді. "Табиғатты аялайық" жарысына балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Жарыс екі номинация бойынша өткен. Кей балалар табиғат туралы сурет салып жарысса, басқалары шығарма жазған. Нәтижесінде байқауға 119 бала қатысып, оның 88-і жүлдеге ілікті. Орын алған балаларға жеке кәсіпкерлердің көмегімен сыйлықтар табысталады.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тазалық шаралары ақтөбеліктердің өздері өмір сүріп жатқан жерлеріне деген жанашырлығын тудырады.
    - Экологиялық акциялар­ды, сенбіліктерді өткізу дәстүрге айналған. Олардың да өз алдына қойған мақсаты мен міндеттері болады. Мысалы, өзіміздің Ақтөбенің шегінде бірқатар тазалық шаралары жоспарланған. Мәселен, жағалауларды тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан тазарту, жастардың және қала тұрғындарының экологиялық ойлау танымын қалыптастыру, табиғатты аялауды насихаттау. Табиғатты аялау – адамзаттың бас-ты парызы. Табиғаттың тазалығы тек сенбіліктермен өлшенбесе керек. Әсіресе, әр адамның өзінің туған қаласы, оның көшелері мен саябақтарын ластамағаны дұрыс. Оларға ұқыпты қарау, таза ұстау әр адамның өзінен басталуы шарт. Осыны ешқашан ұмытпаған жөн,- дейді ұйымдастырушылар.

    Ақтөбеден  алты камаз қоқыс шықты

    Ақтөбеден  алты камаз қоқыс шықты

    Ақтөбеден  алты камаз қоқыс шықты

    Ақтөбеден  алты камаз қоқыс шықты

    Ақтөбеден  алты камаз қоқыс шықты

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбенің сасық иісіне кім кінәлі?
  • Ірі дүкендер қағаз қалталарды қолдана бастады
  • Қопа ауылына мұнай қалдықтары төгілген
  • Ақтөбеден 11 тонна қоқыс шығарылды
  • Ақтөбеде “Таза қала өзіңнен басталады” акциясы өтеді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге