EXPO-2017 – журналист көзімен...

    EXPO-2017 –  журналист көзімен...

    Ерінбегеннің бәрі әңгіме қылып жүрген EXPOда не көруге болады? Халықаралық көрмеге келген шетелдік павильондардың ішінде ең әдемісі қай елге тиесілі? Біздің ел жайлы шетелдік қонақтар қандай пікірде? Әлемге есігін айқара ашқан Қазақстан баламалы энергия көзін қайдан алмақшы? Бұл туралы арнайы репортажымыздан оқыңыз.

    «Келгенше қонақ ұялады»
    8 маусым күні бір топ ақтөбелік журналистер түнделетіп Астанаға ұштық. Мақсатымыз – бес жыл бойы жатсақ та, тұрсақ та еститін EXPO - 2017 халықаралық көрмесінің ашылуына қатысу. EXPO-2017 көрмесіне жүзге жуық ел, 17 халықаралық ұйым қатысып жатыр. Халықаралық ұйымдардың ішінде жетеуі Біріккен ұлттар ұйымына мүше. EXPOполис 170 гектар жерге орналасқан үлкен комплекс. Ат шаптырым жерді алып жатқан алып комплекстің 25 гектарына көрме павильондары орналасқан. Бұл павильондардарда негізінен шетелде бұрыннан қолданысқа ие технологиялар тұр. Көрмеге келушілерді табалдырықтан күліп қарсы алатын гид мамандар әр елдегі энергия үнемдеу мен баламалы энергия көздері туралы толығырақ үш тілде айтып жүр.
    Әрине, кез келген көрмені түрлі шоу, қызылды-жасылды концерттік бағдарлама деп ойлайтын халық үшін EXPO ұнай қоймауы мүмкін. Бірақ, халықаралық көрмені көзбен көрмей, бірдеңе деу қиын. Бір қарағанда бұл көрме тек қана ғалымдар мен энергетика саласының мамандарына арналған секілді көрінуі мүмкін. Дегенмен, сөмке арқалаған баладан еңкейген кәріге дейін өзіне қызықты мағлұмат ала алатыны рас. Бір күн ішінде көрменің барлық павильондарын аралап шығу мүмкін емес. Ол үшін кем дегенде бір апта көрмені асықпай аралау керек.

    Жақсылық пен жамандықтың айқасы
    Халықаралық көрменің ең басты нысаны және архитектуралық символы – сфера. Әлемде шар тәріздес ғимараттардың ішінде ең ірісі саналатын бұл нысан “Нұр әлем” деп аталады. EXPOдан кейін бұл нысан музей болады деген болжам бар. Алып дөңгелектің биіктігі 100 метр, диаметрі 80 метр. Бір қарағанда қарапайым дөңгелек секілді көрінгенімен, бұл сфера сегіз қабаттан тұрады. Сфераның бірінші қабатында ұлттық павильон қарсы алады. Арнайы сенсорлық қабырғада қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері бейнеленген. Салт дәстүрдің атауына алақаныңызды тигізсеңіз, қабырғадағы суретке “жан бітіп”, үш тілде сөйлей жөнеледі. Мысалы, “Алтын тостақ” композициясы. Аңыз бойынша шөл далада келе жатқан үш ағайынды жігіт қаталап өлеті жағдайға жетеді. Сол уақытта кіші ұл құдайға жалбарынып, су тілейді. Ағалары аман қалуы үшін тіпті өз жанын қиюға әзір екенін айтып, дұға еткен баланың тілегі орындалып, жер астынан алтын тостақ шығады. Бұл тостақтың бір құдыреті, ішіндегі мөлдір таза тұщы суы қанша ішсең де таусылмайды. Осылайша періште сәби тілек орындалып, үш ағайынды да аман-есен тірі қалыпты. Ежелгі аңыз татулықты, адалдықты дәріптейді.
    - Ұлттық павильондағы “алтын тостақ” композициясы да Қазақстандағы ұлттар татулығы мен отанға деген адалдықты паш етеді,- дейді гид Ақмарал Аймұрат.
    Ұлттық павильонды әрі қарай араласаңыз, алдыңыздан үлкен бәйтерек шығады. Ежелгі әпсана бойынша, бұл бәйтеректің төбесіне самұрық құс алтын жұмыртқасын салады екен. Бірақ, үнемі бір айдаһар келіп, самұрықтың алтын жұмыртқасын жеп кете береді.
    - Бұл композицияда жақындап кеп қалған айдаһарды көруге болады. Қабырға арқылы жорғалап келетін айдаһар мен самұрық құстың айқасын сенсорлық экраннан тамашалауға болады. Бұл – өмірдегі жақсылық пен жамандықтың мәңгі арпалысын білдіреді,- дейді гид Азамат.
    Ұлттық павильонның ең жоғарғы қабатында арнайы алаң орналасқан. Бұл алаңдағы арнайы құрылғылар арқылы тұтас EXPOполисті алақандағыдай көруге болады. Сфераның әр қабаты баламалы энергия көздеріне арналған. Мысалы, күн сәулесінен алынатын баламалы энергия үшін сфераның тұтас бір қабаты жабдықталған. Кейінгі қабаттар айдан алынатын баламалы энергия, жер мен су, жел секілді табиғи қуат көздеріне арналыпты.

    EXPO-2017 –  журналист көзімен...

    “Қазақтар қанағатшыл ма?”
    Ұлттық павильонды қоршай орналасқан нысандарда шетел делегациялары орналасқан. Алып EXPOполистің ішінде оңай адасып кетуге болады. Адым сайын алдыңнан кезігетін волонтер жастар жөн сілтеу білмейді. Өйткені, толық ақпараттандырылмаған. Қайда, қалай не істеп жүргендерін өздері де толық түсіне қоймаған секілді. Еріктілер тек дәретхана мен асхананың қай жерде екенін тап басып айта алады. Адасып жүріп, жапондардың павильонына тап болдық. Әлемге өздерінің өнертапқыштығымен танымал жапондар EXPO көрмесіне де түрлі қызықты дүниелерін қойыпты. Көрмеге келгендердің назары бірден жапондардың газ орнына таза ауыз су шығаратын автокөлігіне ауды.
    - Біз қозғалтқышы оттегі шығаратын көлік ойлап таптық. Өкінішке орай, қазір табиғи ресурстар өте аз. Әлем бойынша табиғи ресурстардың дағдарысы басталды. Улы газдың орнына бұл көлік таза су шығарады. Бір бөшке сумен 650 шақырым жерге дейін жол жүреді. Біздің көліктеріміз әлемді тазалыққа бастайды деп сенеміз,- дейді жапондар.
    Жапондардың ұғымында “матайнай” және “аригатай” деген терминдер бар. Қазақтың “шүкір” деген сөзі секілді бұл ұғымдарды да кез келген жапондық өзінің өмірлік кредосына айналдырған.
    - Қазақтардың “барына шүкір” дейтін тіркесі бар екен. Яғни қазақтар өте қанағатшыл халық екен ғой. Біздің жапондар да өте қарапайым, бірақ қанағатшыл емес. Яғни жапондар “барыңды еселе” дейді. Қолыңда бір теңгең болса, екі теңгеге өсір, бір көйлегің болса, “осы да жарайды” деп жүре бермей, тағы да көйлек алуға тырыс, ол үшін өзіңді аямай еңбек ет деген ұғым бар,- дейді жапондықтар.

    Көмірдің орнына шөп жақсаң...
    Баламалы энергия туралы көрші елдер Қырғызстан мен Украина павильондарында да қызықты ақпараттар айтылды. Мәселен, Украина көмірдің орнына шөп жағады екен.
    - Энергия дағдарысы туралы Украина да хабардар. Сол үшін қызылтал өсімдігін пайдаланады. Бұл өсімдік топырақты тоздырмайды, ал оны өртеген кезде түтіні ауаны ластамайды. Сондай-ақ бұл био-отынның өндірісі газ пайдаланғаннан екі есе арзан. Бір гектар жерден бұл био-отынның 12 тоннасын өндіріп алуға болады. Қызу сақтауы көмірден кем емес, тіпті асып түседі,- дейді Украина павильонының гиді Ақан Жүсіпов.
    Халықаралық көрмеде Монако қазақстандықтарға күн сәулесімен жүретін велосипед ұсынса, Таиланд ауылшаруашылық қалдықтарынан био отын жасап жатыр.

    EXPO-2017 –  журналист көзімен...

    “Димашты көрем де... кетем”
    EXPOға келген кез келген шетелдіктің қасына барып, “Димаш” десең бәрі жалт қарайды. Көбі Астанаға тек Димашты көру үшін келгендерін жасырмайды да. Димаштың концертіне бару үшін Азия мен Европаның түкпір-түкпірінен келген қонақтар билеттің соншалықты арзан екеніне таң қалды.
    - Димаштың концерті долларға шаққанда 10 доллардан басталады екен. Бұл баға, әрине, күлкілі. Бұл Димаш қой! Димашты көрсем болды. Сол күні кері ұшып кетем,- дейді Оңтүстік Кореядан келген Май Туй.
    Қазір Димаштың концертіне билеттердің жартысынан көбі сатылып кеткен.
    - Димаш десе біздің жанымыз қалмайды! Астанадан алыс емес, басқа қалада өмірге келіпті деп естідік. Туған жері, жаңылыспасам, “Акотобэ” деп аталатын болу керек. Күзге дейін ол жаққа да барып қайтамыз. Негізі, EXPOға тек қана Димаш үшін келгенбіз. Димаштың концертіне билет ала алмай қаламыз ба деп қатты уайымдадық. Бізге құдай қарасты, Димаштың концертіне билет алдық,- дейді Малайзиядан келген турист Сапфа Кируа.
    Қытай павильонының гиді Кай Тьен Димашты өте сұлу деп есептейді.
    - Әнді асқан шеберлікпен орындайтынына дау жоқ. Бірақ, ол өте сұлу, өте әдемі ғой! Қытайдағы конкурстан кейін оған қыздар ғана емес, жігіттер де ғашық болып қалды,- деп күледі Кай Тьен.
    Кай өз кумирінің концертіне бара алмайтынына қынжылды. Оның айтуынша, Қазақстандағы Димаштың концертінің бағалары өте арзан екен.
    - Қытайда Димашты көру үшін өте көп ақша жұмсауың керек. Ал Астанадағы концерттің билеті 10 доллардан басталады екен. Өкінішке орай, Димаштың концертіне бара алмаймын. Мен гидпін ғой. Сол күні кезекшілікте боламын,- дейді Кай Тьен.
    Димаштың дауысын естіп, жүзін көру үшін Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Филиппин, Жапония және Еуропа елдерінен туристер келіпті.
    - Димашқа сөз жоқ! Мадиярлар мен қазақтардың тегі бір дейді ғой. Сондықтан, Димашты да шамалы мадияр деп есептеймін,- дейді Венгриядан келген турист Николас Твист.

    “ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙ АЛМАЙСЫҢ”
    EXPO 2017 халықаралық көрмесіне Қытайдан келген делегацияның ішінде тек қана бес қазақ бар. Солардың бірі Синьцзян-Ұйғыр автономдық округынан келген Құралай Құрманжанқызы төрт тілде еркін сөйлейтінін айтады.
    - Қытайлық делегацияға ену үшін өте қатаң іріктеуден өттік. Мен қазақ, ағылшын, қытай және орыс тілінде сөйлеймін. Бұл Қытай үшін өте сирек жағдай. Өйткені, қытайлықтардың 99 пайызы өз тілінде, қытайша сөйлеседі. Бізге бала кезден Қазақстанда қазақша сөйлей алмайсың деп қорқытатын. Бірақ, Алматы мен Астанаға келдім. Қазақша сөйлеп жүрмін. Осыдан жүз жыл бұрын Франциядағы ЕКСПОда Әміре Қашаубаев өз дауысымен Европаны тебірентсе, міне, биыл Димашымыз 1,5 млрд адамды өзіне табындырды,- дейді Құралай.
    Құралайдың айтуынша, Қытай қазақтары бір-бірімен тек қана қазақша сөйлесіп, күнделікті дастархандарында тек қана қазақтың тағамдарын жейді екен.
    Айтпақшы, “Керек.info” газетінің тілшісі Димаштың туған қаласынан екенін айтқаны сол еді, туристердің бар назары бізге ауды. Димаштың кішкентай кезінде қандай болғаны, қайда оқығаны, ата-анасы туралы сұрақтардың астында қалдық.

    “Аркадагка – шухрат!”
    Түркменстан павильоны. Халықаралық көрмедегі ұлттық павильондарының ашылуына Түркменстан президенті Гурбангулы БЕРДЫМУХАМЕДОВтің өзі қатыспақ. Павильонға кіргелі тұрған адамның бәрін итпен тексеріп жатыр. Араға бес-он минут уақыт өткен соң, Түркменстан президентінің де төбесі көрінді. Павильонға жиналған адамның бәрі орнына атып тұрып, бір ауыздан “Аркадагка – шухрат!” деп ұрандай бастады.
    - Бұл не деген сөз?,- деп сұрадым қасымдағы түркіменнен.
    - Президент жасасын деген сөз,- деп жауап берді ол.
    Түркменстан президенті сөз сөйлеп, ұлттық павильондарын ашқан соң, қызылды-жасылды киінген әдемі қыздар халыққа бауырсақ таратты.
    - Қазақ та бауырсақ жасайды,- дедім қасымдағы түркіменге тағы да.
    - Бұл бауырсақ емес, пішме,- деді ол.

    Амантай қажы – аниматор?
    Түркімендердің ән мен күй төгілген павильондарының қасында “Нұрсұлтан! Нұрсұлтан! Қазақстан!” деп айқайлап жүрген Амантай қажы кездесті. Айналасына шетелдік туристерді жинап алған Амантай қажы қолындағы аса таяғымен адамдарға су шашып тұр екен. Жақындап, сөзге тарттық:
    - Қазақстан осы ұлы Рамазан айында осындай үлкен шара өтіп жатыр! Алла өзің жемқорлардан сақтай гөр! Мафия жойылсын!,- деп ұрандатқан Амантай қажыны шетелдіктер ЕКСПОның басты аниматоры деп ойлап қалыпты.
    - Freak! Cool! ,- деп бірі екіншісін қуана шақырып жатса, басқа туристер “Animator?” деп сұрап жатты.

    “ҚУАТ, МӨЛДІР, СӘУЛЕ”
    ЕКСПОға келген шетелдік туристер қазақстандық кәдесыйларға қатты қызығушылық танытады екен. Мысалы, ЕКСПО көрмесінің символдары “Қуат, Сәуле, Мөлдір” есімді қуыршақтар шетелдік қонақтардың сүйікті кәдесыйларына айналып үлгеріпті. Бұл кәдесыйлардың бағалары да арзан емес. Ұлттық кәдесыйлар дүкенінің сатушысы Дастан Самылтыровтың айтуынша, мұндағы заттарды көбіне ресейліктер, қытайлық және АҚШтан келген қонақтар сатып алады екен.
    - Қуат – энергия, күш, Сәуле – нұр, Мөлдір – тазалықты білдіреді. Біздің ЕКСПО да жасыл энергияға арналғандықтан, басты символдары осы үшеуі. Кәдесыйлар да осылар. Әрқайсысының бағасы 4500 теңге,- дейді сатушы.
    Дүкенде кәдесыйдан басқа, түрлі қалам, бас киімдер, орамалдар, сүлгі, суреттер, шұлық тіпті сыртқы жейдеге, көрпеге дейін бар. EXPOполис аумағында мұндай кәдесый дүкендері көп. Олардың барлығы шетелдік қонақтарға 500 – ден астам сувенир ұсынады.
    - Кәдесыйлар әр түрлі. Ішінде көрпелер, ойыншықтар, қуыршақтар, шұлық, панно, Лепсі балы, кеселер және тағы да басқа қонақтарға қызық боларлық дүниелер бар. Бағалары да әртүрлі. Ең төмен баға 400 теңге болса, ең жоғары баға 175 мың теңге,- дейді сатушы.
    EXPO көрмесінің басты символдары Қуат, Сәуле және Мөлдір алғашында халыққа ұнамай, дизайнерлерге символдарды қайта жасауға тура келген.

    “EXPOға қош келдіңіз!”
    EXPO аумағында волонтер болып жүрген студенттердің көптігін айттық. Ал шетелдік павильондардағы гидтердің басым бөлігі де қазақстандық студенттерден құралғанын әркім біле бермес. Үш тілде бірдей сөйлейтін студенттердің еңбегі қалай төленеді?
    - Сауд Арабия павильонында 64 қазақстандық студент гид болып жұмыс жасайды. Олардың барлығы мен сияқты студенттер. Жұмысқа қабылдаған кзеде қойылған басты талап - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін және тарихты білу болды,- дейді Ұлжан есімді студент. Оларға кезектесіп жұмыс жасағандары үшін сағатына 1000 теңгеден төленеді. Бір күнде 6 сағат жұмыс жасап, басқа гидпен кезекшілікке ауысады.
    Әр павильон өз гидіне әртүрлі жалақы төлейді. Мысалы, ұлттық павильонда 500-ге жуық студенттер жұмыс жасайды. Олар айына 110 мың теңге жалақы алады.
    - Айына 110 мың теңге жалақы аламыз. Кезекшілікпен жұмыс жасаймыз. Тегін әкеледі, ішетін тамағымыз тегін. 110 мың теңге студент үшін көп ақша,- дейді олар.

    ДӘРЕТХАНАДАҒЫ СЕЗІМ СЫРЫ
    Сәт сайын жүздеген адам келіп жатқан EXPOполистің ішінде дала дәретханалары бар. Көрме ашылған бірінші күні-ақ ол дәретханалардың есігі, қабырғалары түрлі “хаттар” мен “сәлемдемелермен” өрнектеліп шыға келді.Әрине, тентек болып жүрген шетелден келген турист шығар деп ойлай беруіңізге әбден болады. Бірақ, дәретхана есігіне “жүрек толы сезімін” қазақша жазатын шетелдік бар-ау дегенге сену қиындау сияқты.

    Күзет қандай деңгейде?
    EXPO аумағында 9 мыңнан астам адам қоғамдық тәртіп сақтауға жұмылдырылыпты. Олардың көбісі ағылшынша сөйлейді. Үлкен аумақты алып жатқан көрмеге кіретін төрт қақпаның алдында із кезкіш иттерімен кинолог мамандар күзетіп тұр. Кіру-шығу қақпаларында мұздай қаруланған күзет қызметкерлері және сенсорлы құрылғылар орналасқан. Көрме аумағында күдіктілерді анықтау үшін тәртіп сақшыларымен бірге басқа да мамандар жүр. Оларды профайлер деп атайды екен. Профайлердің жұмысы көрмеге келген адамдарды бақылау. Егер өзін-өзі ұстау, мимика, жест арқылы күдік тудырған адам болса, бірден тәртіп сақшыларына хабар береді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде EXPO-2017 халықаралық көрмесінің билеттері сатылуда
  • Димаштың даңқы өрледі
  • Басты символдың бағасы – 105 млрд теңге
  • Маман: Туризмді ауылды аралатудан бастау керек
  • Қазақстандағы жаңа үлгідегі жалғыз көлік көрмеге қойылды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге